7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Досымның туған күні. Салыстырмалы шырай

Сабақ жоспары Досымның туған күні. Салыстырмалы шырай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Досымның туған күні. Салыстырмалы шырай.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: берілген тақырып аясында сұхбаттасу. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сын есімнің салыстырмалы шырай түрін меңгерту.

Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын диалог арқылы қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелігі: досқа деген сүйіспеншілікті, адалдықты бойларына дарыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, сұхбаттасу, топтық жұмыс, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сынып сабаққа дайын ба?

-Көңіл-күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па?

-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер достарыңның туған күндерін білесіңдер ме?

-Достарыңның туған күніне қандай сыйлық жасайсыңдар?

IY. Жаңа тақырып:

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

әдемі -красивый/ая/ қобдиша - сундучок

сый - подарок қуану - радоваться

майшамдар- свечи үрлеу - дуть





2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Бүгін менің досым Оляның туған күні. Ол он үш жасқа толды. Оля туған күніне достарын шақырды. Мен оған сыйлыққа әдемі қобдиша сатып алдым. Сағат бесте мен оның үйіне келдім. Олардың пәтері екінші қабатта. Мен келгенде барлық достары жиналыпты. Барлығымыз дастархан басына отырдық. Оляның анасы үлкен торт пісіріпті. Торттың үстінде он үш кішкентай майшам жанып тұр. Оля бәріміздің қолдауымызбен майшамдарды үрлеп өшірді. Біз оған жақсы тілектер айтып, сыйлығымызды ұсындық. Туған күн кеші өте әсерлі болды.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Сын есімнің шырайлары. (кесте)

Салыстырмалы шырай. (Сравнительная степень)

Бір заттың сыны мен сапасының екінші бір заттың дәл сондай сыны мен сапасынан сәл кем немесе артық екендігін білдіретін шырай түрін салыстырмалы шырай дейміз.

Сравнительная степень показывает, что данный признак свойственен одному предмету в большей степени, чем другому.

-лау/леу, -дау/деу, -тау/теу: қызыл+дау, қатты+лау, биік+теу, көрікті+леу, әдемі+леу, жақсы+лау…

-рақ/рек, -ырақ/ірек: жасыл+ырақ, үлкен+ірек, кіші+рек, күшті+рек…

-ғыл/қыл/ғылт/қылт/ғылтым/қылтым: қыш+қыл, боз+ғылт, қыз+ғылтым, қыш+қылтым, сар+ғылт...

-шыл/шіл/шылтым/шілтім: ақ+шыл, көк+шіл, ақ+шылтым, көк+шілтім...

-аң, -қай: боз+аң, қарт+аң, сұр+қай, оң+қай...

Топпен жұмыс:

-Мәтінге ат қою.

-Мәтінге бірнеше сұрақтар даярлау.

-Мәтіннен сын есімдерді тауып, салыстырмалы сын есімге айналдыру.

Өздік жұмыс:

Кестеде берілген салыстырмалы шырайларды қатыстыра отырып сөз тіркестері немесе сөйлемдер құрастыру.

V. Бекіту:

-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылды?

  • Миға шабуыл.

-Сендер достарыңның туған күніне қандай сыйлық сыйлайсыңдар? Қандай мақсатпен? Сыйлықтың суретін салу.

VI. Бағалау.

YII. Үйге тапсырма:

2- тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

1.Сіздің туған жылыңыз қай жыл? 2. Анаңыздың туған күні қашан? 3. Досыңыз қай жылы туған? 4. Атаң биыл неше жасқа келді? 5. Інің былтыр неше жаста болды? 6. Әкең қай жылы туған? 7. Әпкең қай жылғы?

3- тапсырма. Дос, сыйлық, дастархан сөздерін септеңдер.

YIII. Рефлексия.

IX. Сабақ соңы.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал