7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему 'Отансыз адам' (9 класс)

Урок по казахскому языку на тему 'Отансыз адам' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалім: Нугиманова Карилга Слиханқызы

Пән: қазақ тілі (орыс класы

Класс: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстан Республикасы туралы алған

білімдерін пысықтау,байқау.Сұрақтарға жауап

беру,ойды жүйелеп айту дағдыларын

қалыптастыру.Өлеңдерді мәнерлеп оқуға,мақал-

мәтелдер айту арқылы тіл ұстарту.

2.Өз Отанын,халқын,жерін сүюге,Қазақстанның

мемлекеттік рәміздерінқұрметтеуге,Отансүйгіш

ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

3.Туған тіл байлығын қадірлеуге,жүйелі

сөйлеуге,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге

дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-

жауап,іздену,баяндау,мақалдар айту,ән

салу,топтастыру.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы туралы суреттер,Қазақстан рәміздері,топтастыру стратегиясы,мақал-мәтелдер,көру диктанты,сұрақтар,сабақтың эпиграфы,тәуелсіздік шежіресі.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2.Оқушыларды топқа бөлу.

3.Сабақтың эпиграфымен таныстыру.

Эпиграф.

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді,

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.


Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.


II.Ой шақыру.

- Отан деген не,қалай түсінесіңдер?

- Біздің Отанымыз қандай ел?

- Еліміз жуырда қандай мерекені тойлағалы отыр?


III.Топтастыру стратегиясы.



Қазақстан



IV.Рәміздерім -мақтанышым.

Сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

2.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары кім?

3.Қазақстан Республикасының Туының авторлары кім?


V.Ой-толғаныс. Елтаңбам -елдігім,Әнұраным-айбыным,Көк туым- тұғырым!


I топ. Қазақстан Республика- II топ. Қазақстан Республика-

сының Туы туралы әңгімелеу сының Елтаңбасы туралы

әңгімелеу


VI.Ару қала-Астана (Интербелсенді тақта арқылы слайд қарау)

Астана таң қаламын мен келбетіңе,

Мен үшін жәннат қала сен жер бетінде,

Елімнің жүрегі!

Жарқырап жайнай берші,сен-Астана!

Өзіңе арналады жыр дастаным,

Қашанда саған ынтық менің жаным,

Жастықтың жалауы бол,сен-Астана!


(Екі топ Астана қаласы туралы шағын әңгіме жазады.)


VII.Мақал-мәтелдермен жұмыс.

(Жалғасын табу)

I топ:

1.Отан-елдің айнасы ...

2.Туған жердей жер болмас ...

3.Туған жердің жуасы ...

4.Ел іші ...


ІІ топ:

1.Отансыз адам-...

2.Ел-елдің бәрі жақсы ...

3.Туған жердің күні ыстық ...

4.Адассаң еліңмен ...


VIII.Тіл - халық қазынасы.

Тілім барда,қазағым бар,халқым бар,

Дәстүрім бар,ата жолым,салтым бар,

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер бабаң,байтақ тілің тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


Сұрақ-жауап:

1.Қазақ тілі қандай тіл?

2.Қазақстанда жексенбілік мектептерде неше тіл оқытылады?

3.Елімізде қанша тілде газет шығарылады?

4.Қанша тілде телехабарлар жүреді?


IX.Тәуелсіздік шежіресі.

Тәуелсіздік ел тірегі (Екі топ жылдарға байланысты еліміздің тарихи оқиғаларын баяндайды).

І топ: 1.1991 жыл-...

2.1992 жыл-...

3.1993 жыл-...


ІІ топ: 1.1995 жыл-...

2.1997 жыл-...

3.1999 жыл-...


Х.Көру диктанты.

Мен Отанымды сүйемін.Мен оның азаматымын.Мен Қазақстан Республикасының азаматы екенімді мақтан етемін.Жаса,менің Қазақстаным!


ХІ.Қорытынды.

Екі топтың оқушыларының білімдерін қорытындылап бағалау.Үй тапсырмасы: «Қазақстан -бейбіт ел» атты шағын эссе жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал