7


  • Учителю
  • Поурочное планирование по теме: Достық

Поурочное планирование по теме: Достық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 2 сынып

</ Сабақтың тақырыбы: Достық .

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушылардың мақал -мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға, сынып тастарымен жылы қарым - қатынас қалыптастыру, отаншылығын, патриоттықты тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте ,тірек сызба, суреттер.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу, орыс тілі.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезені:

а) сәлемдесу

II. Психологиялық кезең

ә) көрші отырған оқушыға ізгі тілектер білдіру, «Үй және тұрғын» әдісі арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі арқылы. Үйге берілген мақал-мәтелдерді айту.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірлерін бағалайды.

III. Жаңа сабақ

Интербелсенді тақтаға «Достық» сөзі жазылған сөз шығады, ондағы сөздерді оқушыларға оқыту.

- Балалар, бұл сөзді біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...

- «Достық туралы мақал - мәтелдер»,-деп сабақтың тақырыбын ашамыз. Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар. Сабағымыздың мақсаты: достыққа байланысты мақал -мәтелдер білу, жаңа сөздерді меңгеру, ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға, сынып тастарымен жылы қарым - қатынас қалыптастыру, отаншылығын, патриоттықты тәрбиелеу.

Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаймыз.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Интербелсенді тақтада жазылған сөздерді оқимын, оқытамын.

1) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мақал - мәтелдер - қазақ халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.

- Тұрақты тіркестер сияқты әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Ол - сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

Қазақстан - бай өлке. Табиғаты тамаша, өзен көлге бай елімізде бірнеше демалыс орындары бар.

Достық - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

2) оқулықпен жұмыс - 22 бет 1-тапсырма. Өлеңді оқы. «Достық» Е. Елубаев

Ортақ мекен - Жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз,

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Мазмұн бойынша сұрақтарға жауап беру.

IV. Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру

Мақал -мәтелдер

Тақырыптары

1.

Денсаулық -

жау алмайды

2.

Доссыз ас-

Инемен құдық қазғандай

3.

Досы көпті

өзі де жақсы

4.

Жүз сомың болғанша

Тұссыз ас

5.

оқу

зор байлық

6.

Досы жақсының

Бір досың болсын

7.

Ас сөз

Алтын

Дұрыс жауабын ұсынып бір - бірлерін тексертемін.

Интербелсенді тақтада жазылған дұрыс жауабтары.

Мақалдарды көшіріп жазыңдар.

1.«Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».

V. Сергіту сәті.

Бір, екі, үш, төрт деп,

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Бес, алты, жеті деп,

Бір отырып, бір тұрып,

Аяқты жазып аламыз.

Сегіз, тоғыз, он деп,

Алақанды он соғып,

Біз тынығып аламыз.

«Кір жайылған жіп» әдісін қолдану.

VI.Топтық жұмыс.

1 топ

1.Достық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.

2. «Дос» сөзін тәуелде.

2 топ

1.Сыйластық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.

2. Дос» сөзін тәуелде.

3. Үлгі бойынша айт: Марат Алматыда тұрады. (қала сөздерің қолданып айту).

3 топ

1.Туыстық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.

2. «Дос» сөзін тәуелде.

3. Өз досың туралы әңгімеле.

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бағалайды.

VIII. Сабақты бекіту

- жаңа сөздерді қайталау;

- сұрақтарға жауап беру.

- коллажды жасау (берілген суреттер арқылы коллаж жасайды, топтық жұмыс).

IX. Сабақты қорытындылау

Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Не туралы әңгімелесіп жұмыс жасадық?

X. Бағалау:

XI. Үй тапсырмасы: Дәптерімізге жазып алған мақал-мәтелдерді жаттау.

Рахмет. Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал