7


  • Учителю
  • 7 сынып. ҚАзақ тілі. Сабақтың тақырыбы: 'Жаз'

7 сынып. ҚАзақ тілі. Сабақтың тақырыбы: 'Жаз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сынып: 7 А Пән: қазақ тілі. Күні: 15 .10.2014ж Сабақтың тақырыбы: Жаз. Туынды сын есім. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мәтін арқылы оқушыларға жазғы саяхаттың өмірдегі маңызын түсіндіру, сын есімнің жазылуы мен түрлерін таныстыру, туынды сын есімнің жасалуын үйрету. ә) дамытушы
предварительный просмотр материала

Сынып: 7 А Пән: қазақ тілі. Күні: 15 .10.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Жаз. Туынды сын есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мәтін арқылы оқушыларға жазғы саяхаттың өмірдегі маңызын түсіндіру, сын есімнің жазылуы мен түрлерін таныстыру, туынды сын есімнің жасалуын үйрету.

ә) дамытушылық: оқушының танымдық өрісін арттыру, сын есімнің түрін ажырата білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: тәртіптілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ашықхат, кесте, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөздік, кеспелер, түрлі түсті бояулар, А4 форматты қағаз, стикерлер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың міндеті: 1. инсерт әдісі бойынша мәтінмен жұмыс

2. Мәтінді жұппен түсіндіру.

3. Тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең.

Амандасу. Кезекшімен сұхбат. Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу.

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

мерзімі

кеспелерді тарату. Топқа бөлгізу

кеспелерді алып, сурет шығарады. Осыған орай топқа реттеледі.

2 минут

Қызығушылықты ояту.

Орысша ән тыңдату. Лето чтобы кончалось. Жаз туралы қазақша ән тыңдату.

Бүгінгі сабақ не жайлы болмақ?

Таза

Жаңбыр

Бала

Аудан

Бқл қандай сөздер? Қандай сөз табына жатады? Енді бірінші сөзден зат есім, қалғандарынан сын есім жасап көріңіздер.

Не туралы айтамыз біз бүгін?

Сын есімнің мағыналық түрі.

Тұлғасына қарай жасалуы.

Категориялары. Шырай.

Сын есімнің жазылуына жеке тоқаталамын.

Оқушылар әнді тыңдайды. Екі әнді салыстырады.

Тақтадағы сөздерге назар аударып, бір минут ішінде ойланып, сөздерді туынды зат есім мен туынды сын есімдерге айналдырады.

Оқушылар сын есім туралы ақпаратты жазып отырып, мысал келтіреді.

5 минут


Мәтінмен жұмыс.

1 топ - 52 -бет

2-топ - 53 бет


Оқушылар топ ішінде мәтінді бөліктерге бөледі де, аударуға кіріседі. Топ алдында түсіндіреді. Қағазға қорғайды.

15 минут

1-тапсырма. Өлең оқу. Мағынасын түсіндіру.

Тәуелденген сөздерді талдату.


2-тапсырма. Сын есімдерді қойып көшіру.

Оқушылар бірінші тапсырманы тақтада орындайды. Екінші тапсырманы әр оқушы оқиды.

6 минут

Тапсырмалар орындату.

Сәйкестендіру. Туынды сөздер жасату.

Шырай түрлеріне айналдыру.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Жеке дара және тақтада жұмыс істейді. Бағалау жұптық болады. Бағалау парағы беріледі.

15 минут

Қорытындылау.

Өлеңнің қандай мәнісі бар екен? Жазғы саяхат не үшін керек? Жаз мезгілінің қандай айлары бар? Жазда сендер не істейсіңдер, не істедіңіздер?

Осы туралы сіздер үйде жазасыздар.

Оқушылар сұрақтарға өздігінен жауап береді.


5 минут

Үй жұмысы.

53 бет 4-тапсырма

Бағалау: 5,4,3,2.

Үй тапсырманы күнделікке жазады.

Топ басшысы бағалайды.


2



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал