- Учителю
- Разработка урока по казахскому языку на тему 'Компьютердің пайдасы мен зияны' (7-сынып)
Разработка урока по казахскому языку на тему 'Компьютердің пайдасы мен зияны' (7-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны »
Сабақтың түрі: дебат (пікір-талас)
Сабақтың мақсаты: оқушылар ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрену.;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жетік жетке алады.
Сабақтың әдісі: «пікір-талас»әдісі, сұрақ-жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру)
Ресурстар: топтарды ң аты жазылған плакат. тақырыпқа байланысты қосымша материалдар, презентация, видео материалдар.
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпта « Кім жылдам?» ойынын ойнау. (Берілген сұрақтарды оқып, тез жауап беру)
Мұғалім сөзі: Біз сендермен қандай тақырып бойынша сөйлестік. (Ғаламтор)
-Дұрыс айтасыңдар біз бүгін осы өтіп жатқат интернет модулі бойынша сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ол үшін бізге екі топ қажет. Сондықтан мына түстерді алыңдар.( Екі түсті смайлинк арқылы екі топқа бөлу «Жақтаушы мен даттаушы» )
-Бүгінгі сабағымыз пікір-талас ретінде өтеді. Сондықтан да «жақтаушы» деген жазуы бар оқушылар «Компьютер» тобына отырады. «даттаушы» деген сөзі бар оқушылар «Мұрагер» тобына отырады. Сендердің алдарыңда бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты қосымша ресурстар жатыр сол ресурстарды пайдалануларына болады.
Бүгінгі біздің сарапшыларымызбен таныса отырайық:
1.
Пікір - талас ережелері:
-
Өз ойларын баяндаған кезде бір-бірімен мәдени сөйлесу;
-
Сұрақтарға нақты жауап қайтару;
-
Сұрақтарға сыйластықпен жауап беру;
-
Бір-бірін ренжітпеу;
-
Қарсы топтың ойын кекетпеу;
-
Берілген уақыттан аспау;
Бүгінгі пікір-таластың шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Компьютер мен ғаламтордың пайда болуы жайлы. (1-жақтаушы, 1-даттаушы) 3-4 минут.
2. Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? (2-жақтаушы, 2- даттаушы) 3 минут.
3. Спикерлердің қорытынды сөзі (3-даттаушы, 3-жақтаушы ) 3 минут.
ІІ. Тақырыппен жұмыс
Құрметті ұстаздар 7 «А» сынып оқушылары арасындағы «Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны»атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Бұл пікірталаста «Компьютер» тобы жақтаушы және «Мұрагер» тобы даттаушы. Сендерге дайындыққа 5-минут уақыт беріледі. Мына қосымша материалдарды пайдалануларына болады.
1-ші топ спикері шығып, өзін және топ мүшелерімен таныстырады.
1. «Компьютер» тобының 1-ші спикері:_Белявский Александр
Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі .
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып, жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Бұл күнде Ғаламторды тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Тыңдағандарыңызға рахмет!
2-ші топтың 1-ші спикері шығып, өз тобымен таныстырады да өз ойын айтады.
1. «Мұрагер» тобының 1-ші спикері:__Козка Елена Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтордың пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер немесе ұялы телефон керек. Ал, әр күнін компьютер немесе телефон алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.
Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Тыңдағандарыңызға рахмет.
2«Компьютер» тобының 2-ші спикері _Вероника _. Сәлем бердім көрерменге.
Ғаламтор біздің досымыз. Себебі Ғаламтор арқылы көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады..
-
Интернет алысты жақындатады.
-
Интернет арқылы хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады.
-
Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға болады.
Қаржылық операциялар жасауға болады.
Интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Тыңдағандарыңызға рахмет!
2. «Мұрагер» тобының 2-ші спикері: _Салимов Ернармын.
Ғаламтор біздің жауымыз. Себебі, ғаламтор арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.
Ендігі бір мәселе - Ғаламторға тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды - таңға ұрып, ғаламторды қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткі құмарлық. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді... Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Ғаламтордың балаларға кері әсері көп. Мұны Жапонияның ғалымдары әлдеқашан дәлелдеген. Тыңдағандарыңызға рахмет!
3«Компьютер» тобының спикері Кабыльжапаров Чингиз
Сәлем бердім карсыластарыма,интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине , бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесінен сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Ұялы телефон арқылы немесе компьютер арқылы Интернетке кіріп, біз басқа қаладағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген баяндама, презентация солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор. Тыңдағандарыңызға рахмет.
-
3. «Мұрагер» тобының 3-ші спикері Суходольский Мирослав
Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сұрақ-жауаптармен алмасады
5.Қорытынды
Ашық пікір - сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
1.Әділ қазылардың қорытындылауы
2.Марапаттаулар
Сценка
Ученик сидит за компьютером, имитирует работу на нем.
Автор: Витя компьютердің алдында тағы үніліп отыр. Ол сүйікті ойынымен отырып, уақыттың қалай өткенін байқамады. Бір уақытта ол бір ақырын шыққан дыбыстарды естиді.
Как окаменевший сидит Витя опять перед компьютером. Во время своего любимого занятия он едва замечает, как пролетает время - час за часом, час за часом. И тут случилось кое-что. Вдруг он слышит слабые голоса, которые становятся все сильнее.
Саша- Сердце: Егер сен маған барлық жүкті артып қойсаң, мен күші қайдан аламын.? Откуда должно я брать силу, если ты висишь на мне грузом?
Кристиан- Легкие: Бізге таза ауа қажет. Нам нужен свежий воздух!
Милана - Мозг: Мен сенің ақпататтарыңнан шаршадым.
Я устал от твоей информации.
Данил - Витя: Бұл мүмкін емес. Сендерге не керек? Этого не может быть! Что вы хотите?
Саша -Сердце: Қозғалыс! Движения!
Андрей - Позвоночник: Спортпен шұғылдан! Занимайся спортом!
Данил- Витя: О жоқ! Тек спорт емес! Жүгіру, тер ол бұлшық етке ауыртпашылық тигізеді. Тек менімен емес! Ешқашан!
О, нет! Только не спорт! Бег, пот, всегда эта отвратительная боль в мышцах.
Только не со мной! Ни за что!
Андрей -Позвоночник: Бір орында көп отыру омыртқаның қисаюына әкеледі. менің бұлшық еттімді жақсы шынықтырған демеу болады.
Долгое сидение на одном месте искривляет спину. Крепкие хорошо тренированные мускулы поддерживают меня.
Милана - Мозг: Денешынықтыру сабағында немесе аулада жүгірген балалардан көбінесе жазым болады.
На уроках физкультуры или в уличном движении у менее подвижных детей чаще бывают несчастные случаи.
Саша- Сердце: Қимыл мені мықты қылады. Мен сенің артерияң арқылы қанды толықтырамын. Сенің барлық денене жұғымды заттар қан арқылы таралады.
Движение делает меня сильным. Я накачиваю кровь через твои артерии. Питательные вещества и кислород с кровью проникают во все части твоего тела.
Милана -Мозг: Мен де дұрыс жұмыс істеу үш ін таза кислородты қалаймын.
Я тоже нуждаюсь в свежем кислороде, чтобы я мог работать.
Данил - Витя: маған не болды? Меніңше, маған демалу керек сияқты. Таза ауада серуендеп келейін.
Что это со мной происходит? Кажется, мне пора отдохнуть. Пойду, погуляю.
Обсуждение проблемы: какой вред может нанести компьютер
-
Браузер деген не?
Браузер - веб -бетінің мәліметтерін компьютердің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін Интернет өор көздерін қарауға арналған бағдарлама
-
Интернет қандай мүмкіндіктерді ұсынады?
Интернет бойынша соңғы жаңалықтар туралы ақпарат, ауа райы туралы мәлімет алуға, электронды пошта арқылы хабарласуға болады.
-
Интернет желісіне қалай қосылуға болады?
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем қажет.
-
Модем дегеніміз не?
Бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
-
Интернет дүкені деген не?
Тауарды жарнамалайтын, сатып алуға тапсырмаларды қабылдайтын сайт.
-
Интернет дүкенінің әкімшісі нені ұйымдастырады?
Интернет дүкенінің әкімшісі тауардың жеткізілуін ұйымдастырады.
-
Интернет дүкенінде қалай есептесуге болады?
Интернет дүкенінде пластикалық карта арқылы, банк немесе пошта аудармалары көмегімен, электронды ақшамен есептесуге болады.
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет?
Интернет қайда пайда болды?
Интернет алғаш қандай мақсатпен құрылған? (әскери зерттеулер үшін)
Интернетті пайдаланушылар не іздейді?
Интернет дүкенінің қызметі қандай?
Интернет дүкенінде есептеудің ең ыңғайлы тәсілі қандай?
Электронды пошта қай жылдан бастап пайда болды?
Сұрақтар
-
Саша - Мирослав (АРПА жобасын к3м шы5арды (доктор Ликлидер)
-
Лена - Вероника ()
-
Вероника - Ернар _По вашему мнению как защищаться от вредакомпьютера (сіздердің ойыңызша компьютердің зиянынан қалай сақтану керек)
-
Ернар -Саша __Доказона ли что есть вред от компьютера (компьютердің денсаулық үшін зиян екені дәлелденді ме?)
-
Чингиз - Лена Какие упражнение надо делать для глаз? (көзге арналған қандай жаттығулар бар?)
-
Мирослав __________________________________________________________________