- Учителю
 - Урок - тема: 'Улттык тагам'
 
Урок - тема: 'Улттык тагам'
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашық сабақ
 
Тақырыбы: Ұлттық тағамдар
6 - сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Молдахмет Г.Н.
 
2015 жыл.
 
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: суреттер, сөздік, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, шар ішіндегі сұрақтар.
Сабақтың мақсаты:
-  
Білімділік: Бүгінгі тақырыпты жан-жақты етіп ашып, ұлттық тағамдарды жетік түсіндіру, сөздік қорын молайтып, ауыз екі сөйлеуге үйрету.
 -  
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тағамдарды оқып, олардың орыс тіліндегі баламасын тауып, қазақ тілінде анық сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілетін дамыту.
 -  
Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу.
 
 
Сабақ барысы:
-  
Ұйымдастыру кезеңі:
 
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Әнұран орындату.
б) Оқушыларды түгендеу.
 
-  
Үй тапсырмасын тексеру.
 
Жалпылама шолу жасау. Кемшіліктерін түзету.
 
-  
Оқушылардың білімін тексеру.
 
а) Етістіктің райлары неше түрге бөлінеді?
ә) Қандай түрлері бар? Ата.
б) Ұлттық тағамдарды сендер білесіңдер ме?
в) Қандай ұлттық сусындарды білесіңдер?
 
-  
Жаңа тақырыптың мақсатын қою.
 
Бүгінгі тақырыбымыз ұлттық тағамдар болғандықтан біздің мақсатымыз қазақтың ұлттық тағамдары жайлы мағлұмат алу, жаңа сөздерді пайдалана отырып қазақ тілінде ойымызды ашық, мәнерлі жеткізе білу.
-  
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 
Жаңа сөздермен таныстыру:
 
Ұлттық тағамдар - национальные блюда.
Сусындар - напитки Қымыз - кумыс
Шұбат - верблюжье молоко Бесбармақ - мяса по-казахски
Қазы - казы Жая - жая
Қуырдақ - жареное мяса Шұжық - шужык
Құрт - курт Ірімшік - творог, сыр
Қанат - крыло Қуат - сила
Ас - пища, еда Тоңазымайды - не остывает
Сіңімді - легко перевариваемый
 
1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіру.
Ат - адамның қанаты,
Ас - адамның қуаты.
 
2-тапсырма. Кесте бойынша сөйлемдер құрау.
 
-  
Ұлттық
Сусындар
тағамдар
Қымыз
айран
шұбат
қазы
қарта
жая
шұжық
бесбармақ
қуырдақ
 
 
3-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
-  
Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
 -  
...
 -  
Бүгін таңертең сен не жедің, не іштің?
 -  
...
 -  
Сенің сүйікті тамағың не?
 -  
...
 -  
Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма?
 -  
...
 -  
Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
 -  
...
 -  
Қандай ұлттық сусындарды білесің?
 -  
...
 -  
Оларды іштің бе?
 -  
...
 -  
Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің?
 -  
...
 -  
Ертең сен біздің үйге қонаққа кел. Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.
 -  
Рахмет. Әрине, барамын.
 
 
-  
Жаңа сабақты бекіту.
 
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Ұлттық тағам.
Қазақтың ұлттық тағамдары алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы - ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая дайындайды. Қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады.
 
Сөзжұмбақ шешу.
БЕСБАРМАҚ
-  
Майға қуырылып пісірілетін нан.
 -  
Бесбармақтың негізгі құрамы.
 -  
"... адамның арқауы".
 -  
Қуырдаққа қосылатын малдың бір мүшесі.
 -  
Жылқы етінен не айналдырады?
 -  
Ет тағамдарының бірі.
 -  
Бие сүтінен дайындалатын сусынды тап.
 -  
Сүтті ұйытып жасайтын сусын.
 -  
Қазының жанына қоса қойылатын тағам.
 
Б
Е
С
Б
А
Р
М
А
Қ
Жаңа сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрау. 
Мысалы: Ұлттық сусындар - қымыз, шұбат, айран.
-  
Қорытындылау.
 
а) Шар жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
ә) Кемшіліктерін түзету.
б) Оқушыларды бағалау.
 
-  
Үйге тапсырма беру.
 
5-тапсырма. 124 бет. Сөздікті жаттау.