- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы 8 класс.
Сабақтың мақсаты: Кино өнерінің алғашқы туындысы туралы мәлімет беру, киноның тәлім - тәрбиесін, маңызын түсіндіру, ой-өрістерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, отандық киноға деген көзқарастарын байқап, оған деген сүйіспеншілікке баулу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топпен жұмыс, іздену, талдау, пікірталас
Көрнекілігі: тірек-сызба, венн диаграммасы, слайдтан актер, режиссерлердің портреттері, қазақ киносынан үзінді көрсетіледі.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2.Тіл дамыту сұрақтары:- Бүгін айдың нешесі?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
II. Үй жұмысын тексеру:
-«Қазақфильм» киностудиясы қай жылы құрылды?
- 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына кімнің аты берілді ?
III . Жаңа сабақ .
1.Жаңа сөздермен жұмыс./сөздермен-сөз тіркестер-сөйлемдер құрастыру/
Туынды - произведение, сарбаздар - солдаты/воины/, ерлік - героизм , подвиг баяндалады - повествует қор - фонд оқиға- эпизод
2. Мәтін б/ша жұмыс«Қазақфильмнің» алғашқы туындысы .
"Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы туынды . "Ленфильм" киностудиясының туындысы болып есептелінеді. "Амангелді" - Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм. "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Фильм қазақтың батыры Амангелді мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады.Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц. Фильмде қазақтың тұңғыш режиссеры та оқиғада ойнаған .1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин "Амангелді" деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Қазір бұл картина Қазақ киносының "Алтын қорына" кіреді.
3 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастыру.
4 тапсырма. Дәптермен жұмыс:
* жазған- сөзді өткен шақта жіктеу;
* бұл - есімдікті септеу;
* "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. / синтаксистік талдау/
5 тапсырма. Ережелерді қайталау.
6 . Ереже «Есімше»
Есімше - етістіктерше де, есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара алатын етістіктің бір түрі.
Причастие - самостоятельная часть речи, которая обозначает признак предмета по действию, объединяет в себе свойства прилагательного и глагола
Жұрнақтары:
1) -ған-ген,қан-кен, - алған, әкелген
2)-ар,-ер,-р , - барар,жүрер
3)атын,-етін,-йтын,-йтін, - жазатын,- келетін
4)-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек, - айтпақ,жүзбек,бармақ
*Есімше септеледі,тәуелденеді,жіктеледі,көптеледі.
ІV. Бекіту.
-Бүгін сабақта қандай тақырып өттік?
- Амангелді" фильмі қай жылы экранға шықты ?
V. Үй жұмысы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы диалог/жатқа/
VІ . Бағалау.