7


Сын есім туралы түсінік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сын есім туралы түсінік. Сын есімнің шырайлары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә) дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, түгелдеу
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім деген не? Мысал.
3. Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз не?
4. Деректі және дерексіз зат есімдер деген не?
5. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
Үйге берілген жаттығуды тексеріп болғаннан кейін, өткен сабақты қорытындылау ретінде I, II нұсқалы перфокарталар таратылады. Уақыты - 2 минут. Оқушылар орындап болғаннан кейін жұптарымен жұмыстарын алмастырып тексереді. Өздері бағалайды.
1) 0 қате "5"
2) 1, 2 қате "4"
3) 3 қате "3"
П. Оқушылардың назарын кодоскопқа аудартамын. Кадоскопта төмендегідей схема беріледі. Заттың сындық қасиеттері
1. Түрін, түсін: ақ (қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).
2. Көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп).
3. Сапалық белгісін, сипатын: жақсы (сөз), сараң (адам), жалқау (кісі).
4. Дәмін, иісін және басқа сипаттарын: ащы (пияз), тәтті (тағам).
5. Затқа, қимыл, іс - әрекетке, мезгіл - мекенге қатысты: балалы (үй), қысқы (демалыс), білімді (жігіт).
Сұрақтары: қандай, қай?
Осы схема бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді. Мысалдармен дәлелдейді.
Жаңа сабақ
Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сұрағына, атқарылатын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын білдіреді.
Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:
1) заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сұр (бұлт), қызыл (алма) т. б.
2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын (ағаш);
3) заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала),
зерек (оқушы), ақылды (адам);
4) заттың дәміне, иісіне сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (құрт), тәтті
(тағам), жұмсақ, (нан);
5) затқа, қимыл, іс - әрекетке, мезгіл - мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі
(көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т. б.
Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай. Мұнда желсіз, жарық сөздері түн жөне ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сұраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.
Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.
127 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.
Келесі тапсырма: 128 - жаттығу жұмысының шарты мынадай: Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.
Келесі тапсырма: 129 - жаттығу жұмысы. Бұл жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 130 - жаттығу жұмысының шарты мынадай: Мәтінді оқып сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықта.
Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 131 - жаттығу жұмысы. Бұл жаттығу жұмысының шарты мынадай:
Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы сын есімдерді тіркескен сөзімен қоса теріп жазыңдар.


Тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: тірек сызба
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ үдерісіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру. 40 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып келу.
Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтау.
Жыршы -
Жібек жіп -
Кесте -
Шешен -
Даугер -
Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату.
Мәтін ------------ ұқсастықтары --------------- Сөз
б) Жаңа сабақ
(Балалар тақтадағы мысалдарды оқып, өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді).
Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен
Көздің жасы - тура мағына
Жас адам - ауыспалы мағына
Жасы үлкен - ауыспалы мағына
в) Жаттығу жұмыстары
41 - жаттығу. ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.
Сөздер ----------- Тура мағына ---------- Ауыспалы мағына
Бет ----------- Адамның беті ---------- Бетімен кету
Құлақ
Қабырға
Дүние
Кілт
Ақ
Өту
Келу
Терең
ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі, дерексіз екенін табыңдар.
Үлгі:
Деректі сөз --------------- Дерексіз сөз
Қымыз, құрт,... Сұра, турашыл,...
42 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
Үлгі: сөздің патшасы,...
Графикалық диктант
тура
ауыспалы
қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет
г) Бекіту. Венн диаграммасы
Тура мағына ----------------- Ауыспалы мағына
д) Үйге тапсырма

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру. Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.
Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 7 мин
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық жақсы ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасы сұралады.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдер. - (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
4. Сын есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - (сапалық және қатыстық сын есім).
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? - (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? - (дара және күрделі сын есім).
8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - (есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі). Бір - бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл‐ күйлерін көтереді. Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді.
2 кезең
Мағынаны тану 23 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)
«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.
1) Кітап 2) қора 3) он екі 4) Ақсу 5) сұлу 6) ұзын бойлы 7) жеті 8) оқушы 9) майлы 10) сексен тоғыз 11) көктерек 12) қызыл ала 13) бір 14) ауыл 15) шуақты
Мағынаны тану
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімнің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) Жіктеу есімдігі
2) Сілтеу есімдігі
3) Сұрау есімдігі
4) Өздік есімдігі
5) Жалпылау есімдігі
6) Болымсыздық есімдігі
7) Белгісіздік есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жекеше
І жақ Мен (айтушы)
ІІ жақ Сен (тыңдаушы)
Сіз
ІІІ жақ Ол (бөгде жақ)
Көпше
І жақ Біз (тыңдаушы жақ)
ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ)
Сіздер
Олар (Бөгде жақ)
Жаттығулар жұмысы
192 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, есімдіктердің қай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын ауызша айтады.
193 - жаттығу. Жіктеу есімдіктерін теріп жазады.
194 - жаттығу. Мәтінге ат қояды, жіктеу есімдіктерін теріп жазып, қай септікте тұрғанын көрсетеді. Оқушылар жеке тыңдайды, сұрақтарына жауап алады, жауап береді. Бір - біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Жаттығулар жұмысын орындайды.
3 кезең
Сабақты бекіту 6 мин
Ой толғаныс. Не білдік?
Тест тапсырмасы:
1. Есімдік қандай сөз табы?
а) Заттың сынын білдіреді.
ә) Есім сөздер орнына қолданылады.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7
ә) 5
б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
а) 3
ә) 2
б) 4
4. Сан есімдерді белгіле.
а) он бір, табиғат, сары
ә) адам, оқушы, жеті
б) алты, он бір, екі мың екі
5. Дара сын есімдерді көрсет.
а) қызыл ала, қара шұбар
ә) ақ, қара, ащы
б) қара көк, сұлу, сары
6. Жалқы зат есімдерді анықта.
а) Астана, Мұхтар, Ұлан
ә) қала, оқушы, сана
б) Көксу, ой, газет
7. Зат есім қандай сөз табы?
А) Заттың қимылын білдіреді.
Ә) Заттың атын білдіреді.
Б) Заттың санын білдіреді.
8. Жинақтық сан есімдерді тап.
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу
9. Туынды сын есімдерді белгіле.
А) бойшаң, сөзшең, таулы
Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ
10. Сан есімнің сұрағын анықта.
А) қандай? Қай? Кімнің?
Ә) қанша? неше? нешінші?
Б) кім? не? несі?
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау 2 мин Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
Үйге тапсырма 2 мин
195 - жаттығу. Көшіріп жазу, жіктеу есімдіктерінің астын сызу, қай жақта, қай септікте тұрғанын көрсету. Ереже жаттау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия 3 мин
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Өткен тақырып бойынша не меңгергендерін айтып, ойларын қорытады.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Сабақтың міндеттері: білімділік - етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық - етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу; тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау, мысалдармен дәлелдеу. 180 - жаттығуды тексеру.
ІІІ. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.
IV. Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау. Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып, еске түсіру. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады, топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақытылы бағалап отырады.
V. Дамыту кезеңі.
1. 181 - жаттығудың етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт боланы қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
2. 182 - жаттығу. а) Қалау рай, ашық рай, бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір - бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Не ексең, соны орасың».
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, рай түрлеріне талданады.
3. Оқушыларға жеке, жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына: «Шалқар - адалдық пен адамдықтың, кісіліктің алдында тік тұратын, қыздарын қыз деп қойып қалмай, қыз бала деп сыйлайтын, екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,
«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп, шашын төбесіне түйіп, есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдыру.
«Шартты рай» тобына:
«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам, атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса, жасы жетуден болар,
Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды.
Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыр.
«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!
«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».
Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райды етістіктерді тауып, шарты райға айналдыру.
Досы көпті...
Елдің атын...
Айтпас жерде сөзіңді...
өнерлі жан өрге...
Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістік қойып, көшіріп жазу.
4. «Қазымыр» ойыны. Әр топтан бір оқушы тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.
VI. «Түйін түю» стратегиясы. Топ басшылары топ аттарына лайық рай түрлерінің жасалу жолдарын қолдарына берілген стрелка үлгісінде қиылған қағазға толтырып, тақтадағы «рай» деген сөздің айналасына ретімен іледі.
VII. Үйге тапсырма. 183 - жаттығу. Рай түрлерін қайталау.
VIII. Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістіктің шақ категориясы туралы мағлұмат беру, шақтық мағынаны білдіретін етістіктің морфологиялық құрылымын ұғындыру.
Дамытушылығы: етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі, ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу, басқа сөз таптарымен байланыстыру.
Тәрбиелілігі: Қазақтың ұлттық дәстүрін, салтын сақтау, адамдар бір - бірінің жай - күйін, тұрмыс - тіршілігін түсіне отырып, бір - біріне қамқорлық жасауын үлгі ету.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Сатылай оқыту деңгейі
Сабақтың көрнекілігі: Шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын, жасалу жолын көрсететін кесінді.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырып

Оқулық бойынша жұмыс

Осы негізде «Аққу» мәтіні жұмыс орындалады.
Өз бетімен жұмыс
«Наурыз көже» тақырыбына мәтін.
Сурет бойынша жұмыс. «Көшет отырғызу»
Екті-егіп жатыр
Қазды-қазып жатыр
Көмектестік-көмектесіп жүр
Әкелді-әкеліп тұр
Құйдық -құйып жатыр
Ұнады-ұнап тұр

Деңгейлік тапсырмалар

Үй тапсырмасы: 1). 124-жаттығу 2).Көктем айларындағы мерекелер
«Қорыту» стратегиясы
Етістіктің шақ категориясы
1. Сөйлеп тұрған кезде болатын іс - әрекет
2. Сөйлеп тұрған кезден бұрын болатын іс - әрекет
3. Сөйлеп тұрған кезде болып кеткен іс - әрекет
Бағалау:Оқушы жетістігін бағалау,марапаттау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал