7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Қазақ тілі 'Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану' 11 сынып

Ашық сабақ Қазақ тілі 'Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану' 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ашық сабақҚазақ тілі "Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану" 11 сыныпМақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – мәдени, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау,
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Қазақ тілі "Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану" 11 сынып

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық - мәдени, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау, ҰБТ-ге дайындық жүргізу
2. Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, мәдени өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға баулу
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайдтар,интерактивті тақта, қарындаш.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдері: баяндау, әңгімелеу,сұрақ-жауап, тест әдісі, пікірлесу.

Жұмыстың түрі: топтық, жұптық, дара.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал


.
ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту / тыңдалым /
«Қазақстанның театрлары» -интерактивті тақта арқылы фотоларын немесе бейне фильм көрсету.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау

Оқушыларды 2 топқа бөлу. (бағалау парақтарын үлестіру)
IV.Жаңа сөздермен танысу, жұмыс істеу (сөз тіркестерін, жай сөйлем құрастырту)
• Ғаламдану - глобализация
• Мұра - наследие
• Жетістігі - достояние
• Лайықты орын - достойное место
• Әлемдік құбылыс - явление мирового значения
• Қалыс қалмайды - не отстает
• Үдеріс - процесс
V. Мәтінмен жұмыс ( оқылым)

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Ш.Қалдаяқовтыің «Менің Қазақстаным» әні, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» симфониясы, О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы тағы басқа мұралар - Қазақстан мәдениетінің жетістігі. Тәуелсіз Қазақстанда мәдени мұраларды сақтауда көп істер атқарылуда. Тасқа жазылған Күлтегін ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің «Хикметтер» кітабы әрбір қазақстандыққа танымал. ЮНЕСКО арқылы дүниежүзі Абайды, М.Әуезовті, Қ.Сәтпаевты қайта таныды. Еуропа мен Американың атақты сахналарынан Қазақстан өнері мен ғылымы лайықты орын алды.

Қазіргі әлемдік құбылыс болып тұрған ғаламдану үдерісінен Қазақстанның өнері қалыс қалмайды. Оны ұлттық мәдениеттің дамуына пайдалануды мақсат етеді.
Берілген мәтінді оқу, аудару, сұраулы сөйлем құрастыру
85 - бет / жазылым, тілдесім /

Осы мәтінге екі топ екі сұрақ қояды.

1-топтың сұрағы.

1.Осы мұралар ненің жетістігі?
2.Тәуелсіз Қазақстанда нені сақтауда көп істер атқарылуда?
2-топтың сұрағы.

3.ЮНЕСКО арқылы дүниежүзі кімдерді қайта таныды?
4.Еуропаның, Американың атақты сахналарында Қазақстан өнері мен ғылымы қандай орын алды?

VII. Грамматиканы қайталау. Балалар, бүгінгі сабағымызда етістікті қайталаймыз.

Етістік дегеніміз не?

Сұрақтары қандай?

Тұлғасына қарай қалай бөлінеді? (негізгі туынды)

Құрамына қарай (дара, күрделі)

Іс әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай болымды, болымсыз

Мағынасына қарай: салт, сабақты етістік

Етістіктің неше шағы бар? (3)

Етістіктің райлары нешеу?

( Ашық, бұйрық, шартты, қалау рай.)
VIII.

1 тапсырма. 1-топ. Мәтіннен нақ осы шақты табыңдар.

2- топ. Нақ осы шақтың ауыспалы түрін табыңдар.

2-тапсырма 1-топ. Сөйлемнің баяндауыштарын тиісті формаға қойыңдар.(3 сөйлем). (атқарылып жатыр, қайта танып отыр, орындалып жүр.

2- топ (ауыспалы) атқарылады, таниды, орын алады.(3 сөйлем)

IX. Шығармашылық жұмыс.

Бұрыс мәтінді дұрыс мәтінге айналдыру.


Х.Диалог құру.

2 топ та бүгінгі тақырыпқа және оны өмірмен байланыстырып 5-6 сөйлемнен тұратын диалог құрады.

«Қазақстанда, сахналарынан, мәдениетінің, мұраларды»
( нашар оқитын оқушылармен жеке дара жұмыс Брага В., Черанев Ю. - сөздерді буынға бөлу, буын түрлерін ажырату, Павлова И. «өнер, театр» сөздеріне фонетикалық талдау жасау)


ХІ. ҰБТ- ға дайындық / тест, ереже /

  1. Негізгі түбір етістікті табыңдар.

А) ойлан; в) сана; с) шақыр; d) тазала; е)басқа

2.Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А) салт; в) сабақты; с) құранды; d) көмекші; е)болымсыз.

3. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсетіңіз.

А) салт; в) сабақты; с) құранды; d) көмекші; е)болымсыз.

4. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) қалам бар (ма); в) Бұл -шығар (ма); с) сабақтан қал (ма); d) қызық жарна (ма) ; е)атым Ал (ма).

5. Болымды етістікті табыңыз.

А) бет қаратар емес; в) жалған айтып суыспа; с) Енді топтың ішін көрмек емес;

d) жүйрік алысқа шабады.; е)енді бұлай істемегейсің.

6. Күрделі етістіктің қатарын белгіле.

А) балтала, ойлан ; в) жұлқылады, ойбайлады; с) жүре бер, келе жатыр;

d) көңілден, ағар; е)жазды, оқыды

7. Етістіктің болжалды келер шағын табыңыз.

А) сөйледі; в) сөйлеген с) сөйлер; d) сөйлейді; е)сөйлеп отыр.

8. Етістіктің неше райы бар?

А) 2; в) 4; с) 3; d) 5; е)9.

9. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

А) айтып тұрды; в) алып жүрген; с) бара жатыр еді; d) оқымай жүр; е)сурет салып отырмақшы.

10. Етістік көбінесе сөйлемде қандай сөйлем мүшесі болады?

А) бастауыш; в) баяндауыш; с) анықтауыш; d) пысықтауыш; е)толықтауыш.


ХІІ. Үйге тапсырма. Театр туралы шағын әңгіме жазып келу. Етістіктерді қайталау


ХІІІ.Рефлексия



«Суворов орта мектебі»КММ

Ашық сабақ 11-сынып



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бейсекова А.Қ.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал