7


  • Учителю
  • алакөлдегі құстар сабақ жоспары 8сынып қазақ тілі

алакөлдегі құстар сабақ жоспары 8сынып қазақ тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:06.09.16

Қазақ тілі: 8Б

Тақырыбы. Алакөл атауының мағынасы

Мақсаты: Мәтінге қатысты жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорларын байыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, қарым-қатынас тілін байыту, грамматиканы тапсырмалар барысында пайдалана білу біліктіліктерін дағдыландыру.

Түрі: жаңа білім меңгерту.

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, оқулық.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, психологиялық ахуал тудыру:

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге

2.Үй тапсырмасын тексеру:

5 бет 3-тапсырма: Мәтіннен негізгі етістіктерді тауыпжазып, қай шақта тұрғанын анықтаңдар. Ауызша сұрау.

3.Жаңа білім меңгерту: Мәтін 5бет.

«Алакөл» атауы ежелгі түрік және монғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Көл суының түсін бір қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуын болады. Айталық, Сасықкөл - көгілдір түсті, Қоржынкөл -сұрғылт, Қылытұз - сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішіннің түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл »деп атап кеткен.

4.Бекіту кезеңі:

5-бет. 1-тапсырма. Мәтінді орысшаға аудару.

6-бет, 3-тиапсырма: сөйлемге синтаксистік талдау жасап, көмекші етістікті анықтаңдар:

Жергілікті тұрғындар көлді пішіннің түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен.

5. Үйге тапсырма беру:

6-бет. 2-тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

6. Қорытынды: Алакөл тақырыбында кластер құрып, не үйрендік, не білдік.







































Күні: 09.09.16.

Тақырыбы: Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар.

Мақсаты: оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру.

Түрі: жаңа білім меңгерту

Көрнекілігі/: оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша диалог оқытқызу.

  2. Жаңа білім меңгерту: Мәтінмен жұмыс: 6-бет.1-тапсырма.



Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник) , Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 - 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ,үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығыныңтуризмді</<font face="Times New Roman, serif"> дамытудағы маңызы зор.

4.Бекіту: мәтиінді ауызша оқытқызу.

Сұрақтар қойғызу, жазу.

3-тапсырма: алакөл туралы негізгі және көмекші етістіктерді пайдаланып шағын мәтін жазыңдар.

5.Үйге тапсырма беру: 7-бет 2-тапсырма. Диалог оқыңдар.

6.Қорытынды: Сөзжұмбақ құрастыру. Бағалау.



























Күні: 12.10.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал