7


  • Учителю
  • Қорқыт, Асан қайғы жайында аңыздар, 9 класс

Қорқыт, Асан қайғы жайында аңыздар, 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиет 9-сынып

Сабақтың тақырыбы Қорқыт, Асан қайғы жайында аңыздар.

Сабақтың мақсаты Аңыз кейіпкерлері Қорқыт пен Асан қайғы жайында оқушылар білімдерін толықтырады. Аңыз әңгімелердің халық ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын біледі.

Қажетті құрал-жабдықтар Оқулық, хрестоматия, «Ежелгі Қазақстан аңыздары» кітабы «Аруана» баспасы 2006ж., флипчарт, маркер, парақшалар

Сабақтың барысы

Кіріспе бөлім

І. Сыныппен амандасу (3 мин) Шеңбер құру. Оқушының көңіл күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығу жүргізу. «Сәлемдесу» ойыны «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, қалай амандасу керек екенін айтамын. Көзбен.., қолмен..., иықпен.., құлақпен...,өкшемен..., арқамен (Оқушылар сабаққа дайындалады. Шеңберде тұрып, бір бірімен амандасады. Қимылдарды тез орындайды)

ІІ. Топқа бөлу (2 мин) Түстер арқылы сынып үш топқа бөлінеді

ІІІ. Үй тапсырмасын сұралады (7 мин) Үш топ билет алады. Әр билетте екі сұрақ.

1-топ 1.Аңыз әңгіме дегеніміз не? 2. Топонимикалық аңыздар дегеніміз не?

2-топ 1.Ертегінің аңыздан айырмаш/ы 2.Кейбір аңыз әңгімелердің тарихи жырларға жақын болуы

3-топ 1.Аңыз кейіпкерлері 2.Топонимикалық аңыз әңгімеле

Билеттегі сұрақтар бойынша ойларын ортаға салып, бір оқушы шығып айтады.

Негізгі бөлім

1- тапсырма ( 10 мин) Негізгі ойды суреттеу. Топ ішінде жұмыс. Оқулықтағы мәтін бойынша әр топқа тапсырма беріледі . Берілген мәтінді топта талқылап, топтағы үздік баяндамашы топ жұмысын қорғайды.

2-тапсырма ( 10 мин) Топпен жұмыс ДЖИГСО. Өзара оқыту

Хрестоматиядағы аңыздарды оқиды, топта талқылайды. Үш адамнан тұратын топтар құрылады. Өздерінің оқып түсінгенін жолдасына айтып береді. (Топтан құрылған шағын топтар оқу бөлмесінің кез келген жеріне барып тұрады)

1-топ Қорқыттың «Башпай» күйі (хрестом. 82-бет)

2-топ Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі (хрестом. 82-бет)

3-топАсан қайғы туралы аңыз «Ат тұяғы басар жер» (қосымша оқулық 146-бет)

Сергіту сәті ( 3 мин) Оқушыларға парақшалар таратылады Үш рет бүктейміз. Жоғары жақтың сол жақ шетін жыртамыз. Оң жақтың астынғы бұрышын жыртамыз. Оң қаратамыз . 0ң қырының ортасын жыртамыз. Ашамыз . Тапсырма бірдей болса да, шыққаны әр түрлі.Бұл дегеніміз әрбір адам жеке тұлға. Әрбір адамның өзіндік пікірі бар.

3-тапсырма (5мин) Постермен жұмыс. Аңыз әңгімелердің халық ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен ұқсастығы, айырмашылығы Аңыз әңгімелердің халық ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен ұқсастығы, айырмашылығы туралы топта талқылап , тірек сызбамен жұмыс істейді

Қорытынды бөлім (5 мин)

Қорытынды бағалау

Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады («Ұстазға хат» әдісі)

</<font face="Times New Roman, serif">Келесі тапсырма беру

Кистаубаева Эльмира Турсунбаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл ауданы





Қорқыт, Асан қайғы жайында аңыздар, 9 класс

Қорқыт, Асан қайғы жайында аңыздар, 9 класс



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал