7


  • Учителю
  • Баяндама 'Н. Назарбаевтің 2015-2016 жылғы жолдауы'

Баяндама 'Н. Назарбаевтің 2015-2016 жылғы жолдауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. . Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз,-деген еді,Елбасымыз өз жолдауында.

Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады. Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік.

Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланған болатын. Осы уақыттың өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол жеткіздік.
Біріншіден, экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды.
Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.
Үшіншіден, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындалуын айғақтайды.

Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым бөлімдерден тұрады..
Біріншісі - өсім. Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Екінші - реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Олар өз ауқымы жағынан 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес.

Үшінші - даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр.

Жалпы осы жолдауда дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты туралы сөз қозғалды.

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру.Біздің маңызды міндетіміз - қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру .Бұл жерде ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс екендігі ,бюджеттің кіріс базасын ұлғайтып, бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы айтылып өтті. Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіліп,дағдарыс жағдайында әр теңге де маңызды екендігі айтылды.
ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды - кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз.

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер:
- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету;
- өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;
- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде - кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;
- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.
БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда - 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі - 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатыны жарияланды.. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға , «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады.

Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!-деді Елбасымыз.

Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылануымыз қажет. Жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің барлығы біз үшін және болашағымыз үшін деп өз баяндамамды аяқтағым келеді..





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал