- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему: 'Көмектес септік'
Урок по казахскому языку на тему: 'Көмектес септік'
«Мелкомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Көмектес септік
(Ашық сабақ)
4 «А» сынып
Пән мұғалімі: Г.Қ Омарбаева
2012-2013 оқу жылы
Мерзімі: 24.01.2013 пәні: қазақ тілі сынып: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік (86-91-жаттығу).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату.Көмектес септік жалғауы үндестік заңына бағынбай жалғанатынын байқату.
Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу.
Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, өзіндік жұмысқа үйрету.Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, ұжымдық жұмысқа, жолдастық көмекке баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, өмірмен байланыс.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Жаңа технология элементтері: Венн диаграммасы, Семантикалық карта,ой қозғау стратегиясы, топтастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі: слайд №1слайд №2
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Сыныпты түгендеу
3.Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық:
-
Балалар, бүгін басқа сабақтардан ерекше сабақ. Өйткені бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Олар -ұстаздар, ата- аналар. Қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетейік.
-
Қазір қай сабақ?
-
Қазір қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім,
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен, олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.
2.Қызығушылығығын ояту.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
«Қыс мезгілі». Қыста жер беті ақ көрпеге оранады.
Міне, қыстың екінші айы, яғни бүгін қысқы орманға серуенге шығайық. Серуенге шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше дайындықтарыңды тексеру үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3-4 оқушыдан сұрау)
Өткен тақырып бойынша: слайд №3, 4, 5
85-жаттығу.Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құрау берілген.
Еңбек+пен, су+мен, Ораз+бен, кітап+пен.
Ой қозғау
-Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
-Көмектес септіктің жалғаулары қандай?
-Сөйлем ішінде қандай мүше болады?
Дайындықтарыңды тексердік. Дайын екенсіңдер. Көмектес септігі туралы білімімізді толықтырамыз. Ал, ендеше серуенге кеттік.
III.Жаңа тақырып: слайд №
1.Кіріспе. Мінекей, орманға да келдік. Алдымызда үлкен ағаш тұр. Өзі бір жәй ағаш емес-ау деймін. Жақындап көрейік, шынымен діңінде конверт тұр. Оның қасында сауысқан тұр. Неге сауысқаннан басқа құс жоқ?
Мынау не конверт екен? Ағашқа өрмелеп конвертті алайық.
(конвертті ашып, хатты оқиық)
Мен сиқырлы ағашпын. Мына сауысқанға тапсырма беріп едім. Ол орындай алмай тұр. Оған көмектесетін құстар әлі жылы жақтан келмеген екен.
Сендер көмектесе аласындар ма?
САУЫСҚАННЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:
Менің тапсырмам:
Берілген сөздерді септе:
1-қатар 2-қатар
А.с қарлығаш домбыра
І.с қарлығаштың домбыраның
Б.с қарлығашқа домбыраға
Т.с қарлығашты домбыраны
Ж.с қарлығашта домбырада
Ш.с қарлығаштан домбырадан
К.с қарлығашпен домбырамен
- Балалар, біз сауысқанға көмектестік. Сауысқан не дер екен?
(Жарайсыңдар, балалар, рахмет!)
- Серуенімізді жалғастырып, әрі қарай жүріп кетеміз. Мәссаған, мына аппақ қардың үстінде іздер ненің ізі (аңдардың)
Бұл қай аңның ізі екен? Байқап көрейікші?
Балалар. бұл қоянның ізі екен.
- Енді алдымыздан қоян шықты
- Балалар қоянның қыста түсі неге ақ?
- Бұл жауынан қорғану үшін қажет
Біздің келетінімізді сезгендей ол да тапсырма дайындап қойыпты.
ҚОЯННЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:
Кітаптағы 86-жаттығу екен
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын
қойып, сөйлемдерді көшіру.
1. Оқығанды көңілге ықылас..... тоқылық.(Ы.А) 2. Хат Астана..... келіпті. 3. Асыл Жанар.... сөйлесті. 4. Қой.... жүні пайдалы. Жүн.... фабрика.... түрлі маталар тоқылады.
Балалар, қоян бізге бірдеңе айтқысы келіп тұр
Қоян: Балалар сіздерге рахмет. Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер.
Табиғатты қорғаймыз ба? Жақсы.
Балалар әрі қарай серуенімізді жалғастырайық
- Мынау қандай құс?
Ол қыста қалатын құс (тоқылдақ)
Тоқылдақ орман тазалықшысы. Ол ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды екен.
Ол да бізге тапсырма бергісі келіп тұр.Бізге жұмбақ жасырмақшы екен.
ТОҚЫЛДАҚТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:
ЕКІ ІШЕК БАР ДАЛАДА,
АУЫЛДЫ ЖАЛҒАР ҚАЛАҒА,
Қаланы жалғар ауылға.
Екі ішекпен зулайды ел
Жауында да, дауылда.87-жаттығу. Жұмбақты жатқа айтып, шешуін табу.(Рельс). слайд № 7,
-Балалар, тағы да екі ішекті не болады? (домбыра).
- Ал домбырада кімдер ойнайды? (Ақын, күйші, жыршы). слайд №9
Балалар мынау қу түлкі ғой. Түлкі бізге бірдеңе айтпақшы.
ТҮЛКІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ:
88-жаттығу. Ребус шешу. Слайд №12
IV.Сергіту сәті.
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Балалар сергіп қалдық па?
Ендеше,серуенімізді жалғастырайық
-
Мынау қандай аң?
Бұл орман аюы. Ол қыста қалың ұйқыға кетеді. Аю қандай аң?Ия, аю салмақты , сабаз аң. Солай ма? Аюдың тапсырмасыда салмақты, терең ойлауды қажет етеді екен. Ендеше аюдың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?
АЮДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:
Шығармашылық жұмыс.
89-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеде көмектес септіктегі сөздер және сөз тіркестері болсын.
Венн диаграммасы: Киіз үй мен қабатты үйді салыстыру.
Киіз үй Көп қабатты үй
Аюдың сөзі: Жарайсыңдар балалар! Сөздік қорларың бай екен.
- Балалар мына құсты білеміз бе?
- Ия, бұл үкі
Үкі де сендерге тапсырма дайындап қойыпты, тапсырманы оқиық.
ҮКІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ:
90-жаттығу. Зат есімдерді екі түрлі септіктерге қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.
Үлгі:Гүлзатқа бару
Гүлзатпен бару
Үкінің сөзі:Қоршаған ортаға әрқашанда қайырымды болыңдар.
Олай болса , балалар табиғат деген бізді қоршаған орта тау, тас, су, ауа, жер, құс.
Қысқы табиғат
Табиғаттың адамға берері мол. Өсімдікдіктерді алсақ- ол отын да, құрылыс материаллы да, дәрі-дәрмек те. Адам саялайтын көлеңке, қағаз, шырпы, мал азығы. сондықтан да табиғатты қорғауымыз керек. Ол үшін ағашты сындырмау, гүлдерді жұлмау, орманға қоқыс тастамау, құстарды аялау керек.
Қысқы орманды тамашаладық. Жолда сыныбымызға келгенше тест тапсырмасын орындайық.
V.Сабақты бекіту
Сабақты бекіту мақсатында тест сұрақтарына жауап алу.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Көмектес септігінің жалғауын тап
А) -ға, -ге, -қа, -ке
Ә) -мен, -бен, -пен
Б) -ның, -нің, -тың, -тің
2. Кіммен?немен?сұрақтарына жауап беретін септік
А)атау септік
Ә)барыс септік
Б)көмектес септік
3. Көмектес септікте тұрған сөзді тап
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым
А)үйдің
Ә)қабырғасын
Б)балшықпен
4. Мына схемаға сәйкес келетін сөзді тап
А)гүлдерді
Ә)кірпіні
Б)доппен
5. Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр
Әсет ағашты арамен кесті.
А)Әсет
Ә)кесті
Б)ағашты
6. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады
А)толықтауыш
Ә)пысықтауыш
Б)баяндауыш
VI. Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Өздеріңе қажетті қызықты мәлімет ала алдыңдар ма?
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірі мен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ойнап-күлме, босқа жүрме.
Атау,Ілік,Барыс,Табыс,Жатыс,Шығыс,Көмектес,
Жаттап алсаң балақай,зат есімді септе тез.
VII. Үйге тапсырма: слайд №26
91-жаттығу. Сөздердің ұйқасын тауып, көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдау.
VIII.Бағалау.
Сабақ аяқталды. Рахмет!
Қуанышты хабарлама.
Құрметті ата-ана!
слайд №24
Бүгін сіздің балаңыз қазақ тілі сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Рахмет!
-Н.Ә.Назарбаев сияқты ақылды ел басшысы болыңдар. слайд №25
-А.Құнанбаев тәрізді өткір тілді ақын болыңдар.
-Р.Қ.Рымбаева сияқты күміс көмей әнші болыңдар.
-Б.Сарсекбаев тәрізді ел намысын қорғар әлем чемпионы болыңдар.
«Мелкомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Мұхтар Әуезов
«Жетім» әңгімесі
(Ашық сабақ)
4 «А» сынып
Пән мұғалімі: Г.Қ Омарбаева
2012-2013 оқу жылы
Мерзімі:_______________ Пәні: ана тілі Сынып: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Жетім» М.Әуезов
Мақсаты:
Білімділігі: Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау сұрақ-жауап, көрнекілік, деңгейлік тапсырма, ой толғау.
Сабақтың көрнекіліктері: М.Әуезовтың портреті,сөзжұмбақ, тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Сыныпты түгендеу
3.Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық:
-
Балалар, бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Олар -ұстаздар, ата- аналар. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
-
Қазір қай сабақ?
-
Қазір ана тілі сабағы.
Ана тілі айдыным,
Ана тілі ай-күнім.
Ана тілім болмаса,
Керегі не байлықтың?
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз ана тілі сабағы екен, олай болса, ана тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.
ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ Жаңа материалмен жұмыс:
- Бүгін біз Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнымен танысамыз.1) Ой қозғау.
- М.Әуезов кім? Ол туралы не білесіңдер?
- 2-3 сыныптардағы өткен әңгімелерін еске түсірейік.
- «Көксерек» әңгімесі есіміздеме? Бұл әңгімедегі басты кейіпкер кім?
- «Боран», «Әке арманы», «Жолда» әңгімелері қай романның үзінділері
Тірек сызба
2)Мұхтар өміріне шолу.
-
Әуез қыстауы. Осы үйде Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен. Бұл қыстау кейіннен жөнделіп, жазушының мұражайына айналды
-
М.Әкезов - семинария оқушысы.
-
Жас мұхтар үй іші мен достарының арасында.
-
Жазушының Алматыдағы мұражайының бір бөлмесі.
-
М.Әуезов жұмыс үстінде. 1939жыл
-
М.Әуезовтың кітаптары. ( «Абай жолы» 4 томдық, «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Қилы заман»)
3) Сөзжұмбақ шешу.
4)Сөздік жұмыс
-
Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік
-
Қаға беріс - шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
5)Оқулықпен жұмыс
"Тізбектей оқу" әдісі
6)Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. Сөздікті жазып алу.
III. Түсінгендеру тексеру.
Мәтінге жоспар құру:
-
Үш салт атты.Жалғыз жаяу
-
Қасымның қаралы күйге тусуі.Әжесінен айырылуы
-
Иса мен Қадишадан көрген қорлығы
-
Қасымның тауға қашуы.
-
Тау ішіндегі қорқыныш.
-
Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
Деңгейлік тапсырма
-
Жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісін тауып оқы.
-
Жанашыры жалғыз әжесі өлгендегі Қасымның қиналған жері.
-
Қасымның қаңғып кетуіне себеп болған жері
-
Әңгіме неліктен "Жетім"- деп аталады
IV. Сергіту жаттығуы
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
V. Ой толғау.
Авторға хат"
Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
VI. Сабақты бекіту. Топтастыру.
Пысықтау сұрақтары:
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
VII. Сабақты қорытындылау.
Кейіпкер моделі
Кейіпкер
Іс- әрекеті үзінді
Оқушы сезімі
Қасым
Иса мен Қадиша
VIII.Үйге тапсырма:
Әңгімені жоспар бойынша мазмұндау. М.Әуезов жайлы оқып білу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша мадақтау.
15