- Учителю
- Разработка вне классного мероприятия ' Лидер 21 века'
Разработка вне классного мероприятия ' Лидер 21 века'
Тілдер күніне арналған апталық «21 ғасыр көшбасшысы» білім сайысына өзге ұлт өкілдері мұғалімдері арасындағы байқау
Мақсаттары:
Білімділік : ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан әріптестерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: әріптестердің шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік: ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін, мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
Көрнекілігі: шарлар, музыка, тіл туралы жазылған қанатты сөздер, слайд:
1. Өнер алды - қызыл тіл.
2. Знай 7 языков
3.Know 7 languages.
Барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар ! Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда. Бүгінгі әріптестер арасында өтетін «21 ғасыр көшбасшысы» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Қазақ, орыс, ағылшын, тілдері жайында сайысымызды бастаймыз.
Бүгін сіздер әріптестер арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
«21 ғасыр көшбасшысы» сайысымыз басталды,
Білгірлерді , қарсы алайық!
Көшбасшысы тілдердің-қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық!
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Еліміз көп ұлтты болғандықтан еліміздің әр тұрғыны үш тілді бірдей меңгеретіні анық. Сайысымызды бастамас бұрын тіл құдіретін қастерлей білетін әріптестерімізді ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен танысайық:
Мектеп директоры: Жусупова Б.К және әкімшілік Алгуатова Ж.К, КасымоваЮ.В
Әр топ өзін таныстырады.
Ойынымыздың бірінші туры - «Бәйге». Мұнда қазақ тілі бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген әріптес жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі көтерген ойыншы жауап беруге болады.
1 тур«Бәйге» Сұрақтар:
1. мемлекеттік тіл -(қазақ тілі)
2. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
3. Қ.Р қандай мемлекет? (егеменді, тәуелсіз)
4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)
5. ай аттары
6. қазақ хандығына неше жыл?(550)
2 тур"Полиглот" Мақал - мәтелдерді жалғастыру
( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)
3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)
4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)
7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )
8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)
Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріңізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.(3,2,1)
3 тур Ойынымыздың келесі туры «Ғажайып жетілік» Бұл жетілікте қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиетінен, қазақстан тарихынан сұрақтар беріледі.
-
қазақ тілі
Қазақ тілінде қанша септік бар? (7)
2. Қазақ әдебиеті
Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Орыс тілі
В человеке одно, а у вороны вдвое, в лисе не встретится. А в огороде трое (буква О)
4. Орыс әдебиеті
Назовите автора и произведение, откуда взяты эти строки:
Москва!
Как много в этом звуке
Для сердца русского слилось!
Как много в нем отозвалось…. (А.С.Пушкин «Евгений Онегин»)
6. Ағылшын әдебиеті
«Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінің авторы кім?)Льюис Кэролл)
Әділ қазылар 3 турдың бағасын бергенше «Ана тілі»тақпағын Әсем Габдуллина оқиды.
4 тур - «сөз мәйегі -мақал ». бұл сайыста кім көп мақал айтады.
5тур «Өнерлі өрге озар ». Бұл турда әр топ өз өнерін көрсетеді.
Сайыс Қ. Мырзалиевтің «Ана тілің - арың бұл» атты өлеңін жатқа айтумен аяқталады.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Құттықтау сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
Қазақстан Республикасын халықтарының тілдері күні онкүндіктің «21 ғасыр көшбасшысы» атты мұғалімдер арасындағы білім сайысы
Жауапты: Игубаева Р.А
№ 4 орта мектеп