- Учителю
- Ашық сабақ 'Кенесары Қасымұлы көтерілісі' 8 сынып
Ашық сабақ 'Кенесары Қасымұлы көтерілісі' 8 сынып
33-34-сабақ
Пәні:Еңбекке баулу Уақыты:
Сабақтың тақырыбы:Конструктормен жұмыс. Тікұшақ құрастыру
Сабақтың мақсаты:а)Білімділігі:Оқушыларға конструктор бөлшектерін түсіндіру,білімдерін кеңейту.
ә)Тәрбиелігі:Тазалыққа,ептілікке,жинақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б)Дамытушылығы: Ой-өрістерін ,ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі,түрі:жаңа сабақ,қайталау
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару
2.Негізгі бөлімі
Осы уақытқа дейін көп нәрсе жасап үйрендік. Бүгінгі сабағымызда конструктормен жұмыс жасаймыз. Конструктор дегеніміз-бөлшектерді біріктіріп бір зат жасап шығару(орындау) Бөлшектер мен бөліктерді бір-бірімен түрлі тәсілдерді қолдана отырып біріктіреді. Атап айтсақ , желім,бұрында (болт),кертік,штифтермен бекітеді.
Конструктор бөлшектері пластмасса,ағаш,темір,қатырма қағаздан жасалады.
3.Қауіпсіздік ережесі:
Конструктор бөлшектерін үшкір жағымен ұсынуға болмайды.Ұшын жоғары қаратып ұстама. Конструктормен жұмыс кезінде жүрме,жолдасыңа жақындама.
4.Машықтық жұмыс
1.Конструктордың негізгі бөлшектері бұрыш,бастырма, тақта, дөңгелек,жолақтармен жұмыстану.
2.Конструктор бөлшектерін құрастыру үшін құралдар-саймандар қажет. Олардың ішіндегі ең негізгісі-сомын кілт пен балға кілт.
3.Бекіту құралдарымен жұмыстандырту.
5.Жаңа сабақты бекіту
-Конструктордың қандай түрлерін білесіңдер?
-Конструктор бөлшектерінен қандай заттар құрастыруға болады?
6.Қорытыңды. Бағалау.