7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар

Қазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</



Қазақ тілі 5- сынып Тақырыбы: Жұмбақтар

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«КӨПІР» тапсырмалары

өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары



1. Мақал -мәтелдер дегеніміз не?

Ж: Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

2. Мақалдың мәтелден қандай айырмашылығы бар?

Ж. Мәтелдерде ой - пікір бейнелі, әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы - сөйлемнің аяқталмай, толымсыз болып келуі.

3. мақал-мәтелдердің қандай тақырыпта түрлері бар?

Ж: Отан: Отан оттан да ыстық. Дос: күлме досыңа, келер басыңа.

4. Мақал -мәтелдер сияқты халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі қандай?

Ж. Жұмбақтар

Олай болса, балалар, бүгін біз «жұмбақтармен » танысамыз.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:

«БІЛУ»

(тақырып мазмұны бойынша

кім? не? нені? қашан? қандай? қалай? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

1. Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

а. Жұмбақтар - ауыз әдебиетінің ең көне түрінің бірі. Жұмбақ- адамның ой- өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі.

ә. Жұмбақ - халықтың ауыз әдебиетіне тән мұра. Жұмбақ болатын заттарды анықтаңыздар: Адам, еңбек, жануарлар, жәндіктер, табиғат.

б. Жұмбақтар - адамның ақыл-ойын дамытады.

в. Ертеде балалар мен жастар жиналғанда - жұмбақ -айтыс өткізіпті.

г. Жұмбақтар баланың ойын жинақтауға, алғыр болуға үйретеді.

ғ. Қандай жұмбақтар білесіңдер?

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(неге?

неліктен? себебі?

не үшін?) сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылды)

Себебін анықта:

1. Жұмбақты неліктен салыстырмалы түрде береді?

Ж: Себебі салыстыру арқылы жауабын тез табуға болады.

2. Жұмбақтың адам өмірінде қандай пайдасы бар?

Ж: Жұмбақ қарым-қатынас жасаудың ерекше бір құралы.

Мысалы: Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып. ( қалам)

3. Жұмбақтардың тәрбиелік мәні қандай?

Ж: Жұмбақтар жылдамдыққа, шапшаңдыққа ұйымшылдыққа,еңбекке, ерлікке баулиды.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,



2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.



Венн диаграммасы арқылы салыстыр



Жұмбақтар \ Ұқсастығы Мақал-мәтелдер

Қазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар



Тақырыптың басты идеясы неде? Жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ортақ қасиеті: олар-әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Аз сөзбен көп мағына білдіреді.Олардың ерекшеліктері:

Жалғастыр:

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)







Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ ұйқастырылып, тақпақтап айтылады.







Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді»

Қазақ әдебиеті 5сынып ЖұмбақтарҚазақ әдебиеті 5сынып ЖұмбақтарҚазақ әдебиеті 5сынып ЖұмбақтарҚазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар



Жан-жануар туралы

Қазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар



Табиғат туралы



Дене мүшелер туралы



Ас, тамақ туралы

Қазақ әдебиеті 5сынып ЖұмбақтарҚазақ әдебиеті 5сынып Жұмбақтар

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы:

«Қолдану»

(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын жаттығулар арқылы тапсырмалар орындалады)

Ойын ойнау. Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

1.Жұмбақ:

Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

2. Жұмбақ:

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

3. Жұмбақ:

Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

Мақал: Отан оттан да ыстық.

4. Жұмбақ:

Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.

Практикасы:

«Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

Сен қалай ойлайсың?

Өз сөздік қорыңда жұмбақтар қолданасың ба?

Ж: Жұмбақтар жиі қолданамын, себебі жұмбақ арқылы шапшаңдыққа, қиялыңның ұшқырлығын дамытады.

Ойыңды жалғастыр._________________________________________________________



2.Бала тәрбиесінде жұмбақтардың алатын орны қандай?

Ж: Жұмбақ арқылы бала салыстыруға, қиялдауға еңбекқорлыққа, білімділікке және басқа жақсы қасиеттерге ұмтылады.

Ойыңды жалғастыр.________________________________________________________________

____

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.



І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«Білу»

(Тақырып мазмұны бойынша кім? не? қашан? қандай? қалай? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады. )

Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

  1. Жұмбақ дегеніміз не?

  2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

  3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

  4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

  5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?

ілесің?__________________________________________________________

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады.)



Жан-жануар, табиғат, дене мүшелері, көкөніс пен жемістер туралы бес-бестен жұмбақ ойлап жаз.

Ж:1. Дүниеде бір дария беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан

Қараса сол құдыққа көз жетпейді,

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (Оқу, білім)

  1. Бес жанды бір жансызға мінгескен,

Айналып ақ тақырдан іс кескен (Бес саусақ пен қалам)

  1. Абай ақын жұмбағы:

Алла Жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек - кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз, түбінде ақыр

(Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық )

  1. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпе ұнаған (Домбыра)

  1. Ортасында ақ көлдің, қара көлге тап болдым. (Көздің ағы мен қарасы).

  2. Жаурағанды күлдірер, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер. (от)

  3. Кіруге адам батпайды,

Төрт бұрышты тақтайды.

Бәрі оны мақтайды

Затынды аман сақтайды (Сандық)



ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Себебін анықта:

1. Мақалда неліктен аз сөзбен көп мағына білдіріледі?

Ж: Себебі мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

2. Мәтелдерде ой-пікір қалай айтылады?

Ж: Себебі, мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мысалы: Үй менікі демеңіз , үй артында кісі бар.

3. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?

Ж:Мақал-мәтелдер қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа,еңбекке, ерлікке баулиды.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын

жаз деген тапсырмалар болуы керек.Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)



2. Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз.

Екеуі де әбден қалыптасқан,орныққан сөздердің тобы.

Екеуі де аз сөзбен көп мағына білдіреді.

Ерекшелігі

Жұмбақтар адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.



Мақал-мәтелдер ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.



3. Тақырыптың басты идеясы:

Жұмбақтардың мен мақал-мәтелдердің ортақ қасиеті: олар-әбден қалыптасқан ,орныққан сөздердің тобы. Аз сөзбен көп мағына білдіреді.Олардың ерекшеліктері:

Жұмбақтар салыстыруға, жұмбақтап айтуға үйретеді. Мақал-мәтелдер ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.





Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

4. Дұрыс жауаптарын белгіле:

--------------- күні де ыстық, түні де ыстық.

а) үйдің; ә) туған жердің; б) халықтың ; в) туған елдің.



Біреу ------- секіреді, біреу тойып секіреді.

а) қорқып; ә) күліп; б) тоңып; в) қуанып.



Мына мақал-мәтелді аяқта. Тұз астың дәмін келтірсе,.................

Ж:Мақал сөздің сәнін келтіреді.







ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»



(Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)

«Зымыран» ойыны

Қағаздан ұшақ жасап, І топ жаңылтпаш жазып , келесі ІІ топқа зымыранды ұшырады. Топ бірігіп зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтады. Зымыранға жаңылтпаш жазып, келесі ІІІ топқа ұшырады. Ол топта зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтып береді. І топқа зымыранға жаңылтпаш жазып, ұшырады . Ойын әрі қарай жалғасын табады. Оқушылар топпен бірге жұмыс жасайды. Жаңылтпашты жатқа қатесіз айтқан топ жеңіске жетеді.

І топ жаңылтпашы : Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.

ІІ топ жаңылтпашы : Анау арал , қай арал?

Қайыңды арал , талды арал.

ІІІ топ жаңылтпашы : Үш кіші ішік піштім,

бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

Практикасы

«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

2. Сен қалай ойлайсың?

Жұмбақтарды қолдану арқылы өз сөздік қорыңды толықтыра аласың ба?

Ж: Жұмбақарды қолдану арқылы өз сөздік қорымды толықтыра аламын.

Ойыңды жалғастыр________________________________________________

2.Қазіргі кезде жұмбақтардың бала тәрбиесінде алатын орны қандай?

Ж:Қазіргі кезде жұмбақтардың бала тәрбиесінде алатын орны өте зор.

Ойыңды жалғастыр.________________________________________________________________







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал