7


  • Учителю
  • План открытого урока по казахскому языку 'Тарихи ғажайыптар' 6 класс

План открытого урока по казахскому языку 'Тарихи ғажайыптар' 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тарихи ғажайыпар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстан елінің тарихи ғажайыпары

туралы мәлімет беру.

2. Алған білімдерін жеткізе алу қабілеттерін

қалыптастыру, сөздік қорын дамыту.

3. Тапсырмаларды ұқыпты орындауды талап ету.

Тілге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, оқу, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,

кестелер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Түгендеу.

II. Мақсат қою кезеңі.

Сабақта біз Қазақстан елінің тарихи ғажайыпары туралы мағлұмат аламыз. Жаңа сөздермен танысамыз, септіктерді қайталаймыз.

III. Жаңа білімді меңгерту.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңыздар.

Кіріспе сөз.

-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан неге бай?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің еліміздің жері кең байтақ. Еліміздің табиғаты тамаша. Керемет қалалары бар.Сол қалаларда көптеген тарихи ғажайыптар табылған.

-Тарихи ғажайыптарға нелер жатады?

Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті. Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. 2.Тайқазан. 3.Айша бибі мазары. 4.Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. 5.Алтын адам. 6.Домбыра. 7. Күлтегін ескерткіші.

Оқушыларға сөз береміз. Өздері осы тақырыпқа дайындап келген презентациялары бойынша сөйлейді.

Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар.

1.Сөздікпен жұмыс.

Сөздерді сөздікке жазғызу, оқыту.

Меңгерілетін сөздер:

Ғажайыптар- чудеса

таңғалдырып келеді- не перестают удивлять

жәдігерлер - реликвия

Қарғалы кеніші- Каргалинский рудник

алтын бұйымдар - золотые изделия

қойма- хранилище

тышқан бейнелі алтын сырға- золотые серьги с изображением рисунка мышки

түйе бейнелі алтын жүзік - золотое кольцо с изображением рисунка верблюда


өзен аңғарынан- обрыв, овраг реки

жасырылған қойма- засекреченное хранилище

құрым киізден тігілген- сшиты из закапченной кошмы

осындай ойға жетелейді- приводят к такому мнению

ат әбзелдерінің әшекейлері- украшение конской упряжи

сақ мәдениетінің- культура саков

асыл үлгісі болып табылатын- являются золотым образцом

ғажайып сырларын- загадки чудес

зерттеу- исследование

келешектің ісі- дело будущего

2.Слайдтармен жұмыс.

Алматы облысынан табылған тарихи ғажайыптар.

Қарғалы кеніші мен «Жалаулы» қоймасы туралы айту.

А) Қарғалы кеніші-Алматы қаласының маңындағы Қарғалы сайының бойынан 1939 жылы табылған алтын бұйымдар қоймасы. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен қапталып, асыл тастар орнатылған ғажайып өрнекті бұйымдар табылған. Олардың ішінде сирек кездесетін тышқан бейнелі алтын сырға мен түйе бейнелі алтын жүзік бар.

Б)Алтын бұйымдар қоймасы аталған «Жалаулы» қоймасының табылуы -қызық оқиға. Оны Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан мектеп оқушылары тауып алған. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдардың табиғаты осындай ойға жетелейді. Киімдердің, белдіктер мен ат әбзелдерінің әшекейлері, басқа да зергерлік алтын бұйымдардың жалпы саны алты жүзден асады...

3.Оқулықпен жұмыс.

83-беттегі мәтінмен жұмыс жүргізу.

Мәтінді мәнерлеп оқыту, орыс тіліне аударту.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

  1. Қарғалы кеніші қайда орналасқан?

  2. Қарғалы кеніші нешінші жылы табылған?

  3. Бұл кеніш ненің қоймасы?

  4. Бұл жерден қанша бұйымдар табылған?

5. Ғажайып бұйымдардың ішінен нелер кездеседі?

6. Алтын бұйымдар қоймасы қалай аталады?

7. «Жалаулы» қоймасын кімдер тапқан?

8. Қойма қайда орналасқан?

9. Ол қоймадан нелер табылған?

10. Бұйымдардың саны қанша?

11. «Жалаулы» қоймасынан табылған бұйымдар қай ғасырдың жәдігерлері?

12. Бұлар кімнің бұйымдары болып саналады?

4. Дәптермен жұмыс.

Сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді табыңдар.

  1. «Жалаулы» қоймасын Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан мектеп оқушылары тауып алған.

  2. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдардың табиғаты осындай ойға жетелейді.

IV. Тексеру кезеңі.

5.Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар.

6."Тарихи ғажайыптар" тақырыбына диалог құрастырыңдар.

V.Бекіту кезеңі.

7.Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. «Жалаулы» қоймасы қайда орналасқан?

а)Талғарда

b) Каскеленде

c) Кегенде

d)Медеуде

2. Қарғалы кеніші қайда орналасқан?

a) Ақтау облысында

b) Ақмола облысында

c) Алматы облысында

d) Таразда

3. Қарғалы кеніші нешінші жылы табылған?

а ) 1999 жылы

b) 2000 жылы

c) 1988 жылы

d) 1939 жылы

4. Бұл кеніш ненің қоймасы?

a) көмірдің қоймасы

b) мұнайдыңқоймасы

c) алтынның қоймасы

d) күмістің қоймасы

5. «Жалаулы» қоймасын кімдер тапқан?

а ) Ғалымдар

b) Оқушылар

c) Құрылысшылар

d) Мұғалімдер


VI.Қорытындылау.

8. Сызба бойынша әңгіме құрастырыңыздар

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру:

  • Жаңа сөздерді жаттау;

  • "Тарихи ғажайыптар" тақырыбына диалог құрастыру;(жазбаша)

  • 83 бет. Мәтінді мазмұндау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал