7


  • Учителю
  • Контрольные работы по казахскому языку для 5 класса с грамматическими заданиями

Контрольные работы по казахскому языку для 5 класса с грамматическими заданиями

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Данный материал может использоваться на уроках казахского языка в 5 классе, для проведения четвертных контрольных диктантов. Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау,  сауаттылықтарын тексеру.Міндеттер:  Грамматикалық тақырыптарды еске түсір
предварительный просмотр материала

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

1 тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Зат есімнің сұрақтары

  • Көптік жалғаулары

  • Буын түрлері

  • Септік жалғаулар

  • Фонетика

  • Сөздік қорын анықтау

  • Есте сақтау

Асхана.

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханада ауыл адамдары тамақ ішеді. Асханадағы аспаз тамақты өте дәмді пісіреді. Асханада әрдайым ыстық тамақ, салаттар жеуге болады. Асхананың іші жарық, кең және таза.

Біз мұғаліммен асханаға келдік. Барлығымыз орындықтарға отырып тамақ іштік. Тамақ өте дәмді болды. Барлығымызға асханада өте ұнады. Біз аспазға алғыс айттық. (51 сөз)


Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: асхана, мұғалім.

  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

  3. Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: Аспаз, ауыл.

  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

  3. Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Тамақ өте дәмді болды.

ІІ деңгей.

І нұсқа

1.Дыбыстық талдау жаса: Жарық

2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Біздің, тамақты, асханада.

ІІ нұсқа

  1. 1.Дыбыстық талдау жаса: Аспаз.

  2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Мұғаліммен, ауыл, аспазға.

І деңгей

І нұсқа

1. Отбасы туралы әңгіме құра.

2. Білім туралы 2 мақал-мәтел жаз.

ІІ нұсқа

  1. Мектеп туралы әңгіме құра.

  2. Отбасы туралы 2 мақал-мәтел жаз.


Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)


































Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІІ тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Сын есімнің сұрақтары

  • Көптік жалғаулары

  • Буын түрлері

  • Септік жалғаулар

  • Фонетика

  • Сөздік қорын анықтау

  • Есте сақтау

Пайдалы кеңес

Қазақ халқының «Ас адамның арқауы » деген мақалы бар. Бұл тауып айтқан мақал. Адамның ауырмауы дұрыс тамақтануға байланысты. Адам күніне төрт рет уақытында тамақтануға тиіс. Тамақтану алдында қолды сабынмен жуу керек. Тамақты жақсы шайнап жүту керек.Адам өзіңе пайдалы тағамдарды жеу керек.Жеміс-жидектерді жуып жеу керек. Сонда адамның асқазаны ауырмайды. Ішкен тамақ бойына ісінеді. (54 сөз)


Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге сын есімнің сұрағын қой: пайдалы.

  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

  3. Бір буынды сөздерді теріп жаз.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге сын есімнің сұрағын қой: жақсы.

  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

  3. Бір буынды сөздерді теріп жаз


ІІ деңгей.

І нұсқа

1.Дыбыстық талдау жаса: тамақ

2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Адамның, тамақтануға, тамақты.

ІІ нұсқа

  1. 1.Дыбыстық талдау жаса: жидек.

  2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Қолды, адам, сабынмен.

І деңгей

І нұсқа

1. Мектеп асханасы туралы әңгіме құра.

2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.

ІІ нұсқа

  1. Сүйікті тағамың туралы әңгіме құра.

  2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)


Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІІІ тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Етістік

  • Көптік жалғаулары

  • Буын түрлері

  • Септік жалғаулар

  • Фонетика

  • Сөздік қорын анықтау

  • Есте сақтау

Астана

Біздің Республикамыз - тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстанның жері - кең,байтақ. Еліміз Азияда орналасқан.

Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Қазақстан еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана Есіл өзеңінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан жылға өсуде. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар.Астана - болашағы үлкен қала. (59 сөз)


Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Етістіктерді теріп жаз .

  2. Мына сөзді септе: қала.

  3. Ашық буынды сөздерді теріп жаз.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Етістіктерді теріп жаз.

  2. Мына сөзді септе: Астана

  3. Ашық буынды сөздерді теріп жаз


ІІ деңгей.

І нұсқа

1.Сөз құрамына қарай талда: көшесінде,

2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

ІІ нұсқа

  1. Сөз құрамына қарай талда: Астананың

  2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:


І деңгей

І нұсқа

1. Қазақстан туралы диалог құрастыр

2. Отан туралы мақал жаз


ІІ нұсқа

  1. Ауыл туралы диалог құрастыр.

  2. Отан туралы мақал жаз

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)


Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІV тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Етістік

  • Көптік жалғаулары

  • Сан есім

  • Жіктік жалғаулар

  • Фонетика

  • Сөздік қорын анықтау

  • Есте сақтау

Жазда

Біз жазда демалысқа шығамыз. Әркім әр жаққа қонаққа барады. Менің досым ауылға барғанды жақсы көреді. Ауылда жақсы демаласың, туыстарыңды көресің. Аталар мен әжелердің жақсы әңгімелерін тыңдайсың. Үлгі алып, есте сақтайсың

Мен атаммен жайлауға барамын. Жайлаудың шөбі шүйгі, суы мөлдір, ауасы таза. Әжеме бақшада көмектесемін. Әжемнің бақшасында жемістер, көкөністер жақсы өседі. Осылай мен жазды өте көңілді өткіземін.

(56 сөз)


Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Сан есімдерді сөзбен жаз: 17,37, 48

  2. Дыбыстық талдау жаса: жайлау

  3. Мына сөзді жікте: бар


ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

1.Сан есімдерді сөзбен жаз: 19,24,58

2.Дыбыстық талдау жаса: бақша

3.Мына сөзді жікте: кел


ІІ деңгей.

І нұсқа

1.Сөз құрамына қарай талда: көмектесемін

2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

ІІ нұсқа

  1. Сөз құрамына қарай талда: тыңдайсың

  2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:


І деңгей

І нұсқа

1. Жазғы демалыс туралы диалог құрастыр

2. Еңбек туралы мақал жаз


ІІ нұсқа

1. Ауылдағы достар туралы диалог құрастыр.

2. Білім туралы мақал жаз

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал