- Учителю
- ҚАзақ тілі пәнінен 'Диалог, оның тыныс белгілері' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
ҚАзақ тілі пәнінен 'Диалог, оның тыныс белгілері' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________
Сабақ жоспары № 7
Пәні: Қазақ тілі
Топ: ________ Мерзімі: ___________
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Орда.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Диалог, тыныс белгілері.
Сабақтың мақсаттары:
а)Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ордасы, киіз үйі туралы мағлұмат беру. Диалог, оның тыныс белгілері жайында түсіндіру;
ә)Дамытушылық: оқушылардың мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
б)Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары: компьютер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Диалог».
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
«Орда» мәтінін оқу, аудару.
-
Сөздікпен жұмыс.
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
Ереже.
Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі ретінде берілген сөздерді диалогты төл сөздер деп атайды.
Диалог сөздерде:
а) сызықша - екі адам сөйлескенде сөйлемнің алдынан қойылады;
ә) үтір - жай сөйлемде қаратпа сөз, одағай сөз, қыстырма сөз, бірыңғай сөйлем мүшелері кездескенде;
Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер арасында қойылады;
б) сөйлемнің соңына (сөйлемнің түрлеріне қарай) леп белгісі, сұрау белгісі немесе нүкте қойылады.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Тапсырма:
-
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
-
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
2,4,6,7 жаттығуларды орындау
Тапсырма:
Мәтіндегі антоним сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін жасаңдар.
Таңдаулысы - нашары кем - артық
Көп - аз ақ - қара
Биіктігі - аласалылығы үстімен - астымен
Ұзындығы - қысқалығы