- Учителю
- ӘЛем әдебиетінің көрнекті өкілі Мақтымқұлы Фраги өлеңдерінің тақырыбы мен негізгі идеясы.
ӘЛем әдебиетінің көрнекті өкілі Мақтымқұлы Фраги өлеңдерінің тақырыбы мен негізгі идеясы.
Пәні, сыныбы | Қазақ әдебиеті 9 «Ә» сыныбы | |
Сабақтың тақырыбы
| Әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Мақтымқұлы Фраги өлеңдерінің тақырыбы мен негізгі идеясы. | |
Сілтемелер | Қазақ әдебиеті оқулығы, күнтізбелік жоспар, ғаламтор мәліметтері . | |
Жалпы мақсаттар | Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. | |
Күтілетін нәтиже | Ақын шығармашылығы туралы мәлімет алады, пікір алмасады,өлеңнің мағынасын ашады. | |
Түйінді идея | Өлең талдау дағдылары қалыптасады. | |
Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Оқыту тәсілдері |
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. 2 мин | Оқу құралдарын дайындайды. Психологиялық дайындық. |
|
Үй тапсырмасын тексеру | Ш. Айтматов еңбектері туралы ізденіп келу. | Жалпы тапсырма |
Білу7 мин
| 1 - топ .Ақын өмірімен танысу, «Түркімен тағдыры» өлеңімен танысу. 2- топ. «Қайдан білсін қадірін?» өлеңімен танысу. 3 - топ «Ақырзаман» өлеңінің тәрбиелік мазмұнымен танысу. | Жалпы тапсырма |
Түсіну | «Джигсо» әдісі бойынша топтарға түсіндіру | Топпен жұмыс |
Қолдану | Ақын өлеңдерінде қандай адамгершілік қасиеттер туралы айтылған? | Топпен жұмыс |
Талдау | 1 топ.Ақынның болашаққа деген көзқарасы. 2 - топ Ақынның даналық ойлары. 3 - топЖақсылық пен жамандық туралы ой толғаныстары. | Топпен жұмыс |
Жинақтау | «Ақын өлеңдерінде қандай өзекті мәселелер көтерілген? Қазіргі кезде ақын өлеңі туралы не айтуға болады? | Жалпы тапсырма. |
Бағалау | «Даналық ойдан дән ізде» Ойтолғау жазу. | Жалпы тапсырма |
Рефлексия | Білетінім. Не білдім? Білгім келеді. |
|
Бағалау | Топ басшылары бағалайды. |
|
Үйге тапсырма | Қазақтың бас ақыны Абай мен Түркімен ақыны Фраги поэзиясындағы үндестік. | Жалпы тапсырма |
Рефлексия
Сабақ мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу болатын.Сабақ мақсатына жетті.Оқушылар топтық жұмысқа төселе бастағаны байқалады.
Сабақтың сәтті тұстары: «Джигсо» әдісі бойынша тақырыптарды түсіндіре білді. «Даналық ойдан дән ізде» тақырыбында оқушылар ойтолғауды көркемдеп жаза білді.
Сабақтың сәтсіз жақтары: Уақыт дұрыс есептелмеді,топтың ішінде жұмыстар дұрыс берілмеді.
Бақылаушы мұғалім Бағаева Ж
Бақылаудағы А деңгейдегі оқушы Оразымбек Анел үй тапсырмасы кезінде белсенділік танытты.Өлең талдау кезеңінде өз ойын ашық, еркін жеткізе білді. Ойтолғау жазуда өз ойын еркін жеткізді.
Бақылаушы Уалиева Арай
Бақылаудағы В деңгейіндегі оқушы Сарсен Абзал үй тапсырмасы кезеңінде оқушы дайындықпен келген. Жаңа сабақ кезеңінде ойын анық, еркін жеткізе алды. Топпен берілген тапсырманы топпен бірге талқылады.
Бақылаушы Болат Гүлзира
Бақылаудағы С деңгейдегі оқушы Мұхтар Серікбол үй тапсырмасы кезінде жауап берген жоқ. Жаңа сабақ кезінде оқушы ойтолғау жаза білді, тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.