- Учителю
- Урок казахского языка в 7 классе
Урок казахского языка в 7 классе
7- сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілін үйрену жолындағы жалғаулықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мемлекеттік тілді үйрену жолдарын анықтау, жалғаулық шылау ды, оның түрлерін ажырату, қазақ тілінде ауызекі сөйлей алуға үйрету;
Дамытушылық: ой-орісін кеңейту, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, тіл әуезділігіне баулу, жалғаулық шылауды табу, оны сөйлеуде қолдану, сұрақтарға түсініп жауап беру, ой бөлісу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеу, сөйлеуге, игеруге талпындыру;
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: аралас, СТО стратегияларын қолдану
Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, грамматикалық талдау,сұрақ- жауап, аукцион, мәнерлеп оқу, ой қозғау, ассоциация әдісі, 5 жолдық өлең;
Жұмыс формалары: жеке, топпен, жұппен, фронтальдік
Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қанатты сөздер, портреттер, қима қағаздар, бағалау парағы
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі: - мұғалімнің сөзі (1минут)
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сабағымыз ерекше с абақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақ мемлекеттік тіл құрметіне арналады, сондықтан білетіндеріңді ортаға салып, іс жүзінде қолданыңдар. Іске сәт!
( оқушылар дәптерлеріне күн, ай, тақырыпты жазады )
IІ Үй жұмысын тексеру (7-8 минут)
Өзіңді тексер!
-«меңгеру» сөзіне фонетикалық талдау жаса (бір оқушы оқиды, қалғандары «+», «-» белгілерін қойып тексереді: қатесіз -«5», 1 қате- «4», 2 қате - «3», одан көп қате -«2».
- 1-т. 226 бет: мәтінді мәнерлеп оқы, сұрақтарға жауап бер (бағалау парағына мұғалім баға қояды)
- «Аукцион» ойыны: 1 минут ішінде кім көп шылау сөздерін жазады (бағалау парағына баға қойылады)
ІІІ Тақырып бойынша жұмыс (бекіту)
1. Тақтадағы қанатты сөздермен жұмыс: (оқу) (2 минут)
а) Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы - мемлекеттік тілді білу, құрметтеу.
ә) Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.
б) Тілді білу- халықты, тарихты сыйлау
- Мұғалім: Балалар, осы сөздермен келісеміз бе? Әрине, бұл сөздер бізді қазақ тілін білуге, үйренуге шақырады.
2. Ассоциация әдісі: (5 минут)
қазақ тілі
3. Жеке жұмыс: ( 3 минут)
- әр оқушыға 1 сөз жазылған парақша беріледі: үйренемін, жаттаймын, қазақ тілі, оқушы, сабақта,, білім, ұстаз. Мақсат: сөзді оқы, аудар, 1 сөйлем құрастыр (ауызша)
4. Топпен жұмыс: ой бөлісу (10 минут)
- оқушылар екі топқа бөлініп, екі сұраққа жауап береді:
1- топ: Қалай ойлайсыңдар, қазақ тілін неге білуіміз керек?
2- топ: Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?
Тақтада: Мемлекеттік тілді білу, сөйлеу үшін
1.Өз ойынды сол тілде жеткізуге тырыс
2. Сұрап алуға ұялма
3. Көркем шығармаларды, газет-журналдарды қазақ тілінде оқы
4. Үйде, далада, мектепте қазақша көбірек сөйле
5. Теледидар, радиодан қазақ тіліндегі бағдарламаларды көруге, тыңдауға үйрен
6. Қазақша ән тыңда, өзің ән айтуға ұмтыл!
5. Практикум: (7 минут)
Мұғалім: Балалар, «тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше дұрыс сөйлеу үшін жалғаулықтарды да білу керек, оларды дұрыс қолдану керек.
а). Тақтада жазылып тұрған сөздерден жалғаулық шылауды теріп жаз: үшін, өйткені, біз, келдік, сондықтан, немесе, соң, және, себебі, жайылма, -ау, бірақ.
( жұмыс тексеріледі, бағалау парағына қойылады)
ә).Бос жерге керекті жалғаулықты қойып жаз:
1. Мен сыныпқа келдім досымды көрдім.
2.Күз келді ауа райы салқындады.
3. Мен таңертең ерте тұрдым сабаққа кешіктім.
6 Қорытынды:. 5 жолдық өлең жаз!
Қазақ тілі
III Үйге: 4- тапсырма 224 бет (а), 2- тапсырма 224 бет (ж), ереже 5- бет
V Бағалау кезеңі: бағалау парағы
№
Аты-жөні
Фон. талд.
1-тапс.
226-бет
Аукцион
Сөйлем
құрау
Ой бөлісу
Теріп
жазу
5жолдық
өлең
Қоры
тынды
баға
1
Ахметова Д.
2
Баранов А.
3
Гаврилова З.
4
Рожихин Н.
5
Тулешев А.
6
Хамзин Ф.
8. Қосымша материал:
-№ 4- тапсырма 228- бет: берілген сөйлемді аяқта
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Казанка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілін үйрену жолындағы жалғаулықтар
7- сынып
(тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ)
өткізген: Н.Б. Қожахметова
(орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімі)
Казанка селосы 2014 жыл