7


  • Учителю
  • Аткрытый урок по казахскому языку на тему Батыр баян поэмасы (8 класс)

Аткрытый урок по казахскому языку на тему Батыр баян поэмасы (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыр Баян поэмасы

Қысқаша мазмұны

Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.

Шығарма кейіпкерлері

  • Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

  • Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.

  • Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.

Маңыздылығы

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені - озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.



Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: «Батыр Баян» поэмасының тақырыбын, негізгі идеясын ашып көрсету;

ә) дамытушылық: талдау, салыстыруқабілеттерін,танымдылығын,сөздік қорын дамыту;

б) тәрбиелік: отансүйгіштікке, тәуелсіздікті құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, іздену,зерттеу.

Сабақтың әдісі: проблемалық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, СТОстратегияларының элементтерін қолдану.

Көрнекіліктер: портрет, көрме, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз қазақ әдебиетінің бес арысының бірі Мағжан Жұмабаев туралы білетінімізді ортаға салып сабағымызды жалғастырамыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру

4.Қорытынды.

Ендеше өздерің айтып кеткендей Мағжан -эпик ақын екендігінің тағы бір дәлелі оның «Батыр Баян» поэмасы.

5. Жаңа сабақ.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.

Мақсаты: тақырбын,негізгі идеясын ашып көрсету, композициялық құрлысына кешенді талдау жасау.

Кіріспе сөзі: Мағжан өзінің бұл поэмасында қазақ халқы үшін ең ауыр азапты кезең- жоңғар соғысын баяндайды. (фильмнен үзінді)

Осы кезеңде халықтың басын қосып, қазақты ауызбірлікке шақырған

Абылай хан болатын. Абылайхан қасына батырларды жинаған, солардың ішіндегі қазақ жұртының тәуелсіздігі жолында өмірін күреске арнаған ер жүрек батырдың бірі Баян батыр да болған. (слайд)

Поэманы сіздерге алдын ала оқуға берген болатынмын, соны еске түсіру мақсатында

қысқаша фильмнен үзіндіні көру. Поэманың үзіндісі неден басталады. (кітаптан оқу)

Мазмұны мен көркемдік кестесі жағынан эпикалық дастандар сарынына үндес шығарма

Туындыны құрлысын қарай талдап көрейік.

Оқиға неден басталады- -шапқыншылық кезінде қалмақ қызының қолға түсуі.

Қалайша ,дамып өрбиді - -Баян оны еліне алып келуі.

Шиеленісуі -Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.

Шарықтау шегі- -Ноян мен қалмақ қызының Баян қолынан қаза болуы.

Шешімі- -Батыр Баянның жоңғарлардың қолына өзі барып,түсуі.

Сұрақ-жауап жұмысы.

-Демек, осы мағлұматтарға сүйене отырып «Батыр Баян» қандай поэма дер едіңдер?

(Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға ұқсас)

Тарихи оқиғалар

-Бұл поэмада қандай мәселелер қозғалған? Отанды қорғау

Халқын,еліне деген сүйіспеншілік

Махаббат тақырыбы

-Негізгі кейіпкерлерін ата?

-Баян туралы не айтар едіңдер?

(батыр, ержүрек, Отанын, жерін сүйетін , Абылайдың құрмет тұтатын батыры)-Баянның батырлығы қандай әрекеттер үстінде көрінеді? (кітаптан тауып оқы) слайд

-Баян образы қалай сомдалған? (Слайд Баян суреті)

( Оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдалған.)

(слайдта суреттері) Қорытынды:

Баян ,Ноян, Қалмақ қызы образдары арқылы біз нені көреміз?

Мұғалімнің сөзі: Бұл образдар арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.

Поэманың көркемдік ерекшелігі, тіл шеберлігіне келсек. Мұнда теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу де бар.

Мысал келтіріп тауып көрейік. Бірінші қатар - Теңеу(поэмадан мысал келтір).

Екінші қатар-Метафора

Үшінші қатар-кейіптеу

Поэмадағы негізі тартыс - ақыл, сана, сезім, жүрек, ар.

Рефлексия. Ой толғау.Қорытынды: «Батыр Баян» терең психологиялық, адам жанының қалтарысын көрсете білген күрделі тарихи-эпикалық поэма. Сабақ басында айтып кеткендей Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20жылдығын тойлап отырғанымыз да тарихта болған елін, жерін жаудан қорғаған батырлырымыздың арқасы. Сондықтан да мына өлең жолдарымен сабағымды аяқтаймын

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса даел, шөл ұмытпас

Арқаның селі,желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

Үй жұмысы: өзіңе ұнаған үзіндіні жатта . Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал