7


  • Учителю
  • Кереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба

Кереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ .........................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Ағашқа қатысты наным-сенімдер .........................................................5



2. 2 Ағаштың тұрмыстағы қолданысы ..........................................................8



2. 3 Жаркент жеріндегі «Әулие ағаш» .......................................................10



2. 3 Сөйлейтін ағаштар ................................................................................13



2. 4 Ағаштар өмірдің сыйы ..........................................................................15



2. 3 Ағаштардың таңғажайып әлемі ...........................................................20



ҚОРЫТЫНДЫ



Ағаш ек, тал ек, туған жерді көркейт ........................................................23



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................24















Аңдатпа

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.

Ал ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Адам баласы ықылым заманнан ағашты пайдасына жаратқан, оны киелі санаған, кей елде оған табынатын болған, соған байланысты сан алуан әдет-ғұрыптарды қалыптастырған.

Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды. Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады.

Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеу өте қолайлы. Алма, алмұрт, алхоры, жиде, шие, долана, өрік т.б. жеміс ағаштары қатты, тығыз, жылтыр болып келетіндіктен, кәделік ағашқа саналып бұйым жасауға жарамды деп саналады. Ағаштың жапырақтары мен қабығы, шайыры жүн, тері бояуға, тері илеуге, қабықтыруға пайдаланылған. Қайыңның жапырағы, емен мен анар ағашының қабығы, таулы өңірден талдың қабығынан алынған бояулар ертеде кең пайдаланылған.

Табиғаттың бір бөлшегі ағаштың киелі қасиетін танып-білу, оны орынды пайдалана алу - біздің парызымыз.



















№244 Ы.Жақаев атындағы орта

мектебінің 3 «А» сынып оқушысы

Қазыбек Аймекеннің «Кереметі көп киелі

ағаш» атты ғылыми жобасына

Пікір





Оқушы Қазыбек Аймекеннің «Кереметі көп киелі ағаш» атты ғылыми жұмысы айналамызда қоршаған көп ағаштың жай ағаш емес, адамға өмір нәрін сыйлаушы қасиетті ағаш екенін танытуға, оның қыр-сырын ашып көрсетуге арналған.

Ғылыми жұмыста ағаштардың көптүрлілігі және олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері жан-жақты ашылып көрсетілген. Тұрмыста ағаштардан жасалатын бұйымдардың сан алуан түрлері аталады. Олардан жасалатын үй құрылыстары, жиһаздар, ер-тұрман, ыдыстар ағашсыз адам өмірі жоқ екендігін көрсетсе, олардың адам ағзасына тигізетін қасиеттерін көрсету ғылыми жұмыстың құндылығын арттыра түскен.

Ізденуші сонымен қатар, әрбір ағаштың емдік қасиетін терең зерттеп аша отырып, қайсібір ағаштардан шипа алып, қай ағаштарға жоламау қажеттігін көрсетеді. Әрбір адамның өз жұлдызына қарай ағашы болатынын және сол ағашты жанына жақын тұтатынын талдап көрсетеді.

Тылсым табиғаттың бір бөлшегі ретінде ағаштың қасиетін тани отырып, оның шипасын орынды пайдала алсақ, ұрпақ денсаулығының нығая түсеріне сенім білдіреді.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.





№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы Қазыбек Аймекеннің ғылыми зерттеу жұмысы жайлы



К Ү Н Д Е Л І Г І

(2014 жыл)



Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетек-ші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу

Қаңтар -ақпан,

2014 ж.



«Кереметі көп киелі ағаш» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Наурыз-сәуір 2014 ж.



Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу



мамыр-тамыз

2014 ж.



Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

қыркүйек-қазан

2014 ж.



Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.







Кіріспе

Ағаш отырғызған бір кісінің амал дәптеріне,

отырғызған ағашының жемістеріндей сауап жазылады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

Ағаш - сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөке ағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш - Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш - Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн. жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. Кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қылқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физико-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы - бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

Жаңадан өмірге келген сәбидің бесігі де, өміріміз біткеннен кейін қабірге апаратын табыт та сол ағаштан жасалады. Ағаштардың арқасында табиғат көз тартарлық жап-жасыл. Сол тамаша табиғаттың аясында, ағаштардың көлеңкесінде демаласыз. Ағаштар ауаны тазартып, суықта үйді жылытады.

Осы ағаштарды қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін солай қорғауға тиіспіз. Өртеніп кеткен орманды, аяусыз кесіліп, көліктермен жан-жаққа жөнелтіліп жатқан ағаштарды көрген кезде жүрегіңіз ауырады. Адам баласы берілген жақсылықтардың қадірін біліп, шүкір етуі және дұрыс қорғауы тиіс.

Ертеде бір патша нөкерлерімен аңға бара жатып, бір ақсақалдың ағаш егіп жатқанын көреді. Патша ақсақалға жақындап келіп сұрайды:

- Неге сонша қиналып жатырсыз? Бұл ағаш бірнеше жылдан кейін жемісін береді. Оған сіздің ғұмырыңыз жетпейді ғой,- дегенде ақсақал:

- Тақсыр, мен өмірімнің жетпейтінін білемін. Бірақ, мен аталарымның еккен ағаштарының жемісін жеген едім. Ертеңгі ұрпақ та менің еккен ағаштарымның жемісін жесін, - деп жауап беріпті. Патша қарияның айтқан жауабына аса риза болып, бір қалта алтын береді.

Сонда ақсақал: - Көрдіңіз бе? Менің еккен ағашым казірден жемісін бере бастады, - депті. Патша бұл сөзге де риза болып, тағы да алтын береді.

- Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді, - деген екен ақсақал.



















































































Негізгі бөлім



2. 1 Ағашқа қатысты наным-сенімдер



Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштар да жаны бар «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған.

Өйткені адамдар жер бетінде пайда болысымен-ақ ең бірінші ағаш, тасты тұтынып өмір сүрген. Содан бері жалғасып келе жатқан үрдіс: көп адамның ағашты киелі санайтыны, кей елде оған табынатыны, соған байланысты сан алуан әдет-ғұрыптарды атқаратыны. Ал ағашқа қатысты таным-түсініктің, зерттеудің ең нақтысы - оның өмірді оттегімен, биоэнергиямен, сұлулықпен қамтамасыз ететіндігі.

Саян-Алтайдағы түрік халықтары ағашқа құрбандық шалып, сан түрлі жора-жосындар атқарады. Олардың ағашты ерекше қастерлеуі орманды өлкенің тұрғындары болғандығымен байланысты болса керек. Мысалы, иркит руы өздерінің «әкесі ырғай, анасы қайық» деп санайды. Ал қазақта қыпшақ руының арғы тегі ағашпен байланысты айтылатыны белгілі.

Иенде өскен жалғыз ағашты қасиетті ағаш, шығыс қазақтары сетер ағаш немесе көбіне тал кездесетіндіктен сетер тал деп атайды.

Қазақ наным-сенімі бойынша әулие адамның табаны тиген жерде өскен немесе әулиенің көлеңкесі түскен ағаш қасиетті шашқа айналады екен. Қазақ жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санап, оны кеспейді, зақым келтірмейді, тіптен саясына барып, ұйықтамайды. Әйтпесе сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, ал дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ, жанның құлазуынан асқан қорлық жоқ деседі. Жалғыз ағашты жалғыз қалудың нышаны деп қарайды. Топырақ үйілген төбенгіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, шөл мекен далада бұтақтары тарбиып өскен бұталар да қасиетті делінеді. Сол жерлерде түнейді, шүберек байлайды. Әулие жатқан жер деп танып, мал сойып, тілеу тілейді.

Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай-ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

Қазақ мифологиясында бәйтерек космос ағашы ретінде рәмізделеді. Бәйтеректің шағын модель-үлгілері бақан, адалбақан, таяқ, асатаяқ ғұрыптық жосындарды атқаратын киелі құрал қызметін атқарады. Бәйтерек - үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Қазақ арасында кең тараған адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым бәлкім осы жайтқа байланысты қалыптасқан сияқты. Ол туралы мынадай миф бар: «Рух адамның тәнін өлерден қырық күн бұрын тастайды. Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің жапырағында өз адамының есімі жазылған бұтаға қонады. Мұнда адамның аты жазылған қисапсыз жапырақтар көктеп-солып, алма-кезек ауысып тұрады. Жан адам өлгенде шыбын бейнесінде денеден шығып, үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін барып, үйді біржолата тастайды. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жан жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда әйелдің құрсағына қонады, сөйтіп, жаңа өмір пайда болады. Жануарлар да, өсімдіктер де дәл осылай өмipгe қайта келеді».

Жапырағына жан орналасқан осынау киелі терек туралы миф түркі халықтарына кең таралған. Қазақта басқаша бір нұсқасы тағы бар. Онда «Жер мен көктің кіндігінде жападан жалғыз өскен киелі бәйтерек бар. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бұл бәйтеректе жайқалып өскен әрбір жапырақ жер жүзінде жасаған әрбір адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер жүзінде тіршілік етіп отырған әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келеді, жапырағы жайқалып өскенде өсіп, үлкейіп, кемеліне келеді, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса, қартаяды, жапырағы үзіліп, жерге түссе, қазаға ұшырайды» дейді. Бұл сюжеттерде әлем ағашты, яғни ғаламның вегетативті моделі көрініс тапқан.

Қазақ халқы өзінің өмір-салтын, тұрмыс-тіршілігін, кейбір әрекетін ағашқа теліп, ағаштарды адам бейнесіне енгізіп, сан түрлі аңыз-әңгіме</</font> шығарған.

Бүл мифтік сюжеттер қазақтың байырғы өмір салтының метафоралық образы іспеттес. Расында да, ағаштардың сыртқы түр-тұрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі қазақтың ежелгі тіршілігін еске түсіреді. Ұзын қарағай тәкаппар адам, мықшиған сексеуіл жазықсыз жапа шегуші, таста өсетін арша тасбауыр, қызыл тобылғы ұялшақ кейіпкерлер ретінде сомдалып, халқымыздың қалың мал төлеп неке қиятын көріністері айқын бейнеленеді. Осындай мифтік түсініктен туған ағаштардың араздығы мен татулығы, құдаласу сарыны «Ағаш өлең» деп аталатын кейбір халық өлеңдері мен жұмбақ айтысқа да жиі арқау болады. Кейбір халықтарда мынадай ырымдар сақталып қалған:

* Африка елдерінде ағашты құлатпай тұрып оның түбіне пальманың майын құйған.

* Тунгустар ағашты кескенде ол ауырсынып, жылайды деп сенген.

* Саян-Алтайдағы түрік халқы ағашқа құрбандық шалып тұрған.

* Иркит руы «әкеміз-ырғай, анамыз-қайық» деп ағашқа табынған.

* Ертеректе белорус халқында мынандай наным, сенімдер болған:

1. Шетен ағашын қиған адам өледі.

2. Сықырлап тұрған ағашты қиюға болмайды, себебі онда адамның қиналып тұрған жаны бар.

3. Мұндай ағаштан салынған үйдің тұрғындары көкжөтелмен ауырады.

4. Безі бар ағашты қиған адамға жара шығады.

5. Өсіп тұрған ағаштың қабығын аршыса, мал қырылады.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!









12



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал