7


  • Учителю
  • М. Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

М. Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы«Тарланым» өлеңіСабақтың мақсаты:а) М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;ә) мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу, дағд
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы

«Тарланым» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;

ә) мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу, дағдысын дамыту;

б) Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?

2.Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

3.Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

б) Жаңа сабақ:

М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.

«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.

Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т.б

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргіземіз

Тарланым

  1. Авторы - Махамбет Өтемісұлы

  2. Тақырыбы - елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. автордың бұл өлеңіндегі негізгі тақырыбы - қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

  3. Жанр түрі - поэзия (өлең)

  4. Идеясы - батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты, қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.

  5. Шумақ саны - 8 шумақтан тұрады. Шумақ дегеніміз - аяқталған синтаксистік біртұтас ой.

  6. Тармақ - өлеңнің әр жолы. 32 тармақты

  7. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 2-3 бунақты.

  8. Буын саны - сөз құрамындағы дауысты дыбысқа байланысты. 10 буынды.

  9. Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

    1. Троп

Эпитеттер - сары жебе, сары алтын, сұр жебе, сары сусар бөрік, күшіген жүнді оқ, көк шыбығын.

Теңеулер - Керіскедей шандозым,

Құландай ащы дауыстым

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым

Теңіздей терең ақылдым!

Атқанын қардай боратқан

Қанды ауыздай жалатқан

Ала өгіздей мөңіреткен.

Метафоралар: Тарланым, арыстаным,

Кермиығым, кербезім

Тебіренбес ауыр мінездім

Арыстан одан кім өткен?!

  1. Фигура

Сұрай арнау - Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Арыстаным көп болды-ау

Саған да менің арманым

Арыстан еді-ау Исатай

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен?!

Бұл шешендік - риторикалық айшық деп аталады.

  1. Түсіндірме сөздік.

Керіскідей шандозым - ақынды зулап ұшқан садақ оғына теңеп тұр, садағының пірісі - садақтың екі ұшы, сусар бөрік - аң терісінен тігілген бас киім, адырна - садақтың оқ тіреп тұратын тарамысы, фәни - мына өмір.

Кермиық,кербез-паң,сұлу.

Шандоз-асыл,ардақты

Жебе-садақ оғы

Сусар-аң


  1. Өлеңнің тәрбиелік мәні аса жоғары. Ел үшін ерлік істеуге шақырады. Исатайдай ер болуға, елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді. Отаншылдық сезімді оятып, патриотизмге баулиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?

  2. Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңін оқып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал