7


Мақала Туған жерге тағзым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жуырда бастау алып отырған «Туған жерге - тағзым» атты акциясы біздің ауданымызға да келіп жетті.

«Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама болғалы тұр. «Туған жер - тұғырың » дейді тағы халық даналығы. Жалпы туған жер туралы, оның қадір - қасиеті жайында айтып тауыса алмастай боласың. Туған жерге деген ыстық лебізімізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келіп жеткен секілді.

Былтырғы жылы бұл шара «Көркейе бер, туған жер» атты атаумен жүзеге асырылған болатын. Ол жолы да акция барысында ауданымыздың жанашыр азаматтары аянып қалған жоқ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы жылғы шараны да ауданымыздың көркейуіне септігі тиетіндей игі бастамалардан бастағанымыз жөн.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Елді одан әрі дамыту тек білімді, дамыған және мәдениетті жастардың қолында» деген болатын. Біз, жалынды жастар ерік - жігерімізбен осы шараға атсалыссақ, оған ауданымыздың абзал, жанашыр азаматтары керісінше қолдау көрсетіп, көмегін бермесе бізге тоқтау қоймасы анық.

Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі баянды болашағы кейінгі толқын жастардың қолында екені сөзсіз. Сондықтан жалынды да жігерлі жастарды «Туған жерге - тағзым» акциясына қатысуға шақырамыз.

Жастық жігері мен күш - қуатын ауданымыздың болашағы үшін жұмсауға дайын жастар акцияға белсенді түрде қатысады деген сенімдеміз.





Берік Айзат Берікқызы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал