- Учителю
- Урок по казахскому языку 'Сырым мен Малайсары' (5 сынып)
Урок по казахскому языку 'Сырым мен Малайсары' (5 сынып)
26.11.2014 ж | Қазақ әдебиеті | 5 - сынып | |
Сабақ тақырыбы: | «Сырым мен Малайсары» шешендік сөздері | ||
Сабақтың мақсаты: | «Сырым мен Малайсары» шешендік сөз негізінде шешендік сөздер жайлы ұғым қалыптастыру арқылы таным түйсігін дамыту | ||
Сабақтың міндеттері: | А) шешендік сөздер туралы алған білімдерін кеңейте отырып, сөйлеу тілін дамытады, сұрақ қойып жауап бере білуге үйренеді. Ә) оқушылардың тіл байлықтары артып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге үйренеді, тілдерін дамиды. Б) шешендік сөздер арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіреді. Ізденімпаздықты, ұйымшылдықты үйренеді. | ||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды. | ||
Негізгі идеялар: | Қадағалауға, бақылауға үйренеді | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | А-3 парағы, стикерлер, оқулық, пазлдар | ||
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер АКТ СТО Оқыту үшін бағалау | 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Жұппен жұмыс 4. Топтық жұмыс 5. Блум таксономиясы, топтастыру, | |
Дерек көздері: | Оқулық, ғаламтор материалдары | ||
Орындалатын тапсырмалар | |||
Психологиялық ахуал туғызу 2 мин | Шаттық шеңбері, психологиялық ахуал туғызу «Өз бөлігіңді тап» суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді
|
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу
Тапсырма түрі
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Қызығушылықты ояту
«Есімдер сөйлейді»
Мына есімдер туралы не айтасыңдар?
Қазыбек , Байдалы, Тайкелтір, Төле , Айғаным, Бұқар
Берілген есімдерге байланысты ойларын айтады. Бұл атаулардың шешендік сөздерге қатысы туралы сөз етеді
Бас бармақ арқылы бағалау
Теориясы «Білу» (Кім? Не?)
Қашан? Қайда? Не істеді?
І. «Иә», «Жоқ» стратегиясы. Графикалық диктант.
1.Шешендік сөздер -ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма?
2. Шешендік сөздердегі оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?
3.Шешендік сөз кейіпкерлерін өмірде болған жоқ деуге бола ма?
4. Шешендік сөздер кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма?
5. Шешендік сөздердегі кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола ма?
6. Шешендік сөздер ертегілерге ұқсай ма?
ІІ. Шешендік сөздің ерекшеліктері
*қызықты баяндалады
*тапқырлық әрекеттерге
құрылған
*адамды жақсылыққа жетелейді
*белгілі кейіпкерлері бар
*тәрбиелік мәні терең
ІІІ. Сұрақ-жауап
*Қандай шешендерді білесіңдер?
*Сырым деген кім деп ойлайсыңдар?
*Малайсары деген кім?
* Бата деп нені айтамыз?
* Бүгінгі сабаққа батаның қандай қатысы болуы мүмкін?
Графикалық диктант сұрақтарына ауызша жауап береді
Бас бармақ арқылы бағалау
Шешендік сөздердің ерекшеліктері бойынша әңгімелейді
Берілген сұрақтарға жауаптар айтады
Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)
-
Сырым Датұлы (1753-1802) - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.
-
Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
Сырым Датұлына қатысты дереккөздермен танысады
Практикасы «Қолдану»
Мәтінмен жұмыс
(таратылған үзінділер бойынша жұмыс жүргізу )
Әр топ өздеріне берілген үзінділерді оқып, тақырып қояды
І топ - «Алғашқы кездесу»
ІІ топ - «Ақсуат би мен Сырым»
ІІІ топ - «Сырымға бата»
ІҮ топ - «Басқа пәле тілден»
Берілген үзінділер бойынша жұмыс жүргізеді. Өзара талқылайды. Тақырып қояды
Бас бармақ арқылы бағалау
Теориясы «Талдау»
(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)
«Сырым мен Малайсары» әңгімесінің
компазициялық құрылысы
«Сырым мен Малайсары» әңгімесінің тақырыбы - ақылгөй қарттан бата алу .
Идеясы - үлкенді құрметтеу, кісілік таныту
Экспозиция(басталуы) - Сырымның Малайсары биден бата алуға баруы
Байланысы - Байұлының барымтада өлген жігіттерінің құны
Шиеленісі - «Әлім болсаң - әліңді біл, ағайымның құнын бер!»
Шарықтау шегі - Малайсарының батасы.
Шешімі - «Басқа пәле тілден»
Сөздікпен жұмыс
(сирек кездесетін сөздермен жұмыс жүргізу )
ат жалын тартып - мұнда: жігіт болған кезі
Қыдыр - діни ұғым, жақсылық әкелуші
ақылгөй қарт - ақылшы, ақыл беретін қарт
Байұлы - Кіші жүздегі ру аты
Әлім - бұл да Кіші жүздің руы
дүрдараз - ұрыс-керіс
Компазициялық талдауға атсалысады
Бас бармақ арқылы бағалау
Теориясы «Жинақтау»
Менің кейіпкерім
Кейіпкерге хат
(Дәптермен жұмыс)
Үлгі:
Сәлем хат. Саламатсыз ба, Сырым батыр. Мен «Сырым мен Малайсары» деген шешендік сөз үлгісінен Сіздің ...
Автор орындығында оқиды
Кейіпкерге мінездеме бере отырып, хат жазады
Бас бармақ арқылы бағалау
Практикасы «Бағалау»
Жеке жұмыс.
«Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім» ауызша ой қорыту
Сабаққа қатысты өз пікірлерін білдіреді. Сабақтағы көңіл күйіне байланысты стикерді смайликке жапсырады.
Бас бармақ арқылы бағалау
ІХ. Бағалау
Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін)
1. Шешендік сөзде қолданылған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жазу.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Не ұнады? Не ұнамады?
Әр топтағы оқушылар парақшаға рефлексия жазады.