7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языка на тему: Жеміс-жидектер (2 класс)

Открытый урок по казахскому языка на тему: Жеміс-жидектер (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2-сынып қазақ тілінен ашық сабақ

Мұғалім; Рамазанова С.С.

Сабақтың тақырыбы:Жемістер мен көкөністер.

Сабақтың мақсаты:Жемістер мен көкөністер пісетін уақыты,олардың денсаулыққа пайдасы туралы ақпарат беру.

Пәндік:күзде көкөністер мен жемістер пісетіні,олардың күзде жиналатыны,олардың пайдасы туралы тақпақпен танысу.

Тұлғалық:жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасын түсіну.

Жүйелік-әрекеттік:Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

  1. Өткен сабақты қайталау.

Үй жұмысын тексеру.

  1. Жаңа скабақ.

1.Оқушылар сурет бойынша жұмыс жасайды.

(Жемістер мен көкөністердің суреттері көрсетіледі)

Жемістер мен көкөністердің суреттері көрсетіледі.

2.Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады

Алма-яблоко қияр-огурец

Алмұрт-груша қызан-помидор

Қарбыз-арбуз орамжапырақ-капуста

Қауын-дыня сәбіз-морковь

3.Оқушыларды күз тақырыбымен таныстыру.Жемістер мен көкөністер қай кезде пісетіні туралы айту. «Күз келді» деген тақпақпен танысайық.

Келді,міне,күз,

Қуанамыз біз

Жеміс-жидек ,көкөніс

Жинайықшы бәріміз

Бірі-ащы,бірі-тәтті,

Бірі-жұмсақ,бірі-қатты

Жеміс-жидек,көкөніс

Жинайықшы бәріміз

4.Сергіту сәті

Қолды белге қояйық

Басты оңға бұрайық

Басты солға бұрайық

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып қалайық

5.»Қайталай ғой» ойынын ойнату

Ойын шарты:бір оқушы қандай да бір көкөністің немесе жемістің атын айтады,ал екінші оқушы сол сөзді және тағы бір сөз қосып айтуы керек.....6-7 сөзге дейін.

(Бұл ойын оқушылардың лексикалық қорын байыту үшін және жаңа тақырыпты жақсы меңгерулері үшін қолданылады)

6.Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тапсырма орындайды.(Сөйлемдерді жазып алып,жуан дауысты дыбыстардың астын сызыңдар)

Күз келді.Күзде жемістер мен көкөністер піседі.Олар ащы,тәтті,қышқыл болады.Біз күзде жемістер мен көкөністер жинаймыз.

(Жұмыс дәптерлеріне тапсырмалар орындау арқылы оқушылвр оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түсіреді.

7.Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер,

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

  1. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып,сабақты аяқтайды.

Үй жұмысы: «Күз келді» тақпағын жаттау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал