7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Жанасу ашықсабағы

Қазақ тілі Жанасу ашықсабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





















Қазақ тілі пәнінен жаңа тақырыпты меңгерту

сабағы

Тақырыбы:





«Жанасу»

Қазақ тілі Жанасу ашықсабағы





Өткізген: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы

Сыныбы: 7 «Ә» сыныбы









</

Сабақтың тақырыбы: Жанасу

Сабақтың мақсаты:

білімділік - жанасу туралы түсінік беру, жасалу жолдарын, ерекшелігін ұғындыру;

дамытушылық - оқушыны өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге төселдіру, өздігінен салыстыруға жаттықтыру, іздене білуге бағыттау, өз күшіне сенуін қалыптастыру;

тәрбиелік - белсенділік пен қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс істей білу арқылы ұйымшылдыққа баулу, туған елін, тілін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты оқып-меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, түсіндіру, жартылай іздендіру, салыстыру, ойын,

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, сызбалар, Венн диаграммасы, тест тапсырмалары, бағалау парқтары, презентация

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгендеу. Психологиялық дайындық.

Қолымның жылуын сендерге беремін,

Жүрегімнің жылуын сендерге беремін,

Әлемдегі жақсылықты сендерге тілеймін.

Қызығушылықты ояту. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, «Жиырма» атты сөзжұмбақты шешу.

  1. Шамның жарығы. Сөздердің байланысу тәсілі қандай? Жалғау арқылы

  2. Мен оқимын. Сөздердің байланысу түрін атаңдар. Қиысу.

  3. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркесі.

  4. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркесі.

  5. Біздің үйіміз. Сөздердің байланысу түрін атаңдар.

  6. Отан үшін шайқас. Сөздердің байланысу тәсілі қандай? Шылау арқылы

Сонымен, балалар, сөзжұмбақта қандай сөз жасырынған? «Жиырма» деген сан.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Топтастыру стратегиясы.























Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Жанасу. (Сабақтың мақсаты айтылады).

Ертең келеді.

Ертең ауылға келеді.

Мысалдар арқылы оқушыларға ереже құрастыруға бағыт беру.

Төмен қарады.

Асығып келеді.

Жанасу

Етістікті сөз тіркесі

Үстеу + етістік Көсемше + етістік

Оқулықпен жұмыс. 263 - жаттығу. Жанаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, әрбір сыңарын талдаңыздар. (Жұппен жұмыс).

Мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Дұшпан ... айтады,

Дос ... айтады.

Анаға ... қыз өсер.

Жақсы ... сөйлер,

Жаман ... сөйлер.

Осы мақал-мәтелдердің дұрыс жауабы шығады, оқушылар өз-өздерін тексеріп, өз-өздерін бағалайды. Бағалау парағы алдын ала таратылады. Бағалау шарттары айтылады.

Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

Анаға қарап қыз өсер,

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

«Кім жылдам?» Оқушылар үш қатар болып жарысады.

Тапсырма: сызба бойынша жанаса байланысқан сөз тіркесін қай қатардағы оқушы жылдам құрайды. Әрбір дұрыс жауап үшін берілетін күн сәулелерін күнге жапсырылады. Ойын аяқталған соң, «Ал, енді, балалар, біздің мемлекетіміз осы күн сияқты биікте тұрып, нұр шашып, жылу шашып, жарқырай берсін!»- деген сөздер айтылады. Ал І қатар жеңімпаз болып, күн сәулесін мол сыйлады.

Бекіту. Венн диаграммасы бойынша оқушылар алдында өткен қабысумен жанасуды салыстырады.

  1. Сөздердің арасына сөз енбейді

  2. Есімді сөз тіркесі

Қабысу

  1. Орын тәртібі

  2. Іргелес тұру

Жанасу

  1. Сөздердің арасына сөз енгізуге болады

  2. Етістікті сөз тіркесі

Тест тапсырмалары.

  1. Жанасуды табыңыз

А. Оған бару

В. Бес жыл

С. Әдейі келу

  1. Жанасуды табыңыз

А. Ғалымдардың пікірі

В. Бірте-бірте ашылды

С. Ешкімге соқтықпау

  1. Жанасуды табыңыз

А. Біздің өлке

В. Мәдениетті тұлға

С. Дереу қимылдады



  1. Жанасуды табыңыз

А. Жақсы айтты

В. Менің айтқаным

С. Жайлауға шықты

  1. Жанасуды табыңыз

А. Ол сұрасын

В. Білімге ұмтыл

С. Кешігіп жетті

Тест сұрақтарының дұрыс жауабы беріледі. Оқушылар өз-өздерін тексеріп, өз-өздерін бағалайды.

  • Сонымен, балалар, жанасу деген қандай сөз тіркесі? (Оқушылар жауабы)

Бүгінгі сабақта, балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер, білімдеріңнің тиянақты, терең екендігін көрсеттіңдер.

Үй тапсырмасы. 262 - жаттығу.

Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал