7


  • Учителю
  • 'Жаңырқа Жана Жыл' про новый год

'Жаңырқа Жана Жыл' про новый год

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Олжас:
Армысыздар ағайын - жұрт бауырлар, көңілі шат - шадыман балалар!!!
Ақмоншақ:
Міне, жыл бойы сағынып күткен мерекеміз де келіп жетті. Барша бала қуанып, түрлі - түсті киімдері мен көңілді әуендерін ала келді.
Олжас: Мінекей бір жыл бойы бізбенен бірге болған жылқы жылын да шығарып салар сәт туды. Бұл жыл өз молшылығы мен табыстарын, бақытты күндері мен жетістіктерін сыйлай білді.
Ақмоншақ: Ендігі келер жылымыз «қой» жылы. Қой момын, ауыртпашылық пен қиындыққа төзе білетін жануар емес пе?!
Яғни келер жылда да алар асуымыз биік болсын! Жаңа жылға жоспарлаған істеріңіз орындалып, мақсаттарыңызға жетіңіздер!
Олжас: Ақмоншақ байқайсың ба бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейтін сияқты ғой.
Ақмоншақ: Ия менде байқап тұрмын, тыныштық орнаған бұл неткен жаңа жыл деп.
Балалардан сұрап көрсек қайтеді?
(Осы сыныптың бір - екі оқушысы кетіп бара жатады)
Жүргізушілер:
Нұртас! Айдос!
Қайда кетіп бара жатырсыңдар?
Айдос - Нұртас: Біз әлі дайындықтамыз, ертең дегесін асықпай жүрміз.
Ақмоншақ: Тоқта - тоқта, жоқ, тез жиналыңдар, бүгін дәл қазір болады.
Олжас: Мен білемін біздің ұл - қыздар өнерлі, қазір - ақ шығады қара!
Олжас:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ақмоншақ:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзінде айқыштанып арайы.
жанға шуақ бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Ән:
«Жаңа жыл» «Диапазон» тобы. 7 «а» сыныбы (Жансұлу,Жанат, Ақниет, Айбала, Ақгүл)
Олжас:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашан да өнерліге сүйсінемін.
Ортада сұлу қыздар би билесін,
Мың бұралған сүмбіл шаш бишілерім.
Би: _ «Флешмоб»__ 7 ә қыздары
Олжас:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарын.
Ақмоншақ:
Бақша іші мереке,
Ойын - күлкі асқақ ән.
Жас достарым қуанып,
Мерекені бастағын.
Олжас, кештің сәні ән, би, өнер қандай керемет десеңші! Мен өте қуанып тұрмын.
Олжас: Қуанышың ұзағынан болсын Ақмоншақ. КТК- ң ұлдарының өнерін көрмейінше мен қуана алмай тұрымын, кезекті 7 ә - сыныбының өнерлі ұлдарына береміз.
Олжас:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араласам биге де.
Ақмоншақ:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау қарлы шың.
Олжас:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. - деп
Ортада «Гүлдер» әсем ән тобының орындауында «Жаңа Жыл» (Ғазиза, Камила) 7 ә сынып
Ақмоншақ: (ойланып тұрып, кітап беттерін парақтап қарап отырады)
Олжас: Ақмоншақ не болды не іздеп отырсын, кітапты жаба тұр мерекелік кешімізді аяқтап болғасын да оқырсын. Оның үстіне каникул да кетіп қалды.
Ақмоншақ: Жоқ бұл жәй кітап емес, түс жору. Түс көріп едім жори аласың ба?
Олжас: Бақсы болмасам да жобалап көрейін, айтып көрші.
Ақмоншақ: Түсімде осы мерекеде мысықтар толып кеткен, адамдар тіпті қорықпайды да, ең қызығы мысықтың мамасы әппақ, үлпілдек жүнді...күшті болып біздермен би билеп жүр екен дим.
Олжас: Онда сен келесі өнерлілерді қара мүмкін сенің түсіңді қыздар сезген болар.
Ортада «Ақылды мысықтар» биі. 7 «а» сыныбы
Ақмоншақ: Олжас! Олжас! Қайда кетіп қалды, жақсы өзім де жүргізе аламын ғой. Е - е - е: 7 «а» сыныбының КТК - ның да өнерлері ұлдары да келіп қалды, қарсы алыңыздар!
Олжас:
Армысың, аманбысың жаңа жылым!
Жаңа жылым, Оу менің жаңа жырым!
Қой жылы келген кезде, сый ғып тартып,
Ақтарыңдар шат көңілмен әннің сырын.
«Үнді» биін қарсы алыңыздар! 7 ә сынып.
Ақмоншақ:
Кел жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Дастарханды отырмыз саған жайып.
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен,
Талай ұлыс, талай ел, талай халық.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар деп Абай данышпан бекер айтпаса керек, менің де жаныма жақын бір әуен бар оны бүгінгі мерекеде тыңдайтыныма тағы да қуанып тұрмын.
Ән: «Керімсал» тобы 7 а сынып. (Нұрия, Индира)
Олжас: (Құлақшынмен әуен тыңдап тұрып)
Ақмоншақ: Саған бүгін не болған Олжас, өзің бүгін біртүрлісің ғой.
Олжас: Сен атақты рок корольі Майкл Джексонды білесің бе?
Ақмоншақ: Иа, оны кім білмейді?!
Олжас: Соның биін қалай жасасам да икемім келмид бір. Сен жасап көрші.
Ақмоншақ: Оның несіне әуре боласың, қыздар билеуге келген екен, тамашаласақ та жетіп жатыр. Ортада Рок бишілері. «Girls» тобы.
Олжас:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуаныш пен келді той боп Жаңа Жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Ақмоншақ:
Жаңа жылда балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау - ауру жамандық,
Қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар балалар!!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал