7


  • Учителю
  • 'Аквариумдағы балықтар' ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

'Аквариумдағы балықтар' ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон , аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары. Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүр
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон , аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары.
Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.О.І-Ә типі: Жаңа білімді беру.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!


Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Ғажайып сәт:Ішке теңіз қарақшысы кіріп келеді.
Теңіз қарақшысы: Мен балаларды алып кетуге келдім. Маған балалар ұнамайды.
Тәрбиеші:Алып кетпеңіз, біздің балалар ақылды, алғыр, тапқыр, тәртіпті балалар.
Теңіз қарақшысы:Жарайды. Балалар менің жұмбағымның жауабын шешсін. Жұмбақтың жауабын шешсе , ашық сабақтарыңның тақырыбы шығады.
Шаңқ-шұнқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып қойған ізі жоқ.
Балалардың жауабы: Балық.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіміздің тақырыбы «Аквариумдағы балықтар».
Балықтар суда өмір сүреді. Балықтың түрі өте көп. Үйде асырайтын балықтар да болады. Көлде ,теңізде өмір сүретін балықтар үлкен болады, ал үйде өмір сүретін балықтар кішкентай болады. Олардың үйін аквариум деп атайды. Аквариумның ішіндегі балықтарды көру үшін шыны әйнектен жасалған.
(Тәрбиеші аквариумға су құяды.) аквариумның ішіне тас саламыз. Ішіндегі су мөлдір әрі таза болуы керек.
Балалар тәрбиешімен бірге балықтарды аквариумға жібереді. Балалар балықтарға жем береді.
Тәрбиеші: Балалар суда қандай балықтар өмір сүреді?
Балалар: Шабақ, сазан, шортан,итбалық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді балалар балықтар жайлы тақпақтарымызды айтайық.
Жанерке: Қармақ салсаң сазанға
Бар өзенге азанда.
Оңайлықпен сазанның
Түскісі жоқ қазанға
Ақбарен: Айқайлама ,ұрыспа
Тіпті ақырын тыныста
Сазан нағыз сақ балық
Жоламайды дыбысқа.
Теңіз қарақшысы: Жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші:балалар барлығымыз шаршаған сияқтымыз, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: балықтар сияқты жүзеді, сүңгиді, суда секіреді.Қимылдарды қайталайды.
Тәрбиеші :Енді біз «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.(Балалар біртіндеп келіп балықаулайды, қай бала көп балық аулағанын санап, мадақтау)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар . Ең көп балықты Бижігіт аулады. Жарыс өте қызықты өтті.
Теңіз қарақшысы:Мен сендердің өнерлеріңе тәнті болдым, мен енді балаларды алып кетпеймін. Сендер тәртіпті, ақылды, тапқыр болып өсіңдер. Қош сау болыңдар.
Тәрбиеші:балалар балықтың суретін салайықшы.
Тәрбиеші: Балалар, ал енді оқу іс-әрекетімізді қорытындылап жіберейік
Суретпен жұмыс. Сұрақ-жауап.
Тәрбиеші:- Балықтар қай жерде өмір сүреді?
- балықтар немен қоректенеді?
- балықтар қай жерде жүзеді?
Балалардың жауабы .
Тәрбиеші: Осымен , балалар, біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал