7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

Сыныбы:8

Пәні:

Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

Сабақ мақсаты: а) Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, олардың түрі - толықтауыш туралы айту; негізгі белгілерін анықтау; түрлері туралы меңгерту, ажырата білу; құрамын анықтай алу; жаңа тақырыпт ы жаттығумен ұштастыру.

б) ата-анаңды сыйлауға, денсаулықтың қадірін білуге үйрету.

ә) Алған білімін жадына сақтай отырып, өмірде қолдана білу, өз білімін өзі көтере білуге икемдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тілдік талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:дидактикалық материалдар, сызба ,кестелер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

І.Ой қозғау:

1. Тұрлаусыз мүшелер деп- толықтауышты, пысықтауышты, анықтауышты неге бөліп айтамыз?

2. Толықтауыштың шартты белгісі қандай сызық?

3. Толықтауыш қай септіктің сұрағына жауап береді?

ІІ Мағынаны таны:

  1. Тілім, сен барша жанға пайдалыны айт,

Ақынсып айта бермей әлденені.

  1. Сәмбі талы - июге де, түюге де ыңғайлы тал.

  2. Екеуінде де жүрек қылын шертетін күш бар.

  3. Бауыржан жайында естелік өте көп.

Жасалуы

сұрағы

құрамы

түрі

Байланысу түрі

Байланысқан сөйлем мүшесі

1.Жалпы есімдік-зат есім

2. тұйық етістік

3. жинақ сан ес

4.зат есім септеулік шылау

Кімге?

Нені?

Неге?

Кімді де?

Кім жайында?

Күрделі

Дара

Күрделі т.ет. де

Күрд сан ес. де

күрделі

Жанама

Тура

Жанама -ге

Жанама -нде

---

Меңгеру

Меңгеру

Меңгеру

Меңгеру

жанасу

Баяндауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Күрд. Баяндау

Баяндауыш


Белгілері:

  1. заттық мағынаны білдіреді.

  2. Б.Т.Ж.Ш.К септіктерінің бірінде тұрады.

  3. Құрамы -үшеу

  4. Заттанған сөз таптарынан жасалады.

  5. Көбінесе баяндауышпен байланысады.

  6. Жанасу, меңгеру түрінде болады.


Кубизм. Дара толықтауышы бар сөйлемді бірінші бағанға, күрделі толықтауышы бар сөйлемді екінші бағанға жазыңдар.

Сратегия - біздің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетіндігіміздің көрінісі. Ағымдағы міндеттерді шешумен ғана жүре беруге болмайтынына анық көзіміз жетті. «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асыруға кірісердің алдында мұның саяси мәні де, тіпті экономикалық маңызы да бар.

Оқулықпен жұмыс: 45-жаттығуды берілген шарты бойынша орында.

  1. Әкеге қарап ұл өсер

  2. Ақылдыны дау алмайды.

  3. Төртті екіге бөл

46-жаттығу Толықтауыштарды анықтап, жасалу жолына қарай кестеге сал.

Алла тағаламен арақатынасын ашып алғысы келіп, пайғамбарларға сұрақтарды қойған. Пиғылда екенін білмейміз. Ұнататынын жек көретінін білмейміз. Одан бейхабармыз.

Толықтауыштың жасалуы

Септік түрі

Байланысқан мүшесі

Алла тағаламен арақатынасын

Одан

-мен, -н (т.с)

-дан (ш.с)

Баяндауыш

баяндауыш


Сабақты бекіту: Жеті қараңғы түнде жетіқарақшы жол көрсетер. Сөйлемнен толықтауышты тап, белгісіне қарай талда. «Жол» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Үйге тапсырма: 47-жаттығуды берілген шарты бойынша орында.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал