- Учителю
- Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
ОҚО. Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы
№33. Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ниясқұл Ғалия Құралбекқызы
Қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі: 4.10.2015жыл
Сыныбы: 7
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Мақсаты: Сөз табының бір мүшесі зат есімнің сөйлем мүшесінде атқаратын қызметін біліп алу. Күтілетін нәтиже:Заттың атын білдіретін сөздердің сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқаратынын, қалай талданатынын біледі. Әдіс-тәсілдер: « Ойлан, жұптас, пікірлес»әдісі, «Қар жауады» ойыны, «Ақыл қалпағы»,«Инсерт» әдісі
Кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Кіріспе
1мин
2мин
Ұйымдастыру кезеңі
А. Оқушылармен сәлемдесу
Ә. Кезекшінің есебін тыңдау
Б. Оқушының назарын сабаққа аудару
І.Сергіту сәті
«Шаттық шеңбері»
Сыныпта кезекші оқушы есеп береді
Сергіту сәтін шеңбер болып орындайды
Мадақтау
Видеопраектор
Планшет
Плакаттар
Маркерлер түрлі-түсті қағаздар т.б
Музыка
Таныстырылым
3мин
10мин
ІІ. Топқа бөлу
Смайликтер арқылы
Ітоп. Гүлдер тобы
ІІтоп. Жемістер тобы
ІІІтоп.Қуыршақтар тобы
ІVтоп Көкөністер тобы
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ақыл қарпағы»әдісі
Оқушылар стикердегі суреттер арқылы 4топқа бөлінеді.
А4 парағына сұрақтар жазып қалпаққа салады.
Ал келесі топ сол сұрақтарға жауап береді
Бармақ әдісі
Өз-өздерін баалау
Бағалау парақшасы
Смайликтер
Оқулық, АКТ, қалпақ, А4 парағы т.б
Негізгі бөлім
10мин
10 мин
«Ойлан,жұптас, пікірлес» әдісі арқылы жаңа сабақты өз беттерінше түсіндіру
«Қар жауады» ойыны
Жаңа сабақты пысықтау
Әр топ мүшелері интерактивті тақтада көрсетілген сөздерді сәйкесінше топтастырады және оны оқиды
Кеспелерді бағандарға топтастыру
Бағалау парақшасы
маркер, түрлі-түсті қағаздар, қаламдар, А4 қағазы кеспелер, желім, суреттер т.б
Қорытынды
5мин
2мин
«Инсерт» әдісі арқылы
Бағалау парақшасы арқылы өз-өздерін бағалайды
Үйге тапсырма: 57 - жаттығу. Зат есімнің түрленуін қайталау
Осы әдіс арқылы оқушылардан кері байланыс аламын.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Бағалау парақшасы
таратпалар
Сабақ қалай өтті?
Тізбектелген сабағымның соңғысын қазан айының 4 жұлдызында өттім. Сабақтың тақырыбы «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбында өткіздім. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен сәлемдесіп, оқушылар арасында жағымды орта қалыптатыру үшін, «Шаттық шеңберін» құрып бүгінгі күнге сәттілік тілеп алдық. Сабақта оқушыларды топқа бөлу үшін смайликтер қолдандым. Смайликтердің арқасына әр топқа әртүрлі суреттер жабыстырдым. Мысалға: қуыршақтардың, көкөністердің, жемістердің, гүлдердің. Топтардың аты «Гүлдер», «Қуыршақтар», «Жемістер», «Көкөністер» тобы деп бөліп алдым. Өткен сабақтарды еске түсіру үшін «Ақыл қалпағы» әдісі арқылы сұрадым. Оқушыларға кеспелер таратып, сол кеспелерге сұрақтар жазып, қалпаққа салып, оларды араластырып таратып беру арқылы сұраққа жауап алдым. Және осы сабақта критерийлер арқылы бағалауды қолдандым. Оқушылар өздері қойған сұрақтың жауабына толық, толық емес екенін өзері парақшаларға бағалап отырды. Жаңа сабақты «Оза оқыту» технологиясы бойынша өттім. Үйге оқушыларға тапсырмаға бүгінгі өтетін сабақты оқып келуге бергем. Бұл тапсырмаға «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі деп ат қойдым.Топтағы оқушыларға бір топ репортаж, келесі топ көрініс ретінде, сұрақ -жауап ретінде, диалаог арқылы түсіндіресіңдер деп тапсырма бердім. Ойлануға 7 минут уақыт берілді. Барлық топтар берілген тапсырманы қызығушылықпен, белсенділікпен орындап, өздеріне берілген тапсырманы орындап ишықты. Айтып өтетіні «Көкөністер» тобы ертегі желісімен патша және оның 4 ұлы қойылыммымен сабақты өте қызықты етіп жеткізді. Және бұл тапсырмаға топтың барлық мүшесі тартылыпты. Басқа топтарда өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай етіп орындады. Оқушылардың көрсеткен қойылымдары қаншалықты оқушыларға түсінікті болуын «Қар жауады» әдісі арқылы пысықтап алдым. Оқушыларға айтып, жазғызып, түсіндіргенен қарағанда өздері сезініп көрсеткен көріністері әлде қайда есте сақтауға мол мүмкіндік беретінін ұқтым. Сабақты «ИНСЕРТ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алдым.
Не сәтті өтті?
Сабақта «Оза оқыту» технологиясын қолдану сәтті шықты. Оқушылардың образға кіріп жаңа сабқты түсіндіргені сәтті болды. Сабақтың пысықтау өте қызықты шықты. Тізбектелген сабақтың соңғысы ондағы тапсырмалар, бағалау, оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы бәрі сәтті болды.
Не сәтсіз болды?
Сабақта оқушыларды топқа бөлгенде тақырыпқа сай бөлмегенім сәтсіз болды. Сабақ соңында оқушым апай топтың атының бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деген сұрақ қойғаннан соң білдім.
Нені дамыта аламын?
Келесі сабақтарда үнеміәдістерді түрлендіріп, оқушылардың қызығушылығын оята түсуге тырысамын.