- Учителю
- Разработка урока казахского языка по теме 'Есімдіктердің түрленуі'
Разработка урока казахского языка по теме 'Есімдіктердің түрленуі'
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушылардың жіктеу есімдіктерінің түрленуі туралы жалпы түсініктерін орнықтырып,оны жетік меңгерту.
2.Дамытушылық:Жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрістерін жан-жақты дамыту.Танымдық қаблеттерін арттырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелілік:Оқушыларды әр түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ізеттілікке,достыққа және ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,ақпараттық технологияларының элементтері,СТО элементтері,талдау,мәнерлеп оқу әдістері.
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,интерактивті тақтадағы слайдтар,қосымша мәліметтер,үлестірмелі қағаздар,сызбалар.
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Сабақтың өту барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу,кезекші мәліметін тыңдау.
Сабаққа оқушылардың зейінін бұру.
Психологиялық дайындық
(шар пішінді модельдер арқылы оқушыларды топтарға бөлу)
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өткен сабақтарға шолу жасай алады.
Жаңа тақырыпты меңгереді.
Меңгерген білімдерін сабақ барысында қолдана алады.
Түрлі тапсырмалар орындай алады.
Өз ойларын толық жеткізуге ,пікір алмасуға қалыптасады.
Топпен ынтымақтаса жұмыс жасауға дағдыланады.
Алған білімдерін қорытындылай алады.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
76-жаттығу «Адамгершілік» мәтінін оқып шығып,мағынасына қарай қандай есімдік екенін айту,мәтіннің тақырыбына тоқталу
Топтастыру стратегиясы
Кейіпкерлер әлемі
Кейіпкерлер
Іс-әрекеті
Мінезі
Сұлтанмахмұт
Әбдірахман болыстың ұлдары
Бөрібай және кедей балалары
«Зымыран сұрақтар»
1.Есімдік дегеніміз не?
2.Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
3.Есімдік қалай түрленеді?
III.Жаңа тақырып
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігі зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
Септіктер
Мен
Сен
Ол
Біз
Сіз
Атау септік
Мен
Сен
Ол
Біз
Сіз
Ілік септік
Ме-нің
Се-нің
О-ның
Біз-дің
Сіз-дің
Барыс септік
Ма-ған
Са-ған
О-ған
Біз-ге
Сіз-ге
Табыс септік
Ме-ні
Се-ні
О-ны
Біз-ді
Сіз-ді
Жатыс септік
Мен-де
Сен-де
Он-да
Біз-де
Сіз-де
Шығыс септік
Ме-нен
Се-нен
О-дан
Біз-ден
Сіз-ден
Көмектес септік
Мені-мен
Сені-мен
Оны-мен
Біз-бен
Сіз-бен
Септіктер
Сендер
Сіздер
Олар
Атау септік
Сендер
Сіздер
Олар
Ілік септік
Сендер-дің
Сіздер-дің
Олар-дың
Барыс септік
Сендер-ге
Сіздер-ге
Олар-ға
Табыс септік
Сендер-ді
Сіздер-ді
Олар-ды
Жатыс септік
Сендер-де
Сіздер-де
Олар-да
Шығыс септік
Сендер-ден
Сіздер-ден
Олар-дан
Көмектес спетік
Сендер-мен
Сіздер-мен
Олар-мен
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе , оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі
Жақ
Мен,біз
Сен,сіз,сендер,сіздер
Ол,олар
І жақ
Мен-мін
Біз-біз
ІІ жақ
Сен-сің
Сіз-сіз
Сендер-сіңдер
Сіздер-сіздер
ІІІ жақ
Ол
олар
Оқулықпен жұмыс
77-жаттығу
(Өлеңді оқып,есімдіктерді тауып,дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.Есімдіктің түрлерін ажыратыңдар.Түрлену жолдарын түсіндіріңдер)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты.
Өлім соққысын өз үстіне алды
78-жаттығу.
(Мәтінді мәнерлеп оқып,Баубек Бұлқышев кім?Батыр жазушы нені өсиет етті?Мәтіннен есімдіктерді тауып қандай тұлғада екенін көрсетіңдер)
Топтық жұмыс
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісін көрсет
Септіктер
Мен
1-топ
Сен
2-топ
Ол
3-топ
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
(Грамматикалық тапсырма)
Мына сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдап,жіктеу есімдіктері қалай түрленіп тұрғанын көрсетіңдер.
-
Бүгін мұғалім сендерге қызықты әңгімелерді оқыды ма?
-
Біздің халық бейбітшілікті сүйеді.
-
Олар даладан аңдарды көріп,таңғала қарап тұрды.
Сергіту сәті «Қара жорға» биі арқылы.
Тақтамен жұмыс"Миға шабуыл" стратегиясы
(көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жазыңдар)
-
Үлкенді----- сыйласаң, кіші----- сыйлайды.
-
------- қазақпын мың өліп,мың тірілген.
-
Бақыт деген- ......... бақыт күндерің.
-
Не ексең ---------орарсың.
«Кім жылдам » ойыны
Сатылай кешенді талдау
Ол .Сенде. Біздің (осы жіктеу есімдіктеріне сатылай кешенді талдау жасау)
1. Бұл сөз неше құрамнан тұр:
2. Тұлғасына қарай-.
3. Құрылысына қарай-.
4. Сөзде неше лексикалық, неше грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы-
6. Грамматикалық мағынасы-
7. Сұрағы қандай?
8. Мағынасына қарай - .
IV.Сабақты бекіту
V.Үй тапсырмасы.
79-жаттығу.
Мәтінді оқып,мазмұнын сұрақ-жауап әдісімен әңгімелеңдер.Мәтіндегі жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеңдер
VI.Оқушыларды бағалау(бағалау парақтары арқылы,бағалаушыларға сөз беріледі)
-
Бүгінгі сабақтан не үйрендім?
-
Мен үшін не қызықты болды?
-
Мен үшін қиын болған........................
Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!