7


  • Учителю
  • 'Жеңісті жақындатқан майдангер ұстаздар'

'Жеңісті жақындатқан майдангер ұстаздар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлы жеңіске 70 жыл !

Жеңісті жақындатқан майдангер ұстаздар

Ауызша журналдың мақсаты: Оқушыларға ерлік пен батылдық туралы түсінік беру , Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер: суреттер,буклет, «Жеңіс», «Отан » туралы жазған нақыл сөздер, « Тағзым» , «Майдангер ұстаздар» атты кітаптар т.б.

Кітапханашы: Облыстық орталық кітапхана залында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70- жылдығына арналып шыққан «Майдангер ұстаздар» атты кітаптың тұсаукесер кешіне қатысқан болатынмын енді сол кітапты бугін ауызша журнал ,осы кітаппен таныстыру мақсатында ұйымдастырып отырмын . Еліміздің заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев «Кешегің түгенделмей, бүгінгің түгенделмейді » деген екен. Кітап авторлары Жанбибі Дүйсенбаева мен Қойлыбай Қаражанов т .б көптеген аға апаларымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Тарих қойнауын ақтару арқылы өлкеміздегі майдангер ұстаздарды жинақтап бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, ұлағатты да сауапты іс тындырды . Сауапты іс тындыру арқылы жоғалғанды жаңғыртып, біздер сияқты ұрпақтарына қуаныш сыйлады .Мен осы кітаптың шығуына орай аудандық,облыстық газеттерге «Майдангер ұстаз», «Алғыс білдіреміз» , «Қос энциклопедияның тұсаукесері» атты мақалаларым .газет беттеріне жарияланды. Бүгін сіздердің назарларыңызға Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70- жылдығына арналған «Жеңісті жақындатқан жандар» атты ауызша журнал ұсынамыз.

1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы Екінші жаһан соғысының ауқымды құрамдас бөлігі болды.Екінші жаһан соғысы 1939 жылы 1-қыркүйекте басталып,1945 жылы 2-қыркүйекте аяқталғаны болса, Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22- маусымда басталып, 1945 жылғы 9- мамырға дейін созылды. Әскери-саяси екі коалицияның теке-тіресі адамзат тарихындағы аса үлкен қырғынға айналды.Оған сол кезде әлемде бар 73 мемлекеттің 61-і қатысты, жер шары халқының 80 пайызы соғыс өртіне шалдықты . Екінші дүниежүзілік соғыста жауға қарсы күрес ортақ болғанымен, әрбір өңір үшін оның тарихы әрқилы. Маңғыстау түбегіндегі екі ауданнан Форт Шевченко қаласының әскери комиссариаты арқылы майданға 4128 адам аттанып, оның 2539-ы оралмады. Енді осы жеке тоқталып отырған « Майдангер ұстаздар» - Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты есімдері ескірмейтін,кешегі өзекті өртеген отты жылдарда ел намысын қорғаған аталар мен ағалардың ерлікке толы жауынгерлік жолдары мен жас ұрпақты біліммен сусындатқан майдангер ұстаздардың ешқашанда еңбектері мен ерліктері ұмытылмайды.

1. Әбдіхалықов Әбілхан 1902 жылы туылған 1941 жылы майданға аттанып, 1942 жылы қарашада хабарсыз кеткен.1920 жылдары қазақтың біртуар ғалымы А Байтұрсынұлының араб графикасы бойынша төте жазу әліпбиін жасап, дайындаған оқулығы бойынша халыққа білім беру мектептерінде бастапқы жұмыс жасаған санаулы мұғалімдер қатарында Әбекең де болған -ды . Еті тірі ,өз бетімен сауаттанған Әбілхан 1925 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданады. Ұстаздардың ұстазы болған Әбілхан туралы нақты деректер аз .Әбілхан аға ұстаздықты Кетік қаласында бастап, кейін ауылдық мектептерде жалғастырған. (31 бетте)

2. Тұрниязов Әбдіразақ 1904 жылы туылған . 1935 жылы Красноводск қаласындағы 1 жылдық жұмысшы факультетінде оқып, «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша құжат алған.1936 жылы бұл туралы «Бастауыш мектеп оқытушысы» мамандығы туралы (23.03.1939) №6394 куәлігі берілген . 1936 жылы Форт -Шевченко қаласындағы С.М. Киров атындағы орта мектепте мұғалім, Тұщыбек ауылындағы орталау мектепте мұғалім, мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1942 жылдың орта шенінен бастап хабарсыз кеткен . Есіл ер майдан даласында мерт болған . (43 бетте)

3. Жанғабылов Жұмағали (Шодыран ) 1909 жылы Ф.Шевченко қаласында туылған. Қаладағы қазақ бастауыш мектебінде оқып,білім алғаннан кейін,сауатсыздарды жою мектебінде мұғалім болып жұмыс жасайды. Кейін 5 айлық мұғалімдер даярлайтын курста оқып,1932-1942 жылдары Маңғыстау ауданындағы Онды, Шайыр, Қияқты,Ұштаған (қазіргі бастауыш мектептерінде мұғалім болып жұмыс жасайды. Қияқтыда бастауыш мектеп үйін де салдыртыпты. Сол бір аса қиын жылдарда жасы жеткен адамдарды мамандығына қарамай ,майданға аттандыруға тура келді. 1942 жылы желтоқсанда Жұмағали да әскерге жарамды деп саналған азаматтар қатарында майданға аттанады .Топырағы майдан даласынан бұйырған болар, сол кеткеннен хат- хабар болмай, елге оралмады. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бір үйден үш бірдей азамат (Әбілхан, Әбдіразақ Шодыран) Үшеуінің фамилиялары үш түрлі болғанмен,үшеуі де бір әке, бір шешеден. Бұлар - атақты Халық ақыны Жанғабылов Сәттіғұл ақынның немере інілері.(35 бетте)

4. Айтбаев Қаржаубай 1912 жылы Форт Шевченко қаласында дүниеге келген. 1931 жылы Форт-Шевченко қаласындағы қысқамерзімді мұғалімдер даярлайтын курстан кейін сауатсыздықты жою мектептерінде ұстаздық етумен еңбек жолын бастаған .1932-35 жылдары Маңғыстау аудандық атқару комитетінде жалпы бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті жанындағы әскери инспектор,1936-43 жылдары Аралды Шебір бастауыш, Тұщықұдық, Қарашағыр жеті жылдық мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарған. 1943 жылы Қарашағыр ауылдық кеңесінен майданға аттанған.Сталинград қаласын азат ету үшін соғыс қимылдарына қатысып, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, «Қызыл Жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен,«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1946 жылы туған елге оралғаннан кейін 1973 жылға дейін Шахта орта мектебінде, С.М. Киров атындағы орта,Қарақұм, Жетібай кентіндегі №11 сегізжылдық мектептерінде денетәрбиесі,география пәндерінен, Ералиев ауданындағы №11, 4 орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген.Білім беру жүйесіндегі ұзақ жылдардағы еңбегі ескеріліп ,облыстық,аудандық білім беру бөлімдерінің Мақтау грамоталарымен марапатталды. «Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздік қызметкері. (53 бетте)

5. Бекарыстанов Зердебай 1924 ж қазіргі Ақтау қаласынан 20-25 км. Қашықтықтағы Торты-Түйебатқан жерінде дүниеге келген.1939 ж 15 жасында бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалім болып орналасады .Қайда барса да«халық жауының баласы»,«бай баласы» деген жалалы сөз соңынан қалмаған ол соғыс басталған кезде 17 жасында майданға сұранып кетеді. Оңтүстік- Батыс майданының № 352 атқыштар полкінің құрамында Сталинград үшін болған шайқасқа, Тула,Воронеж түбіндегі, Харьков үшін болған ұрыстарға қатысады. Осы Харьков түбінде 1942 ж сол аяғынан ауыр жараланып, әскери госпитальге түсіп емделгеннен кейін әскери -медициналық комиссияның шешімі бойынша 1943 жылы сержант әскери шенімен елге оралады. Ол өзі оқып ,ұстаздық жолын бастаған Тельман атындағы мектепке келіп, әуелі оқу ісінің меңгерушісі , кейін мектеп директоры болып қызмет атқарады.Мақсатшыл Зердекең аға өндірістен қол үзбей жүріп, Гурьев мұғалімдер институтын1956ж, Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін 1961 ж бітірді.

Майдангер ұстаздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен батылдығы үшін «ІІІ дәрежелі Даңқ»,« І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін»,«1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.Қарақия ауданының Қызылқұм, Жетібайда ашылған № 3 орта мектептің директоры, кешкі жұмысшы жастар мектебінің директоры болып зейнеткерлікке шығады.Әдебиет саласында да көп ізденетін, үнемі әдеби мұраларды жинаушы ретінде еңбектері 9- сыныпқа арналған « Қазақ әдебиеті» оқулығына енгізілген. (69 бетте )

6. Былшықкөзов Бекмұхан 1921 жылы Маңғыстау ауданының Ортаеспе аулында туған. Гурьев педагогикалық училищесін, мұғалімдер даярлайтын институтты бітірген. 1935 жылдан мұғалім болып жасаған. Бекмұхан ата 1942 жылы қазан айында майданға аттанып, 2-Украина майданында артиллериялық атқыштар дивизиясының 893,906,208,49,33,16-атқыштар полктерінің құрамында соғысқан. Днепр және Висла өзендерінен өту кезіндегі қиын шайқастарына қатысқан. Әскери шені- кіші лейтенант. 1945жылғы 9- мамыр -Жеңіс күнін Германияның Дрезден қаласында қарсы алған. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы үшін «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 1946 жылы елге оралғаннан кейін Ортаеспе аулындағы бастауыш мектепте мұғалім, мектеп меңгерушісі болып ұзақ жылдары жұмыс жасаған.Ералиев ауданына қарасты № 3 мектептің бастауыш сыныптарына сабақ беріп , зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасады . (76 бетте)

7. Мастаев Құбаш 1923ж бұрынғы Гурьев облысы Теңіз ауданы Өлеңді аулында дүниеге келген .1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылады.1943-1945ж. 4-Украин , Оңтүстік майдан, 3- Прибалтика және 1- Украин майдандарының құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыс қимылдарына қатысып, жеңісті Германияның Лигнец қаласында қарсы алған. 1947 жылдың мамырына дейін Закавказье әскери округінде әскери қызметте болған. Ұлы Отан соғысында көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін«Қызыл Жұлдыз», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін»,«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. 1947 ж .елге оралып, Гурьев облысының Теңіз ауданындағы Ленин атындағы орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасады. Өндірістен қол үзбей жүріп 1956ж Гурьев пед институтын бітірген.Отбасы жағдайына байланысты 1968-1984 жж. Қарақия ауданы № 3 мектепте АӘД , жоғары сыныптарға тарих пәндерінен мамандығы бойынша мұғалім, мектептің оқу ісі меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Қазақ КСР-ы халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, облыстық Құрмет грамоталармен марапатталған. (142 бетте)

8. Елубаев Ғазез 1923 жылы Батыс Қазақстан обысының Тайпақ ауданына қарасты Сайқұдық аулында дүниеге келген.1942ж орта мектепті бітіргеннен кейін Киров бастауыш мектебінің мұғалімі, мектеп меңгерушісі болып ұстаздық жолын бастаған. Ұлы Отан соғысына1942 жылдың соңында майданға аттанған. Сталинградты қорғау кезінде 1943 жылы наурызда қатты жараланып, әскери госпитальда емделіп, әскери -мед комиссияның сараптама қорытындысымен әскер қатарынан босатылады. Келген соң 1944-48 ж Тайпақ ауданында Кеңсуат мектебінде әскери істері пәнінің мұғалімі, кейін Киров бастауыш мектебінің меңгерушісі болып тағайындалады.1952ж Орал қаласындағы пед. Институтты география ,биология мамандығы бойынша бітіреді. 1951-52 оқу жылында Маңғыстау ауданының Сенек жетіжылдық мектебіне мұғалім, 08.08.52 ж. мектеп директоры болып тағайындалады (88 бетте)

9. Елубаев Мақаш 1924 ж 19 -мамырда Маңғышлақ облысы Форт-Шевченко ауданы Қызылөзен ауылында дүниеге келген .

1934 ж. Тельман бастауыш мектебінде оқып, білім алады. 1942 ж.қыркүйек айында Ұлы Отан соғысына Форт- Шевченко әскери комиссариаты арқылы аттанады. 3- Украин майданы әскерлерінің 316- атқыштар дивизиясының 818-полкінің құрамында автоматшы-атқыш болып немістерге қарсы соғыс қимылдарына қатысады.1944ж. қатты жараланып,емделгеннен кейін әскери- мед комиссияның шешімімен елге оралады.Тельман жетіжылдық мектебінде «әскери дайындық ісі,дене тәрбиесі» пәндері бойынша сабақ береді.1948 ж Гурьев пед. Училищесін өндірістен қол үзбей бітіреді. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығы бойынша 1985 ж «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», Ұлы жеңістің мерейтойлық медальдарының иегері. Мәкең аға Ералиев бастауыш мектебіне оқу ісінің меңгерушілігіне ауыстырылды.1953-1965ж Қызылқұм, Фетисов мектептерінде,1965-86 жж. аралығында Ералиев орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Ұзақ жылғы еңбектері ескеріліп 1985 ж Қазақ КСР Оқу министрлігі «Қазақ КСР халық -ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен наградталды. (89 бетте)

10. Кезбаев Тәжіғұл 1925 жылы Маңғыстау ауданы Қызылөзен ауыл советіне қарасты Торты елді мекенінде дүниеге келген.1943жылы кәмелетке толған Тәжіғұл майданға аттанады. Әскери дайындықтан өтіп ,1- Украин майданына түседі. Кезбаев Тәжіғұл 1944жылы жараланып елге оралғаннан кейін өзіне ұстаздық жолды таңдайды.Ол өзінің оқытушылық еңбек жолын 1944 ж Қызылқұм бастауыш мектебінде бастайды.Кейінгі жылдары осы бастауыш мектептің меңгерушісі қызметін атқарады. 7 кластық білімінің жеткіліксіз екенін түсінген Тәжіғұл аға 1948 ж Гурьев пед. Училищесіне«Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 1952 ж бітіріп шығады.1948 ж Ералиев бастауыш мектебінің меңгеруші қызметіне тағайындалады. 1973ж Қазақ КСР Оқу Министрлігі Қазақ ССР халық -ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен марапатталады. Бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған Кезбаев Тәжіғұл өмірі-өсер ұрпаққа улгі, бала -шағасына өнеге, жанұясында 12 бала тәрбиелеп өсіріп жеткізген майдангер ұстаз. (106 бетте)

11. Омаров Әліби 1921жылы Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауыл советінде дүниеге келген . 1939 ж өзінің оқыған мектебінде мұғалім болып еңбек жолын бастайды.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1942 ж қаңтар айында Форт- Шевченко әскери комиссариатынан майданға аттанады. № 181 атқыштар полкінің атқышы ,№ 6 танк дивизиясында автоматшы болып, неміс- фашист басқыншыларына қарсы Сталинград, Воронеж бағытындағы соғыс қимылдарына қатысады. 1944ж жараланып , госпитальге түсіп емделгннен кейін әскери- мед комиссияның қорытындысы бойынша әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылып , елге оралады «ІІ дәрежелі Отан соғысы»орденімен , «1941-1945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін» және Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Елге келген соң Ұштаған мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ береді. Өндірістен қол үзбей Гурьев қаласындағы пед. училищесін 1949 ж .аяқтайды. 1951 ж бастап Сенек жеріндегі мектепте жұмыс жасап, соңынан Аққұдық аулындағы мектепте өмірінің соңына дейін қызмет етті . ( 148 бетте)

Кітапханашы: Өздеріңіз көріп отығандай осы кітапта Маңғыстау өңірі халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерліктері, тыл еңбектерінің толағай еңбектері мұрағаттық дереккөздері мен қосымша әдебиеттерге сүйене отырып, орынды баяндалған. Біздің жерлестеріміз- біздің мақтаныштарымыз . Ұлы Жеңіс- барша халықтың жеңісі. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан ерен ерліктері ешқашан да ұмытылмайды !





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал