7


ҮШ фазалы трансформаторлар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Үш фазалы трансформаторларСабақтың мақсаты: Трансфорсатор құрылысымен танысуБілімділік: Трансформаторлар тақырыбы бойынша оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамытуДамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, анықтам
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үш фазалы трансформаторлар

Сабақтың мақсаты: Трансфорсатор құрылысымен танысу

Білімділік: Трансформаторлар тақырыбы бойынша оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, анықтамалылық мәліметтермен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Болашақ мамандықтарын қадірлеу және құрметтеу қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу-көрнекілік құралдар: плакат

б)үлестірмелі материалдар: сызба

Пәнаралық байланыс: Физика, Электрмеханика, электроника және микропроцессорная техника

Өз бетінше жұмыс: Қызмет көрсетудің негізгі міндетін жазу

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Студенттермен амандасу

2.Балаларды түгендеу

3.Сабақа дайындығын тексеру

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

а) Білімдерін жан-жақты тексеру:

Электр құрылғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері.

б) жаңа сабақты түсіндіруге дайындық:

Трансформаторлар тақырыбы бойынша оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

  1. Үш фазалы трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктері

  2. Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі және жалғану топтары

Үш фазалы трансформаторлар фазалық құрлымы жағынан екі немесе үш орамалы болады да, оларды екі немесе үш орамалы дейді.

Үш фазалы трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктері. Үш фазалы кернеуді (ЭҚК) трансформациялау үшін үшфазалы трансформатор қолданылады. Ең көп тарағандары өзекшелері бір жазықтықта орналасқан (1.1-сурет) үш фазалы үш өзекшелі трансформаторлар.

Мұндай трансформаторлардың сипаттамалық ерекшелігі оның магнит жүйесінің симметриялы болмауы, ортадағы магнит өткізгіштің өзекшесі шеткілерінікінен қысқа. Бұл ең бастысы бос жүріс кезінде білінеді.

Кіші қуатты трансформаторлар үшін симметриясыздық 50% жетуі мүмкін ІАххсхх=(1,2…1,5) вхх. Мұндай жағдайда бос жүріс тоғы үш фазаның тоқтарының орташа арифметикалық мәніне теңеп алынады. Аталып өткендегідей бос жүріс тоғы (0,02…0,1)Ін болғандықтан қуаттылығы шағын трансформаторлар үшін тоқтардың симметриясыздығы екінші ораманың магнит ағынының магнисіздену факторлары есебінен аз жүктеме кезінде де әсер етпейді. Фаза тоқтарының жүктелудегі симметриясыздығынан туған табиғи немесе жасанды симметриясыздық, ЭТН курсынан белгілі болғандай, трансформатордың құрлыс бөлігінде ,бактың қабырғасына және тартпа болттар арқылы еріксіз тұйықталуынан магнит ағынының үшінші гармоникалық құраушысы пайда болады.

1.1-сурет. Өзекшелері бір жазықтықта орналасқан үшфазалы үшөзекшелі кернеу трансформаторы: 1 - магнитөткізгіш; 2 - төменгі кернеу орамасы; 3 - жоғарғы кернеу орамасы.


Нәтижесінде бұл бөлшектерде, гистерезис құблысынан құйынды тоқтардың әсерінен, қосымша шығындар болады. Іс жүзінде трансформатордың бактарындағы шығын, олардың магнит өткізгіштіктеріндегі шығынның (50…60%) на жетуі мүмкін. Бос жүрістоқтарының симметриясыздығын, тәуелсіз магнит жүйесі бар үшфазалы трансформаторды пайдалану немесе брон типті трансформаторды пайдалану арқылы болдырмауға болады.


1.2-сурет. Тәуелсіз магнит жүйелі топтық үшфазалы кернеу трансформаторы.


Тәуелсіз магнитті жүйелі трансформаторлар- топтамалы үшфазалы трансформатор, ол үш бір фазадан тұрады (1.2-сурет). Мұндай трансформаторлар,әсіресе брон типтері АҚШ-та, сондай-ақ тоқ беретін үшфазалы желілерде, тарату жүйелерінде кеңінен қолданынылады.

Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі және жалғану топтары. Жоғары кернеудің фазалық орамаларының басы латынша бас әріппен А,В,С, ал аяғы жағынан,Y, X Z пен белгілейді. Төменгі кернеулі орамның қысқыштарын латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді; а,в,с-ораманың басы және x,y,z-ораманың аяғы (1.3). Қысқа болу үшін, фазалық орамаларды бастапқы әріптерімен белгілейді Фаза А(а), фаза В(в), фаза С(с), бір фазалық ораманың басы мен аяғы еркін етіп таңдайды. Онда ораманың қалған екі ораманың басы етіп қысқыштарды алады, содан шығып орамаға орау бірінші ораманың бағытымен жүргізіледі.


1.3-сурет. Үшфазалы кернеу трансформаторы орамасының ұштарын белгілеу.


Үш фазалы трансформаторлардың ортаңғы өзекшесіндегі ораманы табу үшін орамалардың бірін кезекпен желіге қосып, қалған екеуінің қысқышындағы кернеуді өлшейді.

Егер ол кернеу бірдей болса,онда желіге қосылған орама ортаңғы өзекшеде болғаны. Үшфазалы трансформатордың фазалық орамалары «жұлдызң немесе «үшбұрыш сұлбасы бойынша жалғанады.

Үшфазалы ораманы « жұлдызң сұлбасы арқылы қосу оның барлық үш ұшын ортақ түйіншекке жалғап,бас жағын тоқ көзіне немесе жүктемеге жалғау үшін бос қалдырады. Ораманы ұшбұрыштан қосқанда, бірінші ораманың басы,келесі ораманың аяғымен қосып барлық орама тұйықталғанша жалғайды. Трансформатордың орамаларын « жұлдызң немесе «үшбұрышң етіп қосу Ү немесе деп таңбалайды. Егер жұлдызша қосуда шығарылған бейтарап нүктесі болса, онда сәйкес белгінің қасына «Оң жазады. Мысалы; Ү0/ десе онда жоғары кернеулі орама жұлдызша қосылған, сыртқа шығарылған бейтарап нүктесі болғаны, ал төмен кернеулі орама ұшбұрыштап қосылған

1.4-сурет. Кернеу трансформаторы орамасын «жұлдыз сұлбасымен жалғау.


1.5-сурет. Кернеу трансформаторы орамасын «үшбұрышң сұлбасымен жалғау.


Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

Трансформтор дегеніміз не?

Үш фазалы трансформатор сипаттамасы?

Үш фазалы трансформаторлардың сұлбада жалғануы?

Рефлексия:

1.Бүгінгі жаңа сабақ сендерге қандай әсер қалдырды?

2. Не білемін,Не білдініз, не білгініз келеді?

Үйге тапсырма.

Ахметов А.Қ.Эл.тех.2010ж.305- бет

Жұмыс орнын жинақтау.

Өткен сабақ орнын жинақтау, тақтаны сүрту.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал