7


  • Учителю
  • Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сайыс сабағы «Тапқыр болсаң, тауып көр» (5- сынып)

Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сайыс сабағы «Тапқыр болсаң, тауып көр» (5- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Озерный орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Г.К.Омарованың

4 сыныпта өткізген сайыс -сабағы


Тақырыбы: «Тапқыр болсаң,тауып көр» Мақсаты:

1.Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін, ойлау қабілетін дамыту;

2.Сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

- Бүгін 4-сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсан,тауып көр» атты сайыс өтпекші. Сайысқа қатынасатын оқушылар қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша өз білімдерін және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетеді. Сайыс 4 бөлімнен тұрады. Сайысқа 6 оқушы қатысады.

І бөлім: «Бәйге» жарысы. Бұл бөлімде әр бала 20 сұраққа жылдам, әрі тез және дұрыс жауап беруі тиіс. Бұл жерде уақыт шектеусіз: әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпай. Әр бала таңдап бір тапсырма алады. Аз жауап берген соңғы екі оқушы сайыстан шығады.

1-тапсырма.

1. Зат есім қандай сұраққа жауап береді? (Кім? Не?)

2. 2-нің кубы. (8)

3. Біз немен демаламыз? (Ауамен)

4. «А» қандай дыбыс? (дауысты, жуан дыбыс)

5. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

6. Ауданның формуласы (S=a*b)

7. Сөйлем мүшелерін ата. (Тұрлаулы, тұрлаусыз)

8. Итмұрын деген не? (Дәрілік өсімдік)

9. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)

10. Құрманғазы кім? (Күйші, композитор)

11. «Ж» қандай дыбыс? (Дауыссыз)

12. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

13. Қоянның неше аяғы бар? (4)

14. 4-тің квадраты. (16)

15. Күйші Динаның ... фамилиясын айт. (Нұрпейісова)

16. Етістік нені білдіреді? (Қимыл-қозғалысты)

17. Жеті атаңды білесің бе? (Білемін, білмеймін)

18. Жусан не? (Шөп)

19. «Ұшты-ұшты» не? (Ойын)

20. Х + 4 - қандай өрнек? (әріпті өрнек)

2-тапсырма.

1. «Б» қандай дыбыс? (Дауыссыз)

2. 5-тің квадраты? (25)

3. 25 қандай сан есім? (есептік)

4. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)

5. Қар жылдың қай мезгілінде жауады?

6. Салмақтың өлшем бірлігі? (т, ц, кг, г, мг)

7. 1976-шы - қандай сан есім? (реттік)

8. «Басқан жері сықырлап келіп қалды ...» кімнің өлеңінен үзінді? (Абай )

9. «Ы» қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)

10. Ең үлкен бір таңбалы сан (9)

11. Үш жүзді ата (Ұлы, Орта, Кіші)

12. Ең қу аң. (Түлкі)

13. Тасбақа несін арқалап жүреді? (Үйін)

14. 3-тің кубы (27)

15. «Шегіртке мен құмырсқа»мысалының авторы кім? (Крылов)

16. Аң патшасы не? (арыстан)

17. Дастарқанға айтылатын тілек. (Бата)

18. Стақан жабылған шырақ не істейді? (Сөнеді)

19. Ағаштан ағашқа секіріп, жаңғақ жинайтын не? (Тиін)

20. 999-ға 1-ді қосқанда неше шығады?

3-тапсырма

1. . «П» қандай дыбыс? (Дауыссыз, қатаң)

2. 10-ның квадраты (100)

3. Шұбат дегеніміз не? (сусын)

4. Жеміс - жидек қашан піседі? (Күзде)

5. Әкенің әкесін қалай атайды? (Ата)

6. Ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)

7. Абылай кім? (Хан)

8. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ы, ұ)

9. Жыл басы болудан құр қалған жануар. (Түйе)

10. Қазақтың музыкалық аспабы? (Домбыра)

11. Санды нөлге көбейткенде не шығады? (0)

12. Үй құстарын ата (Тауық, қаз, үйрек)

13. Құртты неден жасайды? (Сүзбеден)

14. Сан есімнің түрлерін ата. (Реттік, есептік)

15. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2-ге: тұрлаулы, тұрлаусыз)

16. Ертегілер көбінесе қандай сөздерден басталады? (Ерте, ерте, ертеде ...)

17. Периметрдің формуласын ата. (Р = (a+b)*2)

18. Әміре Қашаубаев кім? (Әнші)

19. Жазда қай жерде қар мен мұз жатады? (Таудың басында)

20. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (Ә, ү, і, ө, е, э, ю, я)

4-тапсырма

1.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағ)

  1. Қандай жануардың құлағы ұзын? (Есек)

  2. 9-дың квадратын ата. (81)

  3. «Жалқау» сөзі қай сөз табына жатады? (Сын есім)

  4. Тұнғыш ғалым Уәлихановтың ... атын ата. (Шоқан)

  5. Үш жүзді ата. (Ұлы, Орта, Кіші)

  6. 16:4 - неше? (4)

  7. Көптік жалғауларды ата. (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

  8. - қандай фигура? (тік төртбұрыш)

  9. Түркі халықтарының жаңа жылы қашан? (22 наурыз)

  10. Аң патшасы (Арыстан )

  11. Қасқыр нені жақсы көреді? (Ет)

  12. Қымыз қай малдың сүтінен дайындалады? (Жылқы)

  13. Тышқан неден қорқады? (Мысықтан)

  14. Күн қай жақтан шығып, қай жаққа батады? (Шығыстан шығып, батыста батады)

  15. 100:100. (1)

  16. Көктемдегі алғашқы шығатын гүл? (Бәйшешек)

  17. Аққаланы қашан дайындаймыз? (Қыста)

  18. Еділ, Жайық, Сырдария - нелер? (Өзендер)

  19. 4-тің квадраты неше? (16)

5-тапсырма.

  1. «Қ» қандай дыбыс? (дауыссыз, қатаң)

  2. Көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен, ... (көбейтіндінің мәні өзгермейді)

  3. Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше? Бұл не? (Жаңылтпаш)

  4. «Ұзын - қысқа, кең - тар, ыстық - суық» - қандай сөздер? (Қарсы мәндес сөздер)

  5. Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

  6. Сөздің өзгермейтін бөлігі. (Түбір)

  7. 1000-1000 = (0)

  8. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)

  9. Балықтар қайда өмір сүреді? (Суда)

  10. 1-ден 100-ге дейінгі ондықтарды өсу ретімен ата.

  11. Ән айтатын адам. (Әнші)

  12. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Бұл не? (Мақал)

  13. Ағаштың бүршігі қашан пайда болады? (Көктемде)

  14. Төрт түлікті ата. (Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе)

  15. Төрт қабырғасы тең қандай фигура? (Шаршы)

  16. Сөз неге бөлінеді? (Буынға)

  17. Сары, қызыл, жасыл көз неде бар? (Бағдаршам)

  18. Дүниедегі ең терең көл. (Байкал)

  19. Балды жақсы көретін аң? (Аю)

  20. Орман емшісі. (Тоқылдақ)

6-тапсырма.

  1. 8-дің квадтары. (64)

  2. 9*3 (27)

  3. «Желсіз түнде жарық ай» кімнің өлеңі? (Абай)

  4. Таза ауа қайдан пайда болады? (Өсімдіктен)

  5. Бір жылда неше ай бар? (12)

  6. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? ...

  7. 1-ден 10-ға дейін кему ретімен сана. ...

  8. Өсімдік неден көбейеді?(Тұқым)

  9. Қарағандыда не өндіріледі? (Көмір)

  10. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтеміз? (Жасыл)

  11. Қосмекенділерді ата. ...

  12. Мәтіннің бөліктері.

  13. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)

  14. Тиін қайда өмір сүреді? (Орманда)

  15. Жыл басы не? (Тышқан)

  16. Көкті жұлуға ...

  17. Бір метрде неше сантиметр бар? (100)

  18. Бір минутта неше секунд бар? (60 сек)

  19. Бір аптада неше тәулік бар? (7 )

  20. Қымыз не? (Сусын)

ІІбөлім. «Сөз мәйегі - мақал» сайысы. Бұл бөлімде әр балаға 4 мақалдың бір жолы оқылады, ал оқушы жалғасын табуға тиіс. Дұрыс жауап 1 ұпай.

1-тапсырма.

  1. Оқу - білім бұлағы, ...

  2. Өз үйім - өлең ...

  3. Батыр туса ел ырысы, ...

  4. Асыл тастан шығады, ...

2-тапсырма.

  1. Оқусыз білім жоқ, ...

  2. Отан оттан да ...

  3. Еңбек етсең ерінбей, ...

  4. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол ...

3-тапсырма.

  1. Жақсы бала жеткізеді мұратқа, жаман бала қалдырады ...

  2. Еңбектің наны тәтті, ...

  3. Көз қорқақ, ...

  4. Ақыл азбайды, білім ...

4-тапсырма.

  1. Ата көрген - оқ жонар, ана көрген ...

  2. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ...

  3. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел ...

  4. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті ...

ІІІ бөлім. «Ойлан, тап!»

Мұғалім: Бұл бөлімде берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табу керек. Кімнің құрастырған сөзі көп болса, сол бала құрастырған сөзіне қарай ұпай алады. Уақыты шектеулі - 3 минут.

Сөз: «Қанағаттанарлық»

ІV бөлім. «Математикалық ойындар сайысы».

Бұл ойында әр балаға бір-бір тапсырма беріледі. Бұл тапсырмада әр бала өзінің логикалық ойлау қабілетін көрсетеді.


№1. «Ер төстік»

Ерназардың тоғыз ұлы болыпты. Тоғыз ұлына бір үйден 9 қыз әперіпті. Әр келіннен 9 немере, әр немереден 9 шөбере, әр шөбереден 9 немене көріпті. Ерназар тұқымы қаншы?

Жауабы: 7380

Шешуі: мұнда геометриялық прогрессияның төрт мүшесінің қосындысын табу сұралды, яғни 9+9+9+9 9+81+729+6561=7380

Мақал: Төртеу түгел болса, төбедегіні алады.

Алатау ала болса, ауыздағыны береді.


№2. «Жиренше мен 17 түйе»

Баяғыда бір бай ажалы жетіп, қайтыс болар шағында өзінің үш баласын шақырып алып, артында қалған 17 түйесін бөледі. Тұңғыш баласына: ½ бөлігін, ортаншы баласына: 1/3 бөлігін, кіші баласына 9-дан бір бөлігін қалдырады да, о дүниеге көз жұмып кете барады.Балалары әрі ойланып, бері ойланып әкелері айтқан амалды шеше алмайды да, Жиренше шешенді шақырады. Жиренше келеді дегенін естіген халық алаңға жиналады. Жиренше өзі бір түйе мініп келеді. Сөйтіп 17 түйеге өз түйесін қосып ың-шыңсыз әкелерінің өсиеті бойынша үш жігітке түйелерін бөліп береді. Сонда Жиренше түйелерін қалай бөлген? Жауабы: 17+1=18

18:2=9 т. (үлкен ұлға); 18:3=6 т. (ортаншы ұлға); 18:9=2 т. (кіші ұлға); Сонда 9+6+2=17 т.

Мақал: Сөз жүйесін тапса,

Мал иесін табады.

№3. «Туған күніңмен!»

Қай күні туғаныңды жазып қой. Сол санды 20-ға көбейтесің. Енді шыққан санға 73-ті қосып ,туған айыңның рет санына көбейтесің. Сонан соң туған айыңның рет санын 35-ке қосып оны әлгінде 5-ке көбейткен санға қосасың. Содан соң ең соңғы санды дауыстап айтасың. Мен сенің туған күніңді, айыңды айтып беремін. Мысалы: 7*20=140

140+73*1=213

213*5=1065

1065+(1+35)=1101

1101-400=7,01 яғни қаңтардың жетісі сенің туған күнің.

Шешуі шыққан саннан 400-ді алып отырасың.

Мақал: Ақылдан асар амал жоқ,

Батырлар алмас қамал жоқ.

№4. «Кірпіш құюшылар».

Әкесі мен баласы үй тұрғызу үшін кірпіш құюға кірісті. Әкесі баласына 2 кірпіштен құятын қалыпты алады. Баласы іске кірісіп кетті. Әкесі біраз уақыт басқа шаруамен жүріп, аялдап қалды. Баласы біраздан соң 80 кірпіш құйдым,- деді қуанып. Әкесі сені қуып жетемін деп іске кірісті. Екеуі жарыса отырып кірпіш құйды. Әкесі ұлымен бірдей құйғанын хабарлады. Бұған баласы таң қалды. Мұны қалай есептер едіңдер?

Жауабы: Егер баласы 90 кірпіш құйғанда 90*2=180 кірпіш әкесі (60 рет) 180 кірпішті 180:3=60 ре. 60-шы ретте құны жетеді.

Мақал: Бейнет түбі зейнет.

Қорытындылау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал