7


  • Учителю
  • План урока-конференции по Абайтану

План урока-конференции по Абайтану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

План урока-конференции по Абайтану

























Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арманҚартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.

Бай алады: кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп,

Би мен болыс алады күшін сатып,

Мен қазақтан кегіңді әперем деп.

Жарлы алады: қызметпен өткерем деп.

Елубасы: шар салып, леп берем деп.

Жалаң қаққан жат мінез жау алады:

Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.

Дос алады:бермесең,бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға сырт берем деп,

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем деп,

Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.

Жүз қараға екі жүз аларман бар,

Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,

Мал берсем сен мендік бол деп берем деп

Қара қарға сықылды шуласар жұрт:

Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.

Бұзыларда ойламас бет көрем деп,

Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.

Қабаған итше өшігіп шыға келер,

Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп.

Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,

Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.

Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен.

Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?

Атаны бала аңдиды, ағаны іні,

Ит қорлық немене екен сүйткен күні.

Арын сатқан мал үшін антұрғанның

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.

Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,

Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.

Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,

Паруардигәр жаратқан несін жан қып!

Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын.

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.

Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,

Өз үйінде шертиген паңы құрсын.

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» - Абайдың 1886ж. Жазған өлеңі. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би,болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сүмсүрқия, аларман, орыс, . Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді - осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жүз қүбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.





































Сабақ-конференция

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...





Мақсаты: ұлы ақын шығармасымен терең жан-жақты дамыту.

Міндеті: қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын таныту.

Сабақ барысы:

  1. Презентацияны тамашалау

  2. Абайдың өмірбаяны

  3. Қарасөздері

  4. Өлең-сөздің патшасы

  5. Абайдың аудармалары

  6. Абайдың нақыл сөздері

  7. Өлеңді талдау

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» - Абайдың 1886ж. Жазған өлеңі. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би,болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сүмсүрқия, аларман, орыс, . Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді - осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жүз қүбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте</<span> жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал