7


  • Учителю
  • 5-сынып қазақ тілі Ауылдағы жаз.

5-сынып қазақ тілі Ауылдағы жаз.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 сынып

Ауылдағы жаз.



Мақсаты: оқушылардың сөз мағыналарының қолданылу аясын тексеру;

Күн тау үстінен едәуір көтеріліп қалыпты. Жап-жарық. Көз ұялады. Үй іргесінен сәл төменірек өзен ағып жатыр. Алыстан қарағанда көпіршігі көкке атқан қымыз секілді. Тау беткейін қиялай жез діңгекті алып ағаштар сыңсып тұр. Айнала жап-жасыл.

Аманның үй іргесінен аттап шыққаны сол еді, көктен түскендей үлкен бір ит шыға келді. Аяғын баяу басып, балаға қарай жүрді. Аман зәресі ұшып, екі қолын сілкіп, шегіншектей берді.

-Сен одан қорықпа, жаным. Оның да сенімен танысқысы келеді. Ақтөс балаларды жақсы көреді. Олармен дос. Наныңнан үзіп бер. Жерге тастама. Досына нанды лақтырмас болар, жаным. Ақтөс, ала ғой, кәрі тарланым! -деген апасының дауысын естіді.

(Бақытжан Момышұлы, 100 сөз.)



























































Бағалау

Сауаттылық жеке бағаланады.





Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары

5-сынып

Мақсаты: І тоқсан көлемінде меңгерген білім-білік дағдыларын тексеру.

Міндеті: Орфографиялық, пунктуациялық талаптарға сай жазып, сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын ашып, сөздерді мағыналық топтарына қарай ажырату.



Диктант

Тоғайда

Дәулет әкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген Дәулетке айналадағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді. Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен. Бірі жуан, бірі аласа. Біреуінің сыртқы қабығы қалың, кедір-бұдыр, ана біреуінің қабығы жұқа, жып-жылтыр. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. Күзгі жапырақтар бейне бір төсеп тастаған текемет сияқты, ұйысып жатыр. Жұп-жұмсақ.

Сары қанат шымшық, шөже торғай, қараторғайлар бұтақтан- бұтаққа секіріп, енді біреулері алаңқай жердегі бұталарды паналайды. Қарақарғалар ағаштың басында отыр.

Дәулет сұрақты жаудырта жөнелді:

-Қарғалар ұясын қайда салады?

-Ағаштың сонау биік басына салады, балам, -деді әкесі.

/Б.Әлсеров/ / 98 сөз/



Тапсырмалар:





































Мақсаты:

І. Сауаттылығы бойынша:









ІІ. Грамматикалық тапсырмалар бойынша:

Лингвистикалық ұғым-түсініктерін талдау тапсырмаларын орындауда еркін қолдана білу деңгейлерін анықтау.

Жатжазу

Зере әже

Құнанбайдың бұйрығын айтудан бұрын, Жақып бірнеше дәлел айтты. Әкесінің ойы мен сөз төркінін Абай оңай танитын болған. Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс бар да, бала кірісетін іс бар. Екі арасын айыру керек. Балаға әкенің ісі абырой әпереді. Әкеден қиғаш кетіп, өздігімен кісілік іздеу бедел бермейді.

-Сен өзің мал иесі, жер иесі ме едің? Тым құрыса, мына шешелеріңнің талшығын аясаңшы! - деді Жақып.

-Мына отырған - жалғыз менің шешем емес. Әкемнің де шешесі. Мал-дүниенің шын иесі - осы кісі. Бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық . Қазір өз аузынан естіңіз ! - деді де, Абай әжесіне келді.

Әжесінің өңі қуарып, жүдеген. Ажымы молайып кеткен. Абай жақындағанда, ол құлағын түрді.

/М.Әуезов/, /100 сөз. Орфограмма түрі -11, тыныс белгінің түрі -7/.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал