- Учителю
- План урока 'Атмосфера' 6 класс
План урока 'Атмосфера' 6 класс
Сабақ: 39 Тексерілді:
Күні: Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атмосфераның құрамы, құрылысы, қасиеттері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіріп-суреттеу, сұрақ-жауап, проблемалық
Сабақтың көрнекілігі: қосымша мәлімет, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, психологиялық дайындығын тексеру
ІІ. Мақсатын қою
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы атмосфераның құрамын түсіндіру.
Басқа газдар 1%
Оттегі 21 %
Азот 78%
Атмосфера құрамы
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы атмосфера қабаттарын түсіндіру.
Атмосфера қабаттары
Тропосфера 10-18 км
Стратосфера 50 км
Атмосфераның жоғары қабаты
Мезосфера 200 км
Қорытындылау.
IV. Түсінігін тексеру
1. Сұрақ-жауап.
1. Ауа дегеніміз не? 2. Атмосфераның құрамы. 3. Атмосфера қабаттары. 4. Атмосфераның маңызы. 5. Атмосфераны зерттеу жолдары. Қорытындылау
V. Бекіту
1. 67 беттегі тапсырмаларлы діптерге орындаңыздар.
2. Ауаның тіршілік үшін маңызы туралы шағын ой-пікір жазыңыздар.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: §18. 64-67 бет оқу.