7


  • Учителю
  • «Сұрапыл соғыс» атты кештің сценарийі

«Сұрапыл соғыс» атты кештің сценарийі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





</<font face="Times New Roman, serif">«Сұрапыл соғыс» атты кештің сценарийі

( Соғыстың болып жатқаны жайлы слайд, сахына сыртында жүргізуші оқиды, күй орындалады)

Жүрг.2015-тің 9 мамырын, Жеңістің 70 жылдық тойын, осы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздей сабырсыздана күткен жан болмас қазір. Соғыста солдаттар Жеңіс күнін тап солай тағатсыздана күткені жасырын емес-ті. Олардың артында ұзақ-ұзақ төрт жылға созылған қанды күндер қалып жатты. Сондықтан елді қажытқан бұл соғыс бітер болса, ол және басқалар өзінің аулына, отбасына, туған жеріне, бейбіт күндерге, елге оралмай ма! Одан асқан қандай бақыт бар! Олар соғыста сондай өмірді қайта оралту үшін қанын төкпеді ме? Сұрапыл соғыста бораған оқ пен отқа кеудесін төсеген кейбір боздақтарымызға жат жердің топырағы бұйырды, мүлдем хабарсыз кеткендері де аз емес.

(Жас боздақтар туралы слайд, Константин Симоновтың «Майор привез мальчишку....» өлеңінД.Мурадовоқиды.)

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды.

(Осы кезде халықтың соғыстан қайтқан кезіндегі слайд көрсетіледі.Сахнаға, қуанышпен жас солдаттар мен қыздар шығып «Случайный вальс» биін орындайды.)





Осы кезде Қали ана сахнаға шығып жан-жағына жалтақтай қарап, билеп жүрген солдаттардан:

Балалар, менің Қосшықұл менЖексенқұлымды көрдіңдер ме? (сахынадан шығып кетеді)

(Осы кезде ауылдың бейнесі слайд, автор сөйлейді, күй ойналады)

Автор. Соғыс бітіп, Жеңіс Туы желбіреп, ең бастысы аман қалған азаматтар оралып, ел мәре-сәре қуанғанда Қали ананың көңіліне көктем, шаңырағына шаттық орнамапты. Өзгенің қуанышын қайтсін, өзінің өзегін жарып шыққан балапандарынан хабар болмағасын?! Кейде ауылдың шетіндегі, төбеге шығып жол қарап отырады екен, ал кейде балапандарымның келгенін білмей қалдым ба деген оймен ауылды аралап, ұлдарын ұзақ іздейді екен. Ауылдың балалары бұл кемпірдің есі ауысқан - деп мазақ қылып жүріпті. Өзге жұрт жеңісті жыл сайын дүркіретіп тойлап жатқан бейбіт күндерде де Қали ана үшін сұрапыл жылдардың бұлты арылмапты, ұлдарының соғыстан оралуын күтіп жүріпті…

(Сахнаға асық ойнап жүрген балалар шығады. Қали апа шығып балаларын сұрайды. Балалар кемпірді мазақтап ойнап кете барады.)

(Қали ана ортада қалып өзінің жоқтауын айтады)





О-о-о-о, Дүние-ай! Құлындарым-ау!

Сағындым, сағындым, Жексенқұлым мен Қосшығұлымды сағындым!

Аңыраған сорлы анаңның зарына құлағыңды тосшы бүгін.

О-о-о-о-о, Тәңірім- ай! Сендерді келеді деп құрт-майымды сақтап жүрмін.

Е-е-е-е, Ауылдың адамдары мына аналарыңды жынды атаған. Көзім кетсе талап алар бар малымды.

О-о-о-о, Жалған-ай! Сендерсіз мына үй қаңырап қалды-ау... Баласын жұтқан жылан секілді...Е-е-е-е, Мына қара шашым сендерді, сарыла,күте-күте... қырау болды-ау. Басыма қайғы түскелі... әр түнімді өткіздім, жылау менен.

О-о-о-о, Жалған-ай! Сағындым ғой қос қозымды... Мәңгілікке көзімді жұмсам , бір уыс топырағыңда бұйырмай ма? ...Айтыңдаршы?

Күн қайда кетті терлеп ішер қызыл шайды, тер емес... мына көзді жас шайды. Қой! Тұрайын! Қос құлыным келіп қалған шығар, аралап қайтайын Қызылсайды. О-о-о-о, Тәңірім! Мына қу жүрегім езіліп, ауырып барады-ау! Барып қайтайын, барып қайтайын Қызылсайға. ( Қали ана құлайды.)

Автор

Қали әжей өзінің қос жұлдызын сарыла күтіп, аянышты халде өмірден өтіпті…

Бұл оқиғаны аға буын жақсы біледі. Барша аналардың, адамдардың қасіретін жүрегімізге әкеп құйғандай болады. Сол сияқты, «Қара кемпір» ескерткішін көргенде де «соғыс» дейтін тажалдың қандай алапат күш екенін білеміз. Ескерткіш 1993 жылы орнатылыпты. Сол бағытқа жолым түскен сайын ескерткішпен бірге, төбеге тастарды қаз-қатар тізіп жазған «Ана - өмірдің гүлі» деген үлкен жазу көзге түсетін. Жан-жағы кеңістік, орналасқан жері - биік еңселі ескерткіш және санасында сәулесі бар жанға ой салар мағыналы жазу. Керемет үйлесім тапқан бұл көрініс үлкен жолдан өткен жанның назарын бірден аударады.





(Екі жігіт алып кетеді, Қали ананың зираты көрсетіледі. Сахнаға атасы мен немересі шығады.)

Өтіп бара жатқан немересі атасынан: - Ата, мынау кімнің зираты?

Атасы:

  • Е, балам, Ұлы Жібек жолының бойында, Мыңқазан ауылының тұсында өмірі өкінішпен өткен ана, майданға кеткен қос боздағының жолын тосып әлі отыр… Майданға, Ұлы Отан соғысына аман аттандырған ұлдарының не тірі, не өлі екенін білмей, олармен қауыша алмай, күте-күте тасқа айналған ана!..



(Ата сахнадан шығып кетеді, немересі қалып, көркем сөз оқиды.)

Болмасын соғыс! Нұршат



Болмасын соғыс»

Тілегі солай ата - ананың.

Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,

Көшеде егер балдақты кісі кездессе

Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.

Бақтарды басып, танктің тажал табаны,

Қандарға бөгіп бала - бақшалар алаңы.

Жауынгер болып от атып жап - жас жігіттер,

Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.



Болмасын соғыс!

Жасасын Жеңіс - мамыр - ай!

Қозы - лақ шапсын енесін еміп жамырай,

Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,

Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.

О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,

Жаралы елді артпай - ақ қойдық арбаға,

Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада

Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.



Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қанша ма адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!



Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.



Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!



Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары.



Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!



(Атасы немересінің айтқанына қуанып, халыққа батасын береді.)

Ата рөлінде Руслан



(Ата батасын беріп болғаннан соң)

  • Қызым-ау, анау қараңдап келе жатқан кімдер?

Немересі:

  • Ата, «Жеңіс!» тойын тойлауға біздің ауылымызға келіп қалған өнерпаздар ғой. Жүріңіз ата, өнерлерін тамашалайық!

(Осы кезде мерекелік көңіл күймен сахнаға вокал тобы шығады, артынан слайд көтеріледі.)

  • Қыздар, бүгінгі мерекеге орай ән шырқайық! (Бір ауызбен) Шырқайық, шырқайық!

Н.Тілендиевтің «Дубосекова Зиратында»

Жүрг. Қасиетті Жер-ананың төсінде бейбіт өмір,бейбіт еңбек орнасын.Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз.Елімізде және жер бетінде тыныштық сақталсын.

(Сахна төріне ансамбль шығады.)





(Жүрг. оқып жатқанда хор шығады)

Жүрг.2015 жыл біздің халқымыз үшін тарихи оқиғаларға толы маңызды жыл болғалы тұр. Солардың ішіндегі ең айтулысы күллі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері болып тойлағалы жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтеді. Бұл - үлкен белес. Халық бұл белесті қастерлеп еске алады. Уақыт алға қадам басқан сайын Ұлы Отан соғысына қатысқан, жеңген, елді қалпына келтірген адамдардың саны азайып барады. Сондықтан, биыл, 70 жылдықта сол сиреген аталардың әрқайсысы соғыстың тірі куәлеріндей көрінеді, олар- біз үшін қымбат.Бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің ортақ отаны болып табылатын Кеңес Одағына жау тұтқиылдан тиіскенде күллі халық кеудесін тосып, Ұлы Жеңіс жолында жанын да, қанын да аяған жоқ. Кешегі от-жалыны жарты әлемді шарпып, дүркірей өткен Ұлы Отан соғысында жасалған ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.





Хор. Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» орындалады:



Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, әнбастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласынана,

Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесінжасағашоданәрі,

Өткенкүнқайтаданжанбайды.

Сұлудыңкестеліорамалы,

Сүртсін, тек тершігенмаңдайды.





Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы

(Хор. «Сұрапыл соғыс» Сөзі:Базарбай Асқаровтікі. Әні: Сағадат Ильясовтікі )

Соңында 4 сынып оқушылары шармен шығады







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал