7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Темекі және улы заттардың зияны

Ашық тәрбие сағаты Темекі және улы заттардың зияны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ашық тәрбие сағаты Темекі және улы заттардың зияныАшық тәрбие сағаты Темекі және улы заттардың зияны

Тақырыбы: «Темекі және улы заттардың зияны»

Сабақтың мақсаты:

Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.

Тәрбиелік мәні:

Зиянды заттардан аулақ болуға, денсаулық және дене тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арақ, темекі, есірткінің суреттері салынған плакат, слайд, кітап көрмесі т.б.;

Мұғалім сөзі:

Халқымыздың алаулап, оттай жаны,

Қанымызда қаншама кек қайнады,

Еркін елміз, біз бүгін ерікті елміз,

Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай, еліміз еркіндік алып, өз алдына отау тігіп, ерікті ел, тәуелсіз мемлекет болғанымызға біз бүгін мақтан ете аламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен. Осы бағдарламаға орай бүгінгі мектебіміздің 7-сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «Темекі және улы заттардың зияны» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды Әнұран айтып бастасақ (Әнұран орындалады)

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты «Бірінші байлық-денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Олай болса, егеменді еліміздің тұтқасы болар, болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:

Мұғалім сөзі: Иманыңды, дидарыңды,

Тазалап ал, қазағым,

Ұрпақтарың, ұл-қыздарың,

Түзу бассын қадамын!

Оқушылар темекі, арақ, есірткі туралы мәлімет беріп өтеді.

Мұғалім сөзі: «Бірінші байлық-денсаулық» дегендей жаман әдеттерден жирендіретін, денсаулыққа зиянды нәрселерге байланысты мақал-мәтелдер айтудан оқушылар жарысады.

Мұғалім сөзі: «Денсаулық-зор байлық» (денсаулыққа зиянды нәрселер туралы тақпақтар)

Бакдаулет: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама,

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,

Әуес көріп ұстамасты ұстама!

Оразалы: Дүниеде дерт боп әркез жетеді,

Әдет болып жаман нәрсе кетеді,

Жаман әдетке жақ болсаң,

Өмірің қор боп өтеді.

Асылхан: Жігерің бар,талабың бар,қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.

Құралай: Жағымсыз иістен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол,

Темекімен жау болып,

Адамдыққа асық бол

Бағлан: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Мұғалім сөзі: «Тәні-саудың, жаны-сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы көремендерге сұрақ- жауап)

  1. С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? (Ұстаздан ұлағат)

  2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?

(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)

  2. Темекі құрамындағы улы зат? (Никотин)

  3. Туберкулезге қарсы күрес күні? (24-наурыз)

  4. СПИД неліктен қорқынышты?

(ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)

7. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?

(парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)

8. СПИД нашақорларға қалай жұғады?

(ортақ пайдаланған ине арқылы)

9. «Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?

(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)

10. Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? (1-желтоқсан)

11. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)

12. Есірткінің ең көп тараған түрі?

(анаша,кокаин, апиын,ең көп тараған түрі-героин)

Мұғалім сөзі: «Уланбасын өмірің» (зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету).

Ал, шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын,

Танымдықпен, білгірлікпен

Көріністері көрінсе.

Мұғалім сөзі: Ситуациялық жағдайлардан шыға білу.

«Арақтар»:

Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы жұртқа танымал. Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасын асырау үшін «арақ» заводына жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол аз-аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Ситуациядан қалай шығуға болады?

«Темекілер»:

Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет. (қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды, қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді.

«Есірткілер»:

Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Ал сенің темекі шеккің келмейді, сол үшін олар сені шеттете бастайды. Сен олардан бөлініп кете алмайсың. Не істер едің, жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?

Мұғалім сөзі:

-Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал боламын десе......................

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе...............

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе..........

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе...........

Хормен: Арақ ішпесін!

Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе.....

Хормен:Арақ ішпесін!

-Денім сау болсын десең.............

Хормен: Темекі тартпа!

-Әнші болғың келсе..........................

Хормен: Темекі тартпа!

-Ғалым болғың келсе.........

Хормен:Темекі тартпа!

-Білімді, ақылды азамат болғың келсе..........

Хормен:Темекі тартпа!

Мұғалім сөзі: Қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Міне бүгінгі 7-сыныптар арасында өткен «Темекі жәнем улы заттардың зияны» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал