7


  • Учителю
  • ҚАзақ әдебиеті пәнінен 'Қадыр Мырза Әлі 'Кәрі қыран' өлеңі' тақырыбы (7-сынып)

ҚАзақ әдебиеті пәнінен 'Қадыр Мырза Әлі 'Кәрі қыран' өлеңі' тақырыбы (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Тақырыбы:


Пән: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7-сынып

Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Т.К.Тлеуова

Сынып: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза-Әлі «Кәрі қыран» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақын Қадыр Мырза-Әлінің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, лирикалық өлеңнің көтерген тақырыбы мен идеясын, сюжеттік желісін таныту, аллегория жайлы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: мәтінді тереңдете талдату арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,

Тәрбиелік: ақынның ерлікті, өрлікті жырлауы арқылы ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу, қазақ халқының асыл қасиеттерін оқушының бойына сіңіру

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, ой қозғау, Қ.Ф.Жүсіповтің талдау үлгісі, іздену, сұрақ-жауап, интербелсенді тақтамен жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: ақынның портреті, интербелсенді тақта, слайд, сызбалар, плакат, т.б.

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Қоңыр күз еді» әңгімесінің кейіпкерлері кімдер?

  2. Алматай ағай Қасымға қандай кітап берді?

  3. Алматай бұл кітапты неге жасырды?

  4. «Қоңыр күз еді» шығармасы қай кезеңді қамтиды?

  5. Шығарма сені несімен қызықтырды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Ой шақыру.

Қыран қандай құс? Қыран құстар жайлы не білесіздер? Олар қай жерлерді мекендейді? Қыран дегенде қандай ассосация пайда болады?




  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Қадыр Мырза-Әлінің «Кәрі қыран» өлеңі

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

  • Бүгін, біз, балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақовтың құрдасы Қадыр Ғинаятұлы Мырза-Әлінің өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз. Қадыр Мырза-Әлі - ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірді. Ол Қазақстан Жазушылар Одағында жауаптты қызметтер атқарды. Оның шығармаларының тақырыптары әр алуан. Қазақ халқына ғана тән ұлттық қасиеттерді өзінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінд аса зор шабытпен жырлаған. Елуден аса кітаптың авторы, 200-дей өлеңіне ән жазылған. Атап айтсақ, «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық», туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен», асыл әжелерімізге арналған «Әже туралы ән» , т.б. Қадыр Мырза-Әлі - В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Р.Ғамзатов, А.Ахметова, О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы. Қадыр аға Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-інде көз жұмды. Қадыр Мырза-Әлінің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтар, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.


  1. Мәтінмен жұмыс. «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқыту.

  2. Сөздік жұмысы.

Зәбірі артты - азабы көбейді

Албасты басқыр - қарабасқыр, оңбағыр

Тәрк ету - дүниеден безді

Пұшпақ - малдың, аңның сирақ терісі

Жастықтың әрі - жастықтың келбеті, ажары

  1. Композициялық талдау.


І.Басталуы. Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт

ІІ.Байланысы. Кәрі қыранның халі

«Кәрі қыран» ІІІ. Дамуы. Шау бүркіттің ойы

өлеңі ІҮ. Шарықтау шегі. Заулап келіп көк тасқа қойып кетуі

Ү. Шешімі. «Қандай бақыт қыранша өле білген!»


(Оқушылар интербелсенді тақтада талдау жасайды.)


  1. «Кәрі қыран» өлеңін Қ.Ф.Жүсіповтың әдісімен талдау. (Оқушылардың алдарына мәтін және талдау сұрақтары беріледі. Талдау сұрақтарының нөмірлерін мәтіндегі сөздердің үстіне белгілеу арқылы талдайды.)

Талдау сұрақтары:

  1. Қыранның күштілігі, мықтылығы

  2. Қыранның дауысы

  3. Қыранның намысқорлығы

  4. Қыранның әлсіздігі

  5. Қыранның өкініші

  6. Эпитет (көріктеуіш)

  7. Теңеу

  8. Кейіптеу

  9. Метафора

  10. Аллитерация

  11. Тұрақты тіркес

  12. Психологиялық паралелизм

(Оқушылар талдап жатқан кезде «Қазақ осы» әні ойнап тұрады.)

Синоним: жасын, найзағай; кәрі, шау; тірлік, өмір, ғұмыр;

Антоним: шау - жас, өмір - өлім, жастық - кәрілік

  1. Әдебиет теориясы.

Аллегория - астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу. Поэзияда аллегориялық сипат алатын, көпшілік жағдайда айтылып отырған нәрсенің нақтылы, затты сипаты, толығынан ауыспалы, туынды мағынаға бағыныңқы болғандықтан, мүлде әлсіреп кейде анық сезілмейді. Аллегория мысал жанрында өзінің көркемдік қуатын тапқан. Мысалда әрбір кейіпкер белгілі бір қасиеттің немесе бейненің иесі ретінде беріледі. Мысалы: түлкі - қу, қой - момын, т.с.с.

Аллегорияға өздерің мысал келтіріңдер.

ІҮ. Сабақты бекіту.

  1. «Қыранша өмір сүргенің - Қандай бақыт! Қандай бақыт - Қыранша өле білген!» деген жолдардағы тұспалды ойды қалай түсінесіздер?

  2. Кесте толтыру.


Не білдік?

Не үйрендік?

Не білгім келеді?

(Оқушылар спикерлерге не білгенін, не үйренгенін, не білгісі келетінін жазып, тақтадағы плакатқа жапсырады.)

Ү. Үйге тапсырма.

1. Ұнаған шумақтарды жаттау.

2. «Қадыр - Қыран - Қазақ» ой толғау

3. Оқулықта берілген ақын туралы даналық ойды жалғастыр.


ҮІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласып, тапсырмаларды орындай білген оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал