7


  • Учителю
  • Қазақ тілі. Себеп бағыныңқы сабақтас жасалу жолдары

Қазақ тілі. Себеп бағыныңқы сабақтас жасалу жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8«А»

Мұғалімнің аты-жөні: Сайлаубаева Тогжан Жаслановна.

</ Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас жасалу жолдары

Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұматтарын , ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын түсіндіріп, құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жазу, оқыту, талдау, ой түйіндеу, INSERT әдісі, мағынаны таныту.

Көрнекіліктер: оқулық, кеспе парақшалар, суреттер,т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- сәлемдесу;

- сабаққа қатысуын тексеру;

- назарларын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

136-жаттығуды кезекпен оқиды.

III. Ережемен жұмыс:

Жасалу жолдарын түсіндіру.

1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан, -діктен деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.

Мыс: Күннің аязы көтеріліп кеткендіктен, бастауыш сынып оқушыларына сабақ борлған жоқ.

2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.

Мыс: Қолынан келер жәрдемі болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.

3. Көсемшенің -й жұрнағына аяқталған етістіктің болымсыз түрінен жасалады. Мыс:

Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады.

Қашқындар қолға түспей, ызаланған Жабағы қара күреңденіп кеткен.

4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады.

Мыс: Жұмысқа кешігуге болмайды деп, Айдын оразасын ашпастан шығып кетті.

Ережелерді түсіндіремін , оқушылар өзара жасалу жолдарын талдайды.

IV. Сергіту сәті. Жаттығулар жасау.

VI. «Мағынаны тану»

«Күрделі сөйлемдер» стратегиясы.

Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалайды:

- оқушының сөйлемді тақтаға сауатты жазуын,

- жазған сөйлемді мәнерлеп оқуын,

- сөйлемге тілдік талдау жасай білуін.

Шарты: сөйлемге тілдік кешендік талдай жасай білу, соның ішінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисі, сөйлемге тән негізгі белгілерді анықтай білуі, бағыныңқы, басыңқы компонент - тердің байланысуы, сөйлем мүшелері, олардың сұрақтары мен қызметін анықтай алуы.

VII. Жаттығумен жұлдыз.

139-жаттығуды орындайды.

VIII. Сабақты бекіту:

Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылаймыз.

IX. Рефлексия:

INSERT әдісі.











X. Үйге тапсырма беру:

137-жаттығу, ережені оқып, жаттау.

XI. Бағалау:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал