7


  • Учителю
  • Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығу жұмыстары

Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығу жұмыстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әлшері Айнұр Әкімханқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Отырар ауданы,

М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі


Қысқа мерзімдік жоспар

Сыныбы: 7 «А»

Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығу жұмыстары Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесінің байланысу түрінен оқушылардың алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту;

Сабақтың нәтижесі: Сөз тіркесінің байланысу түрінен оқушылардың алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексереді

Сабақтың түйінді идеялары: Сыни ойлау арқылы білімін қалыптастырады. Ой белсенділігі дамиды,шығармашылық ізденіске бағытталады. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл», «Маршрут картасы» әдісі, «Ойнай отырып, ойлай отыр!» ойыны, Рефлексия «Бес саусақ» әдісі. Бағалау: Өзара бағалау. Жиынтық бағалау. Қолданылатын ресурстар: Қазақ тілі 7-сынып оқулығы, көркем әдебиеттер, дидактикалық материалдар, маркер, стикер, плакат

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

8 мин

Ұйымдастыру. Жағымды ахуал қалыптастыру

«Сөздердің байланысу түрлерлерімен сырласайық» «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша оқушылар жіптің ұшын ұстай отырып, сұраққа жауап береді. Үй тапсырмасын тексеру

264-жаттығу. Кесте сұрақтарына жауап бере отырып, мысалдарын география, әдебиет оқулықтарын пайдалана отырып, өздерің жалғастырыңдар


Оқушылар жіптің ұшын ұстай отырып келесі оқушыға сұрақ береді, жауап беріп, өз сұрағын келесі оқушыға қояды, өрмекшінің торын тоқиды

264-жаттығуды жұптасып тексереді, оқиды.



Таныс

тыры

лым

5 мин

«Жырығы бар құмыра» мәтінін оқу.

Мәтінді оқиды, мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысалдар табады.

Негізгі бөлім

25 мин

Сөздердің байланысу түрлері туралы жаттығумен жұмыс «Маршрут картасы» әдісі арқылы жүргізіледі. Әр топ бір-біріне тапсырмалар дайындайды, орындайды

Дәптермен жұмыс

263-жаттығу

Сөз тіркестерін тауып, байланыс түрін табыңдар.



Оқушылар берілген тапсырмаларды топта талдап, топ болып шешеді, тыңдайды. Әр топ басқа топтың жұмысын бағалау критерийі бойынша бағалайды. Бағалау көрсеткіші түсіндіріліп, бағаланады. Дұрыс жауап қол шапалағы арқылы бағаланады.


Қоры

тынды

5 мин

Lesson Study-ді жоспарлау. Кейс-стади жүргізу үшін оқу үлгірім деңгейі әр түрлі анықталған 3 оқушының жауабын анықтау. «Ойнай отырып, ойлай отыр!» ойыны арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі. Бес саусаққа жазылған ойларды түйіндеу.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша жауап береді.


Кім тапқыр?

1.Қиысу мен матасудың айырмашылығы қандай?

2.Қиысудан матасу жасауға бола ма?

3.Қабысу мен қиысудың ұқсастық жағы бар ма?

Бірінен-бірін қалай ажыратуға болады?

Оларды айтқанда дауыс ырғағының ерекшелігі қандай?

4.Қабысуды күрделі сөзден қалай айыруға болады?

Кім жылдам? Тез тауып тіркестіріңдер

Ойынға қатысушылар сөздердің бірінші сыңарын тез тауып, матасу тіркесін жасап, жылдам айтулары керек.

Жемісі, күлкі, озаты, малы, мектеп, қыздары, ері, Отан.

Мысалы: Еңбек ері

«Өзіңді - өзің сынап көр»

Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін анықта.(әр топқа бір сөйлемнен беріледі)

1.Қысқа жіп күрмеуге келмес.

2.Сыныпта жиырма оқушы бар.

3. Абайдың әңгімесіне әжесі риза болды.

Сіз көзіңізбен көріп, ой елегінен екшеп, санаңызға түйгендеріңізді бес саусаққа «Бүгін мен не үйрендім?», «Маған не қызық болды?», «Сұрағым бар...», «Сыныптасыма не үйретемін?», «Менің тілегім...» секілді аяқталмаған сөйлемдерді толықтыру арқылы бағалайсыз.


Үйге

«ЕРТЕГІ ҚҰРАСТЫРУ». Ұсынылған ертегілерден заманға сай мазмұнда құрастыру «Бауырсақ», «Алтын балық» Ережелерді қайталау, тест құрастыру Енді Сіз бен біздің бүгінгі соңғы жаттығуымыз «жаңбыр» жаттығуы. Барлығымыз кірісеміз. Біздің мақсатымыз көктемгі жаңбыр дыбысын есту. Бұл шапалақ Сіздерге деген менің құрметім. Сау болыңыздар!

Күнделікке жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал