7


  • Учителю
  • «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»

«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты:«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар.

Жүргізуші мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.

-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

(Сахнаға 1 сынып оқушылары шығады)

Би: Мектеп вальсі

1-жүргізуші:

Балдәурен шағындағы балалықтың,

Алтын ұя бесігі ең даналықтың

Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,

Парызын сенен ұқтым адамдықтың

2-жүргізуші:

Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан ,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

1-жүргізуші

Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, әліппемен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

1-жүргізуші:

Неге екенін білмеймін, неге екенін,

Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.

Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,

Салтанаты жарасқан берекенің

2-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар!

1-жүргізуші:

Қадірменді ата-аналар мен оқушылар!

2-жүргізуші:

Біз бүгін алғаш рет қолымыза ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші:

Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.

2-жүргізуші:

Әліппе бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық.

Хор: «Әліппе»

1.Үйретеді Әліппе

42 әріпке

Ең алғашқы кітабың

Әліппені дәріпте

Қайырмасы:

А дегенім ана

Ә дегенім әке

Б дегенім бала

Естіп жүрме шала

А дегенім ата

Ә дегенім әже

Б дегенім бата

Мұны есте сақта

2. Әліппені алайық

Парақтап біз қарайық

Әріптерді үйреніп

Әсем әнге салайық

Мұғалім:

- Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.

1-жүргізуші:

-Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

2-жүргізуші:

-Не болды! Неге олай дейсің?

1-жүргізуші:

-Ал мен жылағым кеп тұр.

1-жүргізуші:

-Мен Көмектің неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.

Мұғалім: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?

Барлығы:дұрыс айтасыз.

1-жүргізуші:

-Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.

2-жүргізуші:

-Балалар Әліппені ортаға шақырайық.

Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді)

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы халықтың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп.не білдік.

Қане.ортаға салайық!



1-оқушы: Айнұр

Бар білімнің бастауын

Әліппеден бастадым.

Үйренуге талпындым

Құлшынып балғын жас жаным.



2-оқушы: Мәжид

Не жақсы, не жаманды

Таныттырған Әліппе

Толықтырып санамды,

Әріп құйған Әліппем.



3-оқушы: Насихат

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтын

Ұрпағымын,сәнімін.



4-оқушы: Мансұр

Әліпе сенің сырласын,

Әліппедосың болады.

Әріптердің шұғыласы,

Дәптеріңе қонады.

Айтқан сөзді құпта да,

Ұстазыңды құрметте.

Дәптеріңді күт бала.

Дәптеріңді кірлетпе.



5-оқушы: Жанерке

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.



6-оқушы: Гүлжанат

Күн, түн жүзіп таңды ұтқан,

Кемесің сен, Әліпем

Арман-шыңға талпынтқан,

Демеушім сен, Әліппем!



7-оқушы: Ұлдай

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны «Әліппе».



8-оқушы: Аруай

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке,

Риза болып саған жүреміз.

Сүйікті біздің «Әліппе»!

Әліппем, менің Әліппем.



9-оқушы: Камила

Әліппе: Ішім толы әріпке,

Менмін әйбат әліппе!

Барлық ілім -білімнің,

Бастауы мен -Әліппе!



10-оқушы: Рушана

Рухани әлденгем,

Ақынсың да, Әліппем.

Өміріме нәр берген,

Ақұылшың да, Әліппем.



11-оқушы: Марина

Белгілеп бір уақытты,

Жарыстырған, Әліппем

Мұғалім мен шәкіртті

Табыстырған,Әліппем.

12-оқушы: Нұрлан

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.



13-оқушы: Қ.Бекарыс

Бойға білім дарытып,

Достасатын Әліпем,

Төрт ай әріп танытып,

Қоштасатын Әліппем.



14-оқушы:Ақан

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.



Би: «Домбыра»

15-оқушы: Т.Бекарыс

Қош болып тұр, Әліппе , анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құрметін,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.



16-оқушы: Мансұр

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.



17-оқушы: Әлинұр

Әліппені бітіріп,

Есейіп біз қаламыз.

Ешкімге енді жалынбай,

Кітап оқи аламыз.



18-оқушы: Амангүл

Мама, папа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге нағыз жақын сен,

Сенен білдік әріпті



19-оқушы: Толғанай

Әліпемен жарты жылдай жолдас болдық,

Ана тілгетәкеліп жалғастырдық.

Әр әріпті қостырып, сөз құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.



20-оқушы: М.Аружан

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім.



Әліппе:

-Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.

Мұғалім: Әліппе, өзіңіз бұйырғандай әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?

Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.

Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Мұғалім:

Ерте, ерте ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.



Ақжол:

Ілім іздер даналы

Ақжолмын саналы

А-әрпінен басталар



Еркеназ:

Е-дегенің Еркеназбын балаңыз

Қуанышпен айналаға қараңыз

Риза болсын біліміңе балдырған,

Еліміздің игілігінежараңыз

Нұрлан:

И дегенің иманың

Адалдықтың асқары



Есберген:

Жан-жағыма жантайдым,

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» әрпін жаздым жа

Жарға қарай шалқайдым



Жанерке:

М-дегенің мал болар

Қадір тұтқан бабалар.



Досым:

Ыдыс, ырыс сөздері

Ұқсас екен өздері

Ы дыбысы құрап тұр



Ж.Кәусар:

Ұршықтай зырлаймыз

Ұяны сырлаймыз

Ұлт, ұят сөзінен

Ұ дыбысын жырлаймыз



Әсемгүл:

О дегенің- отбасы

Отан деген ұғым бар.



Ақбота:

Ғ әрпімен бір келер

Ғылым атты ұлы тау.



Мәжид:

К дегенің- күй дарын

Домбыраның дастаны.



Аян:

Х дегенің-сәлем хат

Қуанышың қаншама



Айана:

Балалардан қашайық

Қояным,шаяным,

Суретін боядым

Сөздермен осындай

Я дыбысын ойладым



Аружан:

Ө әрпімен өрістер

Өмір атты дүниең

Әлмұрат:

Р дегенің- рақым

Мейірің мен пейілің.



Айқын:

С әрпі сұлулықтың сымбаты

Сыпайылық сан- алуан сын тақты



Балауса:

І-ні көріп кітаптан

Шырағданға ұқсатам



Мадияр:

Ал мында у тұр ғой,

Өзі айнымаған циркуль ғой



Балғынай:

Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды



Айболат:

Наурыз айы келгенде,

Наурыз тойы тойлансын!

Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!



1- жүргізуші:

Айттың әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

Мұғалім:

-Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық.

Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана!

Мұғалім: Расул біздің аналарымыздың құрметіне Анашым әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Бала тілегі».

Орындайтын: Балғынай

Әліппе: Ал енді балалар мен кетейін. Алда қыс, көктем, жаз бар. Жақсылап демалып сендер сияқты балаларды күзде қарсы алып әріптеріммен таныстырамын



21-оқушы:Әділет

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған,мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған, мың алғыс



22-оқушы: Е.Анель

Қош бол құтты Әліппем!

Тіл тұсауын кестін сен.

Аяулы анам болып сен

Айыбыңды кештің сен.



23-оқушы:К. Мерей

Қош бол, құтты әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып-жаза білгенім



Хор:Әліппе әні

1)Алғаш рет қолыма ұстадым

Әліппені сыйлаған ұстазым.

Білім атты әлемге аштың жол,

Рахмет саған, Әліппе,

Қош сау бол.

Қайырмасы:

Әліппе, әліппе,

Арналады бүгін жыр саған

Әліппе, әліппе,

Алғысымыз шексіз бір саған.

2)Көмегіңнен өзіңнің, әліппем

Қырық екі таныстық әріппен.

Ең алғашқы білімді алдық мол,

Рахмет саған, Әліппе,



Қош сау бол.

Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз.

Ана тілдің құрметіне

Би: «Концерт»

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.

-Балаңыздың аты кім?

-Балаңыздың досы кім?

-Балаңыз қандай?

-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

Ой ұшқырлығына құрылған есептер

Ата-аналарға қойылатын сұрақтар

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)

2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

3.Үй тышқанның неше құлағы бар?

4.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)

5.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны -он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)

Би: Өзбекше.

Әліппе: Рахмет Осы ана сүтімен дарыған ана тіліміз біздің қай тіл?

Оқушылар: Қазақ тілі, Ана тілі

1-жүргізуші:

Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?

2-жүргізуші:

Соны мен де ойлап тұрмын.

1-жүргізуші:

Шынымен де не оқимыз?

2-жүргізуші:

Иә, есіме түсті біздің ана тілі деген досымыз бар ғой.

Әліппе:

-Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар.

Оқушылар: Қош келдің, ана тілі!

Мұғалім:

-Балалар, біздің ана тіліміз орманда адасып кетіпті. Ана тілімізді сыйқыршы атайдың көмегімен таба аламыз. Олай болса, сыйқыршы атайды шақырайық.

Барлығы: Сыйқырша атай келіңіз, көмегіңізді беріңіз!

Сыйқыршы атай: Сәлематсыздар ма, балалар?! Мен қай кешке тап болдым?

Балалар: Әліппемен қоштасу кешіне. Ата, біздің досымыз қайда?

Сыйқыршы атай: Достарыңды табуға мен көмектесемін. Ол үшін менің сұрағыма жауап бересіздер ме?

Балалар: Иә.

Сыйқыршы атай: Кештерің қалай өтуде?

Балалар: Өте жақсы.

Сыйқыршы атай: менің Аяз ата және Қарша қыз деген достарым бар. Сол достарым келе жатып сендердің Ана тілі достарыңызды көріпті. Енді, осы салтанатты кешке келе жатыр. Балалар, кешімізге Аяз ата мен Қарша қыз келсе қарсы болмайсыздар ма?

Балалар: Жоқ.

Сыйқыршы атай: Олай болса, сендердің жаңа Ана тілі достарыңмен бірге жаңа жылдың меймандары келе жатыр. Кәнекей, барлығымыз бірге, Хормен:«Жаңа жылым жарқырап, жаңа доспен толықсын.Білім алып әрқашан , жақсылыққа толтырсын».



Аяз ата:

Қоштасып көп қалалар,

Жетелеумен бал үміт.

Жеттім міне, балалар

Өздеріңді сағынып

-Балаларым, бүгінгі кештерің тамаша өтіп жатыр екен.Біз Қарша қыз екеуміз өзге ауылдарға барып Жаңа жыл мерекесін тойлап келеміз. Сендердің әсем әндеріңді естіп, арбамызды бұрдық. Кештеріңіздің жаңа жылмен жалғасқанын қалайсыздар ма?

Балалар: Иә, атай. Қош келдіңіз!



1-Жүргізуші.

Аяз ата, Қарша қыз біздің бүгінгі қоштасу кешімізді одан әрі нұрландырдыңыздар.

2-жүргізуші.

-Аяз ата, Қарша қыз біздің досымыз қайда?



Аяз ата:

-Қарша қыз Ана тілін ертіп келші. Ол әлі бұғыларды тамашалап сыртта тұрып қалған секілді.



Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.

Мен де келдім дайындалып тойыңа,

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,

Таза ұста, оқы мені қастерлеп.

Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз.



Көрініс: «Саңырауқұлақтың астында»

Мұғалім:

-Балалар, кешімізді одан әрі Жаңа жылмен жалғыстырайық. Кәнекей, Аяз ата мен Қарша қызға арналған тақпақтарымыз бар ма?



1-оқушы: Аруай

Ақ құйынын билетіп,

Ысқырынып,күйленіп.

Аяз ата келеді,

Аяз, қырын сүйретіп.



2-оқушы:Анель М

Бұрынғыдан өзгерген дала бүгін ,

Көңілдерде ай жүзіп, жанады күн

Әр жүрекке жаңалық нұрын сеуіп,

Қош келдіңіз ортаға Жаңа жыл



3-оқушы: Гүлжанат

Төгілген қар ұлпасы,

Аппақ мамық қарашы.

Қаңтар айы -жыл басы,

Он екі айдың ағасы.



4-оқушы: Ұлдай

Тұр дайын жанымызда орныңыз,

Көңілдің қошы-алтын, төрі күміс.

Жақсылықтың жаршысы аттаныңыз

Жаңа жыл биіктерден көрініңіз!



5-оқушы: Мансұр Ж

Безендірген мұнша кім,

Таңдай қағар әркім-ақ.

Әйбат жасыл шыршаныңң

Шамдары тұр жарқырап.



6-оқушы: Жарқын

Қарсы болар кім, тегі

Қар-көктемгі ырысым

Қаңтар -айдың үлкені,

Бәріне де ұлысың



Ақшақарлар биі.



7-оқушы: Ұлмекен

Үй шатыры жатады,

Мұзды сырға тағынып.

Күттік Аяз атаны

Ақшақарды сағынып.



8-оқушы: Рушана

Бейбітшілік кілтін нақ,

Бірлік, достық, ынтымақ.

Әр жаңа жыл алады,

Адамдарды мың сұрақ.



9-оқушы: Айнұр

Көз қарылтар түсі аппақ

Ақ мамықтай дала, қыр.

Аяз, қарын құшақтап,

Келеді әне Жаңа жыл.



10-оқушы: К.Мерей

Шырша ортада сәніміз,

Би ырғақты - әніміз.

Күнді айналған ғаламшар,

Сияқтымыз бәріміз.



Хор: «Жаңа жыл»

Мұғалім:

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен мерекелерімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Ұлмекен апайды шақырамыз.

Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал