7


  • Учителю
  • Конспект урока 7 класс Қалау рай

Конспект урока 7 класс Қалау рай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қалау рай 7 сынып

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып , қалау райдың жасалу жолдарын игереді.Жаттығу жұмысын орындайды

Дамытушылық : Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамиды , сауатты жаза біледі, ойларын еркін жеткізеді.

Тәрбиелік : Адамгершілікке тәрбиеленеді , отансүйгіштікке тәрбиеленеді

Мақсаты :Қалау райдың жасалу жолдарын үйреніп , оның ерекше рай екеніне оқушылардың көңілі аударылады.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі , әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар. Суреттер. Тақта , бор, кітап.

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс -тәсілдер : СТО технологиясы

Қызығушылығын ояту : 1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә)кезекші диалогы



2.Нені білеміз?

Шартты рай дегеніміз не?

Шартты рай қалай жасалады?

Мысал келтіріңдер.



3. Мағынаны тану .

Ой қозғау.



Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?

Рай сөзі қандай сөздермен мәндес келеді ?.



Е

Етістіктің рай категориясыКонспект урока 7 класс Қалау райКонспект урока 7 класс Қалау райКонспект урока 7 класс Қалау райКонспект урока 7 класс Қалау райтістіктің рай категориясын топтайық

Ашық рай



Бұйрық

рай

Шартты рай



Қалау рай

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.

Қалау - ниет , тілек дегенді білдіреді

Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды , іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын , ниетін білдіреді , бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.

Мысалы : Менің кітап оқығым келеді.

Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді. .



Қалау райдың жасалу жолдары.

  1. -ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып , кел көмекші етістігімен тіркеседі.



Мысалы : Менің теледидар көр-гі-м келеді

Менің қалаға бар-ғы-м келеді.

  1. Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы : Сен досыңа хат жаз-ғай-сың.

Ол ертерек кел-гей.

  1. Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.

Мысалы : Мен оны көр-гей едім.

Ол барғай еді .



  1. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп , қалау рай жасалады.

Мысалы: Анам қаладан кел-се екен . Мен оны жақсы біл-се-м екен .

Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),

Мысалдар келтіреді.

Кестеге сүйене отырып 175 -жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ).

І қатар: Көргісі келеді ,



ІІ қатар : Орындағым келді.



ІІІ қатар : Жазғайсың



174- жаттығу. ( ауызша)



177- жаттығу Етістіктерді тауып , оларды рай түрлеріне қарай талдаңыздар .

Шығармашылық жұмыс :

Болар адам он бесінде бас болар ,

Болмас адам қырық бесінде жас болар

мақалдың мазмұнына байланысты , мағынасы ашылатындай шағын эссе құраңдар.

Оқыту .Тәуелсіздікке кімдердің арқасында қол жеткенін айта кету

«Ойлан , тап »

Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар . Оларсыз қалау рай жасала ма?

Ойларыңды дәлелдеңдер .







Ой қорыту .

«Түртіп алу жүйесі »

Венн диаграммасы арқылы салыстыру



Конспект урока 7 класс Қалау райШартты рай Қалау рай

Конспект урока 7 класс Қалау рай





























Сабақты бекіту : Оқушыларды бағалау.

Үйге: «Кім болғым келеді?»тақырыбында шағын шығарма жазу .

Қорытынды :

«Біле бер қанша білсең , тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле ».

( Жүсіп Баласағұн).





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал