7


  • Учителю
  • Абайтану сабақ жоспар 11 сынып

Абайтану сабақ жоспар 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 113-қосымша

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін

«Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасы



  1. Түсінік хат



</ 1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.

2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту - қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы - заңдылық.

3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын;

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

5. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

7. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы - қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;









































Қысқа мерзімді жоспарПән атауы: «Абайтану» курсы

Сыныбы: 11 А

Мұғалімі С.Ордабаева

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі «Абайтану» мәселелерін оқыту

Сабақтың мақсаты

Абайтануды қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде қарастыра отырып, қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттарын түсіндіру. Өзектілігі туралы мағлұмат беру, ұлтжандылығын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Тапсырмалар орындайды, бірлесе пікір алмасып, қоғамдық өмірге қатысты ойларын, пікірлерін, идеяларын біріктіреді. Жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бағалайды, ой қорытындысын жасай алады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері

СТО, диалогтік оқыту

Ресурстар

Слайд, тапсырмалар, постер

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Ұйымдастыру





Қызығушылығын ояту

«Абайтану - адамтанудың қайнары» деген сөзден қандай ойлар өрбітер едіңдер?

Қазіргі абайтану ілімі тәуелсіздік жағдайында жаңаша танымда зерделенуіне сендерің пікірлерің қандай?

Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: «Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды»



Оқушылар білімдерін пікір арқылы жинақтайды, біріге отырып бірін - бірі толықтырады.





Мағынаны ашу Эвристикалық сұрақтар әдісі

  1. «Көркемдік дамудағы тарихи сабақтастық »

«Абай шығыс ғұламалары еңбектерін шығармашылықпен меңгерген өзіндік танымда, яғни «бүкіл күресі мен арман-мүддесінің тетігіне айналған толық адамжайлы көзқарасында жатыр» деген, М.Әуезовтің абайтанудағы қай кезде болмасын өз мәнін айрықша маңызы бар ғылыми тұжырымын қазіргі кезең рухындабайыптады .

2.

1Ұлы тұлғалардың мұрасын санасына құйып өскен ертеңгі ұрпақтың ұлтжанды азамат болып қалыптасуы мүмкін бе?

2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламалық мақаласында алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына "Абайтану» курсынының енгізілгеніне көзқарастарың қандай?

3. Абай шығармаларының оқушылар өміріндегі тәрбиелік мәні неде?

Оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, салт-дәстүрлерді қастерлеуге, сыйлауға тәрбиелейді. Абайды тану, бағалау, насихаттау қоғамдық ортада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады.





М.Әуезов пікірі арқылы әдебиетті танудың бір саласы ретінде қарастырады.







«Абайтану» курсын турасында оқушылар: тарихи санасын қалыптастыру мен рухани кемелдікке ұмтылысын жандандыруға, ұлы ойшылдың көркем мұралары арқылы терең ойлай алуға жетелейтіндігін ашады

Ой толғаныс

Даму бағыты:

"Абайтану" ғылымы ұрпақтан-ұрпаққа жететін құбылыс.

Абайдың білім, ғылымға қатысты идеялары және олардың бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сабақтастығы

Абайдың өнер үйреніп, кәсіп қылу идеялары Абайдың қоғамдық өмірге қатысты идеялары

Абай насихаттаған жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды

Абай шығармашылығындағы "Толық адам мәселесі"

"Абайдыңсыншылреализмі







«Абайтану» мәселесін дамытудың бағыттарын айқындайды.

"Абай - эссе жанрының негізін қалаушы"ойтолғайды





































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал