• Учителю
  • Другое
  • Эссе на тему Эссе Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы мүмкін. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік п

Эссе на тему Эссе Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы мүмкін. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік п

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар облысы,Шарбақты ауданы

Арбиген жалпы орта білім беру мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Рахметова Гүлназира Каркауқызы

Эссе

Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы мүмкін. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Осында мақсатта ұйымдастырылған курс барысында мен біршам тәжірибе жинақтадым. Астана қаласының педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бірлесе құрылған бағдарламасының нәтижесінде өз білімізді шыңдап келеміз.Оқыту барысындағы жаңашыл сабақ үлгілерімен, орта мерзімді,қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлардың құырлу жолдары мен тәсілдерін үйрендім. Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана - біз не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тарта отырып, мектептегі тәжірибе кезінде директорлардың мектепте өзгеріс енгізуде маңызды рөл атқаратындығын ұғындым. Жалпы, курс барысында мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізудің түйінді он факторын меңгеріп, қоғамдастықты дамытудың жолдарымен таныстым.Мектептің басымдықтарын жою үшін жоспар жасауда және жалпы білім беруді жоспарлауда ақылды мақсат қоя білуді үйрендім. Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген көзқарас өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұру мақсатында Lesson Study әдісі жайлы көп мәлімет алып, осы әдістің қыр -сырымен таныстым. Шет мемлекеттерде балалардың сабақта қалай керемет әлеуметтенген, өз ойларын ашық айтып пікірталасқа түсе алатындығын және мұғалімдері мен оқушылары арасында сыйластық қарым- қатынас орнағанын, балалар сабақта өздерін өте еркін ұстайтындығын видеороликтерден көріп оқушылардың қарапайымдылығы маған ұнады. Енді мен осы алған теорияны практикамен өз мектебімде жалғасын тауып ұштастырып жатырмын.Мектебімнің бастапқы жағдайын анықтап,оның проблемаларын тауып,нақты шешім қабылдаған соң, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында мектептің даму жоспарын құрып өзгеріс енгізу керек деп шештім. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін мұғалімдердің қалыптасып қалған көзқарасын өзгерту негізгі мақсатым болды. Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» дегендей, жұмысты қоғамдастық құрудан бастадым.

Осы ойымды мектеп басшысымен бөлістім. Мектептің даму жоспарын бірлесе жасайтын топ құрып, жоспарға біршама өзгерістер енгізілді. Ол үшін осы бағдарламаның ІІІ деңгейі бойынша бітірген 4 мұғалімді, ІІ деңгейі бойынша бітірген 1 мұғалімді және ынталы топтан 6 мұғалімді топқа тарттым. Осы курсқа дейін қолданып келген сабақ жоспарымды, әдіс - тәсілдерімді салыстыра отырып мынадай қорытындыға келдім. Бұрынғы сабақтарымда оқушыларға дайындап әкелген білімімді сіңіріп алушы деп қарайтынмын. Осы курстан соң мұғалімдермен бірлесе отырып, жұмыс істеу барысы одан әрі іздене түсуімізге ықпал етті. Әрине, жаңа әдіс-тәсілдер толық жемісін беру үшін біршама уақыт керек деп ойлаймын.

Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді - тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады» - деген пікірімен ойымды аяқтаймын.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал