- Учителю
- Жаңа жылдық ертеңгілік 'Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!'
Жаңа жылдық ертеңгілік 'Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!'
«Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!»
Фанфар: 2-жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
2-жүргізуші: Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Жаңа жыл тек қана табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз!
1-жүргізуші:
Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бейбіт құсы самғасын.
Төгілтіңдер Жаңа жылдың жақсы әнін,
Қуанышпен арайлансын ақ таңың!
2-жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл , келші, көрші елімді,
Дархандықпен ұсынамын төрімді.
Дөңгеленген жұмыр жердің бетінде
Менің елім тыныштыққа сенімді.
1-жүргізуші:
Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
2-жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1-жүргізуші:
Бар қызықты көрсеткен ұландарға,
Жақсылықтар көбейсін жылдан жылға - дей отыра Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектебіміздің директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына сөз береміз.
Бұйрық оқу үшін сөз директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Ажар Абатниязқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
Ән: «Кел, Жаңа жыл» орындайтын Мұханова Айдана мен АйбергеноваАйсұлу
(Шуылдап ортаға Қоян мен Түлкі шығады)
Қоян: Алақай алақай
Аппақ қар даламда.
Бүгін бір асыр сап,
Думанды бастайық достарым!
Түлкі: Уа, қоян досым?
Асықпа, аптықпа
Алдымен құрметпен
Ескі жыл досымды
Шығарып салайық
Сапарға ол кетпек.
Қоян: Неге мен ұмытам
Ескі жыл - құт-берекем !
Қанекей ортаға шақырайық ізетпен!
(Ескі жыл шығады)
Ескі жыл: Рахмет, менің достарым
1 - жыл бойы өздерің
Бойға ақыл жинапсың,
Күлімдеген көздері
Еңбекқор нағыз өздері.
Жақсы оқып сабақты
Мені ылғи қуантты.
Ата - анаға мың алғыс
Балаға болған қолғабыс!
Кетіп барам алыс сапарға
Қайтарымды білемін
Сен мүшелге толғанда
Жаңа жылда тілеймін
Өздеріңе мол табыс!
Ата - анаңның тірегі
Қуанышы арманы,
Боларсыңдар қорғаны.
Қош бол, менің достарым!
1-жүргізуші:
Аяулы да құрметті 2015 жыл! Сен құтты жыл болдың! Біз ризамыз саған, Ескі жыл! Сіз бізден қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың! Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз. 2016 жыл қонақтап шартарапқа, 2015 жыл жазылды күн параққа. Біз сенімен қоштаспаймыз, алдағы өмірде тарих беттерінде кездесеміз. Ал сау бол, Ескі жыл!
Ескі жыл! Мен сендерге сенемін балалар, ұмытпаймын сендерді, сау болыңдар!
(Балалар хормен: Қош болыңыз 2015 жыл!)
Ән: «Шырша жыры» орындайтын Жанқуат Айзат және Төрткүлбаева Айдана
2-жүргізуші:
Достар,әдемі шыршамыз бар,енді бізге кім жетіспейді?
(Балалар:Аяз ата,Ақшақар)
2-жүргізуші:
Ендеше,шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды
(Бәрі бірге шақырады.Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ щығады)
Мыстан кемпір:
Сәлем бердім,сәлем бердім жас достар!
Аппақ,аппақ,қар аппақ,
Қар жамылған кім аппақ?
Кырау,қырау сен аппақ,
Бәрі аппақ,бәрі аппақ.
-Осылай ма,еді, әй шал?
Жезтырнақ:Өй,осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.
1-жүргізуші:- Тамаша,қандай керемет!
Ал,біздің достар тақпақ,өлең,би-бәрін де біледі!
Мыстан кемпір:Е,немене,бізді билей алмайды дегің келіп тұрма,билегенде қалай?
Бидің неше түрін білеміз,қане,диджей музыку!
(Мыстан кемпір мен жезтырнақ би билейді).
Жезтырнақ:Мен,мен шын Аяз атамын.Қараңдар,міне сиқырлы таяғым да бар. Енді не керек?
Мыстан кемпір:Ал,мен ең,ең әдемі Ақшақармын.Қараңдаршы,көйлегім қандай әдемі!Мұндай көйлек ешкімде де жоқ.
1-жүргізуші:Балалар,сендер сенесіңдер ме оларға?
(Балалар:Жоқ,жоқ сенбейміз).
Жезтырнақ:Сен,бәріне кінәлі,сен.Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің.Түріңді қарашы,бетіңді де жумапсың.
Мыстан кемпір:Өзіңе қара,Аяз атамын,Аяз атамын деп,барлық балаларды шошыттың.
1-жүргізуші:Достар,бүгін мереке ғой.Жаңа жылда кешірімді болайық.Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп,мерекемізге қонақ қылайық.Келісесіңдер ме?
(Балалар:Иә,кешіреміз).
2-жүргізуші: Ендеше достар,барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық .
(Барлығы қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырады).
Аяз ата:Амансыңдар ма балғындар,армысыздар халайық.Жаңа жылдарың құтты болсын,денсаулықтарың мықты болсын.Аспандарың ашық,жұлдыздарың жарық болсын.Еліміз көркейе берсін,жаңа жыл молшылық әкелсін.
Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,
Сұлу айдай қиылып.
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе балалар,
Амансыз ба қонақтар.
Бүгін міне ортаға,
Келіп қалды жаңа жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп,кеңейсін.
Ортақ ойы,арманы,
Жақсы достар көбейсін.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын!
Жаңа жыл: Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылда жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған
____________ мен - Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығымыз
Жаңа үміт таба біл.
1-жүргізуші:
Қонысың құтты болсын Жаңа жылым!
2-жүргізуші:
Қоныпсың ауылдарға ырыс болып!
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
2-жүргізуші:
Ендеше Аяз ата жас достарымыздың сізге арнаған тартуларын қабыл алыңыз.
(Әр сынып өздерінің өнерлерін көрсетеді).
Аяз ата:
Ой бәрекелді жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Ақшақар:
Жаңа жылда балалар
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар балалар!
Аяз ата:
Қош, сау болыңдар балалар.
1-жүргізуші:
Кел Жаңа жыл, игілік боп, иба боп.
Жер бетіне кереметті жина көп.
2-жүргізуші:
Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші:
Жаңа 2016 жыл әрбір отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.
2-жүргізуші:
Келесі Жаңа жылда кездескенше. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!