- Учителю
- Ашық сбақ. Махамбет Өтемісұлы
Ашық сбақ. Махамбет Өтемісұлы
Күні:
Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға туған елім деп еңіреп өткен біртуар талантты патриот ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына шолу, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу.
ә) тәрбиелік: ақын шығармашылығын оқи отырып, жас толқынның азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Отанды, елді, халқын сүюге шақыру, патриоттар тәрбиелеу.
б) дамытушылық: сөз өнерін бағалауға, көркем ойдың астарын түсінуге, өлең жазуға талпыныс жасау, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, ой толғау, инсерт кестесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих, биолигия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ой шақыру» (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .
ІІІ. Жаңа сабақ: М. Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. «Соғыс» , «Қызғыш құс».
1. Өлеңдердің шығу тарихы туралы әңгімелеу;
а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;
ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.
2. «Мағынаны тану»: «Артық болмас білгенің»
а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру
ә) Сөздік жұмысы
Көл қорыған - көлді мекендеген
Лашын құстың тепкіні- көлге жолатпау
Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу
3. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан туралы дерек. (слайд көрсету)
4. Мәнерлеп оқу. «Соғыс» және «Қызғыш құс»өлеңін оқушыларға оқыту.
5. Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына, тіліне талдау.
6. «Қызығушылықты ояту » .
Әр топқа тапсырма беріліп «Кім жылдам? » ойыны ұйымдастырылады.
Тапсырма:
І топ: «Махамбет - Қызғыш құс» Венн диаграммасы.
ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?
ІІІтоп: «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.
«Бес жолды өлең құрастыру» әдісі
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім - Батыр.
2. Сын есім - (2 сөз) Қайсар, жалынды.
3. Етістік - (3 сөз) Сүйді, соғысты, қорғады.
4. Толықтауыш- (3 сөз тіркесі)Елін сүйді, отаршылдармен соғысты. Жаудан қорғады.
5. Қорытындылау тақпағы (түйін сөз) (5 сөз)
Ол елін сүйген жалынды батыр.
ІV. Сабақты бекіту: «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.
V. Сабақты қорытындылау: Топтастыру «Махамбет кім?»
VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам...» деген тақырыпта шағын ой толғау жазу.